1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)

 1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)

Тақырыбы: 1 Қырқүйек - Білім күні (Менің балабақшам)

Мақсаты: Білім тұралы мағлұмат беру. Сөздік қорларын молайтып, тілдерін дамыту. Достыққа, бірлікке тәрбиелеу. Егеменді ел Қазақстан жайында толық мағлұмат беріп, ой - өрістерін дамыту. Өз отаның сүюге, қастерлеуге баулу. Өз еліне деген қызығушылықтарын арттыру.
Билингвальдік компоненті: Отан - Родин,
Тәуелсіздік - независимость,
Білім - знание.
Іс - әрекет кезеңі
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Жылулық шеңбері.

Армысың ба? Алтын күн!
Армысың ба? Жер - Ана!
Армысың ба? Достарым,
Сендерді көрсем қуанамын
Тәрбиеші балаларға өлең оқиды:
Алтай - Жайық арасы,
Жарты әлемдей даласы.
Ол - біздің Қазақстан!
Анамыздай тілеу - ақ
Отан біздің біреу - ақ
Ол біздің - Қазақстан!
Қазақстан жайында әңгіме жүргізу, өлеңді талдау.

Кіріспе әңгіме:
Балалар күз айының 1 - ші күні яғни 1 қырқүйек күні - «Білім күні» деп аталады. Сендер алғашқы рет балабақша табалдырығын аттап білім алсаңдар, екінші кезекте мектеп табалдырығын аттап оқу нәрімен білім бұлағымен нәр алып үлкен азамат болып өсесіңдер.
«Оқу - білім азығы» деп айтылғандай оқу бар жер де білім де бар, ол екеуі де бірге жүреді.

Сергіту сәті:
Алғашқы мектеп табалдырығын аттаған кезде, әсем мектепке аяқ басар сәтті алғашқы қоңырау соғылады.
Мінеки сол қоңырау үні сендердің жүректеріңде мәңгі сақталды.
Сюрприздік сәт - қонаққа қоңырау ұстаған Айгул қыз бала келеді.

Сәлеметсіңдер ме балалар!
Сендер мені таныдыңдар ма?
Мен 3 - сынып оқушысымын.
Менің атым Айгүл мен сендер сияқты балабақшада апайлардан білім алып, ары қарай мектепке бардым үлкен азамат болғым келеді. Сендер білесіңдер ме, мен қолымдағы не нәрсе?
Бұл балалар қоңырау.

Қоңырауды соққанда әсем үн шығады. Осы қонырауды сабақтың алдында мектепте соғады. Қоңырауды естіп балалар сабаққа барады. Сендер мен сияқты үлкен азамат болып, өссін деп осы қоңырауды сыйлық ретінде сендерге бермекпін.
Бірақ сендер маған тақпақ айтып беріңдер.

Туған жер, Қазақстан, Отан жайында, мақал мәтел сұраймын және өзім айта кетемін:
Тәрбиеші балаларға өз Отаның сүю керектігін айтады.
Балаларды туған жерге деген сүйіспеншілікке баулу.

Балалар біз бүгін не жайлы әңгіме айттық?
Айгүл сендерге сыйға не беріп кетті?
Бізде рахмет айтамыз, сендер ол берген қоңырауды ұқыпты ұстауға тырысыңдар.
Бүгінгі сабаққа барлығымыз тамаша, ат салыстық! Рахмет!.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?