Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек) » ZHARAR © 2017 | астана күніне ашық сабақ балабақшада, Астана туралы тәрбие сағаты Қазақстан туралы, бәйтерек туралы ашық сабақ, астана туралы тәрбие сағаты балабақшада, астана туралы тарбие сагаты балабакшада




  • »

Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек)

Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек) казакша Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек) на казахском языке

Сабақтың тақырыбы: «Бәйтерек»
Саласы: «Тіл дамыту»
Бөлімі: «Жапсыру»
Мақсаты:
1. Елбасымыз – Н. Ә. Назарбаев туралы түсініктерін кеңейте отырып, Елордамыз – Астана қаласы және Бәйтерек туралы мағлұмат беру.
2. Сөздік қорларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Шығармашылыққа жұмысты ретімен атқара білуге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Тақырыптық мазмұнды суреттер, дайын аппликация үлгілері, желім, ақ қағаздар.
Методикалық әдістер: Түсіндіру, көрсету, сұрақ - жауап. Раунд - Робин.

Оқу іс - әрекетінің барысы
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Тәрбиеші балалардың назарын өзіне аударып, оларды шаттық шеңберіне шақырады.
- Күлімде күн, күлімде,
Жер жасарып көгерсін.
Кешегідей, бүгін де,
Қанат қақсын көгершін.
Жыл мезгіліне, айға, аптаға тоқталу.
Балалар, біздің бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетіміз
1 - Желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналады.
Тақырыбы: Бәйтерек
- Балалар, айтыңдаршы, біздің Республикамыз, яғни еліміз қалай аталады?
- Қазақстан

Сарқылмайтын қуатым
Тірегімсің Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын,
Жүрегімсің Қазақстан!

- Жарайсыңдар, біз қай тілінде сөйлесеміз?
- Қазақ тілінде

Ана тілің арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!

- Мемлекеттік Рәміздерді атай аламыз ба?
- Ту, Елтаңба, Әнұран
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы,
Оны халық қашан да,
Биікке іліп қояды.

Толқыған дәні бар,
Мамырланған малы бар
Қыран қанат әні бар.
Қазақстан келбеті,
Елтаңбадан табылар.

Әнұран – жанұраным,
Айтар әнім – сөйлер сөзім
Туған жерім – сағынарым
Мың қайталап айтам мұны.

- Жарайсыңдар, елордамыз қай қала?
- Астана қаласы

Астана арман қала
Бағы бір жанған қала
Тұрады ол жап - жас болып,
Біз үлкен болғанда да.

- Елбасымыз кім?
- Н. Ә. Назарбаев

Халқымыздың тірегі,
Арман үміт тілегі,
Ел деп қала соғады
Елбасының жүрегі.
- Өте тамаша. Балалар, елбасымыз қай қалада тұрады?
- Астанада

Астана қаласы туралы суреттер экраннан көрсетіліп, түсіндіріледі.

Сергіту сәті.
- Отанымның тірегі,
Астананың жүрегі,
Мақтан етем өзіңді
Бәйтерегі киелі.
- Балалар біз қазір
Бәйтеректің бейнесін түрлі - түсті қағаздан жапсыру
Жұмыстың орындалу реті түсіндіріле отырып, балаларды бәйтеректің бейнесін жапсыруға жұмылдыру. Балалар тәрбиешінің түсіндірмесін тыңдай отырып, бәйтеректің бейнесін жапсырады.

Қорыту, рефлексия
1 Балалардың жасаған жұмыстарын көрмеге қою.
- Балалар бүгінгі ашық ұйымдастырылған оқу іс - әрекетімізді әдемі өлеңмен аяқтайық.

Сөнбе ешқашан күніміз!
Тілейді мұны еліміз!
Тілейді мұны жеріміз!
Тілейміз мұны бәріміз!

3. Қуанышты хабарлама тарату. Бәйтерек бейнесі.
Күтілетін нәтиже
Біледі: Астана қаласы және Бәйтерек туралы түсінік алды.
Түсінеді: Жұмысты ретімен, тиянақты орындау керектігін.
Жасай алады: Түрлі түсті қағаздан Бәйтеректің бейнесін жапсыра алады.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 1 678
Рейтинг:
(голосов: 1)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, Бәйберек, балабақша, ашық сабақ, Астана туралы тәрбие сағаты Қазақстан туралы, рәміздер, балабақшаға арналған, астана күніне ашық сабақ балабақшада, бәйтерек туралы ашық сабақ, астана туралы тәрбие сағаты балабақшада, астана туралы тарбие сагаты балабакшада, 6 шілде астана күні тәрбие сағат, 6 шілде астана күніне арналған сценарий, астана күніне ашық сабақ балабақшада, Астана туралы тәрбие сағаты Қазақстан туралы, бәйтерек туралы ашық сабақ, астана туралы тәрбие сағаты балабақшада, астана туралы тарбие сагаты балабакшада, Қазақша тәрбие сағат: 6 Шілде - Астана күні (Бәйтерек) сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .