Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру

Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру казакша Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру на казахском языке

Рухани жаңғырудың жарқын жолы туралы тәрбие сағат

Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру туралы шығарма

Тақырыбы: «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру»
Мақсаты: Оқушыларды Отанды сүюге, өз елін, тарихын білуге, жалпыадамзаттық құндылықтар мен терең көзқарастарды сіңіру арқылы таным белсенділіктерін арттыруға бағыттау.
Оқушының қабілеті: Жалпыадамзаттық, мәдениетаралық білімдері мен сыни ойлау, зерттеушілік дағдылары дамыған, отансүйгіш тұлға.
Сабақта қамтылатын білім беру құндылықтары:
* Әріптестік;
* Азаматтық жауаптылық;
* Ашықтық.
Мектеп миссиясымен үндестігі: Өзінің даму барысында, өмір бойы оқуға қабілетті, жоғары адамгершілік құндылықтары бар, жоғары білімді, зияткерлік жеке тұлғаны тәрбиелеуге бағытталған мектеп қауымдастығын құру. Қазақстандық патриотизмді әр оқушының бойына өмірлік принциптері ретінде қалыптастыру.
Жаһандық азаматтық тұлғасы: Өз Отанын қатты сүйетін, әлем халықтарын мәдениетін, салт-дәстүрін сыйлай білетін, әлемді дамытуға өз үлесін қоса алатын тұлға.
Көрнекіліктер: 1. Интерактивті тақта, бейне баян, түрлі-түсті парақшалар
Сабақ кезеңдері Куратордың әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі:
Сергіту сәті.
1. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен.
2. «Сантики, Фантики, Лимпопо». Барлығы шеңбер бойымен тұрып, бір баланы таңдайды да бөлменің сыртына шығарады. Шеңбердегі балалардың ішінен бір баланы жүргізуші етіп сайлайды, ол шеңбердегі балаларға қозғалыстарды көрсетіп тұрады. Барлық ойыншылар жүргізушінің артынан көрсеткен қимылдарды қайталау керек. Қимылдарды қайталаған кезде жүргізушіге қарамай, білтіртпей жасау керек. Шеңбердегі балалар шапалақ ұрып, «САНТИКИ, ФАНТИКИ, ЛИМПОПО» деп айтып ойынды бастайды. Бөлме сыртында тұрған бала ойыншылардың дауыстарын естіп, бөлмеге кіреді де шеңбердің ортасына тұрып, кім жүргізуші екенін табу керек. Егер жүргізушіні тапса, жүргізуші есіктің сыртына шығады. Ойын сол ретімен жалғасып отырады.
Топқа бөлу.
От, Су, Күн, Ай суреттері арқылы топқа бөлу. Оқушылар Қорапшадан қағаз алады, сол қағаздағы сурет бойынша топтарға бөлінеді(қағаздарда От, Су, Күн, Ай суреттері бейнеленген).
Негізгі бөлім:
Куратордың сөзі
«Мәңгілік ел» патриоттық актісі. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты. Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі Құжатында – Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті құндылық ұсынылған:
- Қазақстанның тәуелсіздігі мен Астанасы;
- Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият;
- Индустрияландыру мен иновацияларға негізделген экономикалық өнім;
- Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы;
- Тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;
- Еліміздің ұлттық қауіпсіздігі, бүкіләлемдік , өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.
«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылды. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі аталған құндылықтарды жастарға насихаттаумен байланысты.
Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің 2017-2018 оқу жылындағы тәрбие жұмысының басты ерекшелігі Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қоғамды рухани жаңғыртудың басымдықты идеяларын оқушылар арасында кеңінен насихаттау болып табылады. Аталмыш мақала Кіріспе, қорытынды және екі бөлімнен тұрады. Қазір сіздердің назарларыңызға осы мақала туралы бейнероликті ұсынамын.

Оқушыларға бейнеролик көрсетіледі:


«ЕХРО-2017» көрмесі /куратор көрме туралы ақпараттар береді, оқушыларға сұрақтар қояды көрмені тамашалаған оқушыларға сөз береді./

Топтық жұмыс
Постер дайындау және қорғау):
1-топ. Патриот адам кім? Ол өзін қалай көрсетуі керек?
2-топ. Қандай патриот адамды білесіңдер? Олар кімдер? Не үшін?
3-топ: Қазіргі заманның патриоты қандай болуы керек? (мінезі, ерекше қасиеттері, ұстанымы, ұраны).
4-топ: Мен патриотпын себебі???
Қорытынды бөлім:
Рефлексия
Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру


Куратордың қорытынды сөзі: Алда әлі ұзақ жол , үлкен асулар бар . Сол асулар мен қиындықты жеңу үшін білектің күші мен найзаның ұшы керек емес. Оған тек жүрек пен білім , талант пен талап керек. Қазақ елінің
абыройын асырып , мерейін үстем етер , әлем таңғалар , талай-талай жаңалық ашар білімділер керек . Осы Тәуелсіз еліміздің намысын қорғайтын , бүгінімізді ертеңіне жалғайтын , қазақ елінің ертеңі , болашағы үшін жауап беретін бүгінгі ұрпақ екенімізді сезінейік.
“Сен де бір кірпіш дүниеге ,
Кетігін тап та бар қалан!”- деп Ұлы ақын Абай атамыздың сөзімен сабағымды аяқтаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. www.egemen.kz «Егемен Қазақстан» газетінің ресми сайты
2. youtube.com сайтындағы «Хабар» телеарнасының Khabar News ресми каналы



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, Жаканова Слушаш Кайратовна, болашаққа бағдар рухани жаңғыру сынып сағаты, болашаққа бағдар рухани жаңғыру тәрбие сағаты сценарий, болашаққа бағдар рухани жаңғыру ашық сабақ сценарий, болашакка багдар рухани жангыру казакша тарбие сагаты, болашакка багдар рухани жангыру сценарий тарбие сагат, болашакка багдар рухани жангыру ашык тарбие сабак, взгляд будущее модернизация общественного сознания воспитательный урок на казахском, болашаққа бағдар рухани жаңғыру сынып сағаты, болашаққа бағдар рухани жаңғыру тәрбие сағаты сценарий, болашаққа бағдар рухани жаңғыру ашық сабақ сценарий, болашакка багдар рухани жангыру казакша тарбие сагаты, болашакка багдар рухани жангыру сценарий тар, Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру, Қазақша тәрбие сағат: Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат