Қазақша тәрбие сағат: Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм » ZHARAR © 2016 | открытый урок на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, патриотизм туралы ашық сабақ, патриотизм туралы тәрбие сағаты, қазақстандық патриотизм тәрбие сағаты




  • »

Қазақша тәрбие сағат: Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм

Қазақша тәрбие сағат: Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм казакша Қазақша тәрбие сағат: Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм на казахском языке

Қандай бір халық болмасын Отанын, елін, жерін сүймейтіні жоқ. Соның ішінде қазақ халқы да жалпы шығыс, оның ішінде түркі тілді халықтардай Отанын, жерін, суын, табиғатын сүюге жастарды тәрбиелеу көне заманнан өзімен бірге дамып келеді.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтың әдіснамасы Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың тарихи еңбектері.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің “Қазақстанның болашағы-қоғамның идеялық бірлігінде”, “Тарих толқынында” деген еңбектерінде идеялық мәселелерге топтасудың керек екенін айтып, бірігуге шақырып, бұл міндетті жүзеге асыруда білім берудің, отбасы, еңбек ұжымы сияқты дәстүрлі институттардың маңызды роль атқаратынын, олардың ықпалы ерекше тиімді болатынын баса айта отырып, “Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндеттеріміз-Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеу. Олай болса, осы міндетті орындау жолында тәрбие мәселесін қолға алып, ұрпақтарды аздырмай-тоздырмай қазіргі сауда-сатықтың, алдау-арбаудың ықпалына жібермей, етегіне сүйретпей еліміздің болашақ өркениетті дамуын алға бастыртатын адамдарын тәрбиелеуіміз керек”,- дейді Президент.

Президент Н.Ә.Назарбаевтың “Тарих толқынында” деген еңбегінде негізінен халықтардың, оның ішінде түркі мәдениетіне, қазақ топырағында түрлі діндердің болғанын айтқан. Бұл еңбек қазақстандық ұлттық, ұлтаралық татулықтың, қазақстандық патриотизмнің темірқазығы іспеттес.

Қазақстандық патриотизмнің негізі – ежелгі ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз, ертегілер, жырлар, кешегі кеңестік ортақ дәуір, Ұлы Отан соғысындағы түрлі ұлт өкілдері-қазақстандық батырлардың ерліктері туралы тарихи деректер болып табылады.

Тәрбиенің негізі, оның мақсаты, міндеті, мазмұны, түрі, құрылымы, әдісі, тәсілі, заңдылықтары, принциптері, құралдары бар. Сол сияқты қазақстандық патриотизмнің мақсаты, міндеті, түрі, әдіс-тәсілі бар. Егер патриоттық тәлім-тәрбиемізде осы негіздер болмаса, ол жәй сөз болып қалуы мүмкін. Өзін-өзі білмеген адам өзінің кім екенін түсінбейді.

Кез келген мемлекеттің білім беру жүйесі сол мемлекеттің жүргізіп отырған саясатымен анықталады. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының Азаматтарына патриоттық тәрбие берудің 2006-2008 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Еліміздің ұлттық білім беру жүйесінде «Қазақстандық патриотизм» ұғымы қолданылып келеді. «Қазақстандық патриотизм» арқылы Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктер оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шараларда Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. Бұл ұғымның педагогикалық жүгіне келер болсақ, ол болашақ Қазақстан азаматтарын тәрбиелеумен тығыз байланысты.

Қазақстандық патриоттық тәрбие бүгінгі өмірден оқшауланбайды, қайта жаңа өмірмен қауышып ұлттық тәрбиеге жаңа мән береді. Ұлттық тәрбие дегеніміз ол оқшаулану емес, керісінше ұлттық тәрбие үлгілерімен әлемдік идеяларды қабылдап, ненің тозық, ненің озық екенін тани білу, өрісі, дүнитанымы кең азаматтарды тәрбиелеуге мүмкіндік болады деп түсіну қажет және солай да.

Таза біржақты ұлттық тәрбие – ұлтаралық аразға соқтыруы мүмкін. Әсіресе патриоттық тәрбиеде бұл ерекше білінеді. Әрине, ұлттық тәрбиені әркім әртүрлі түсінеді. Кейбіреулер “ұлттық нақыштар сол күйінде болса екен” десе, ал кейбіреулер “ұлттық тәрбие қазіргі өмірмен байланысты болса екен”, дейді. Шындығында ескінің жаңамен қауышып жатқаны өміршең келеді.

Бүгінгі Егеменді Қазақстанның жағдайында патриотизм, ұлтаралық татулық жаңа мағынаға ие болып отыр. Себебі Қазақстанды Отаным деп білетін әрбір Қазақстан азаматы Қазақстанды сүйіп, соның азаматы болу, қазақстанды қорғау, Қазақстанның дамуына, өркендеуіне өз үлесін қосу міндетті. Мұны, әсіресе, қазақ ұлт өкілдерінен басқа ұлт өкілдері жақсы ұғынуы тиіс. “Қос азаматтық”, “Қос тілдік” деген ұғымнан арылу. Біз мұнда түгелдей орыс тілінен бас тартып отырғанымыз жоқ. Орыс тілі арқылы батыс мәдениетін игеруіміз тиіс. Осы мәселеге байланысты қазақ азаматтарына келетін болсақ, олар қазақстандық патриотизм, ұлтаралық татулықтың көш бастаушысы болуы тиіс.

Қазақстандық патриотизм мен ұлтаралық татулықтыққа тәрбиелеудің жолдары мен құралдары – ол түрлі іс-шаралар, тәрбие сағаттары, гуманитарлық пәндердің мазмұны.

«Қазақ баласын ұлтжандылық, отаншылдық сезімде тәрбиелеу, білім берудің мектепке дейінгі жүйесінен, жоғары оқу орнына дейінгі барлық ұйымдардың міндеті. ХХІ ғасырда өз ұлтын сүйген, бірлікте болған халық қана тұтастығын сақтап қалады» – деп атап кетті Н.Ә.Назарбаев

«Қазақстандық патриотизм» ұғымы адам бойына өздігінен қалыптаса қоймайды. Ол ұғымды қалыптастыратын алғы шарттарға мыналар жатады:

- Ең алдымен тарихымызды – Қазақстан халықтарының тарихын білу;
- Туған халқымыздың тілін ардақтап, оның кәусар бұлағынан сусындау;
- Атадан балаға, баладан немереге, немереден ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарды жалғастыру.
- Өткен тарихымыздың жақсылықтары мен тәрбиелік мәні бар жақсы қасиеттерін сақтап, одан әрі жан-жақты дамыту, оның өркендеуі үлес қосу;
- Абай атамыз айтқандай, ұлттық қадір-қасиетімізді арттыру, ұлт атына кір келтіретін жат пиғылдан аулақ болу.

Қай заманда болса да адамзат өз алдына – есті, еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеуді қояды. Соның ішінде қазақ халқы өз ұрпағын, үлкенді құрметтейтін адал, инабатты, әділ, ержүрек, намысшыл, ізгі ниетті болып өсуін қалайды. Бұл қасиеттер дұрыс тәрбие арқылы қалыптасады.

Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин тәрбиенің басты құралы етіп – дінді алған да, оның тиімді жақтарын өмірмен ұштастыра білгеннің артықшылығы жоқ деген.

Ата-баба салтының Жер-Анаға деген ыстық сезімі бірінші кезеңде тұрады. Сондықтан да бұл әр адамның ойындағы қасиеті, дарыны ата-баба жерімен тығыз байланысты.

Міне, осылардың барлығы жалпыадамдық педагогиканың бір бөлігі ретінде ұлттық тәрбие жүйесінің ізгілікті де игі бастауларын құрайды. Республикадығы ұлттар мен ұлыстардың ешқайсысын алалмай, бәрінің де толыққанды дамуына нақты жағдайлар туғызып, көп этносты елдегі саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету қазақстандық патриотизмнің туындауына негіз бола алады.

Ұлтына қарамастан Қазақстанда тұратын әрбір азамат Қазақстанды туған Отаным деп түсінуі қажет. Сонда ғана адамның жүрегінде қазақстандық патриотизм сезімінің, өз Отанына деген перзенттік мақтаныш сезімнің өркен ғажайып тамырлануына негіз қаланады. Яғни, этносаралық интеграцияның базасы емес, адамдардың өзін-өзі азаматтық билеуі, Қазақстан халқының бір бөлшегі ретінде сезімі дамып қалыптасады.

Халықтың патриоттық сезімін қалыптастыру үшін мына алғышарттар пісіп жетілуі тиіс.

1.Елбасы Қазақстанды мекендеген халықтардың тіліне, дініне, қанына, аз-көптігіне қарамастан, тең құқықтығын, іс-жүзіндегі теңдігін жария етіп, ешкімге де артықшылық жасамайтынын атап көрсетеді.

Қазақстан халықтарының ұлтына, жынысына, тегіне, дініне қарамастан, заң алдындағы теңдігі, бірдей құқықтағы қоғамдағы саяси тұрақтылық ғана емес, қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың бірден-бір негізі. Бұл Қазақстанды барша жұртшылықтың сүюіне жетелейтін бірінші саяси фактор, конституциялық негіз.

2.Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың екінші арнасы – экономикалық негіз. Жұмыссыздық пен күйсіздік. Сондықтан да Елбасы ұзақ мерзімді мақсаттардың бірі ретінде – экономиканың өсіп-өркендеуіне басты назар аударып отыр.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасының негізгі міндеттерінің бірі қазақстандық патриотизмге, төзушілікке, биік мәдениетке, адам құқықтары мен бостандықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. Бұл жастарға этнопедагогикалық негізде білім беріп, патриоттыққа тәрбиелеу ісіне нұсқау әрі оның қажеттілігін айқындайтын бағдарлама деуге болады

Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Өйткені, қазіргі таңдағы көп жұмыс істеліп, жан жақты қарастырылып отырған проблема – орыс аудиториясында қазақ тілін оқыту проблемасы. Сонымен қатар, бұл мәселе тілдік коммуникацияның тікелей зерттеу объектісі бола келіп, қазіргі кезеңде өзекті мәселе болып отырған қазақша сөйлеуге үйретудің тиімді жолдарын табуға көмектеседі.

Орыс аудиториясында қазақ тілі сабағын жүргізу мәселесімен айналысып жүрген ұстаздар, тілшілер, ғалымдар көптеп саналады. Олардың әрқайсысы әр түрлі мәселелерді қарастыра келіп, қазақ тілін оқыту саласының дамып, жетілуіне үлес қосуда. Бұл еңбектердің авторлары Ш.Х.Сарыбаев, И.В.Маманов, Ғ.Бегалиев, С.Жиенбаев, Т.Аяпова, Ш.Бектуров, К.Сариева, А.Жүнісбеков, Ф.Р.Ахметжанова, М.Жанпейісова, Ф.Оразбаева, Қ.Бітібаева т.б.

Бүгін біздің алдымызда тұрған мақсат – өзге тілді аудиторияны қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің Отанының қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғынып, ол үшін басын бәйгеге тігер тәуекелге баруы болып саналады. Сол сияқты, барлық отандастардың отанымен рухани және материалдық тығыз байланыста болуы, өзі өсіп – өнген аймаққа деген сүйіспеншілігі патриотизмнің қайнар көзі.

Білім беру жүйесінің даму бағдарлама жобасында бұл мәселе жөнінде былай делінген:

- Жоғары Қазақстандық ұлтжандылық, жоғары мәдениет, ымырашылдық және адамдардың құқығы мен бостандығын сыйлауға тәрбиелеу;
- Облыс жұртшылығының тіл мәдениетін дамытып, үштілділік принципін іске асыру, мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеру.

Міне, бүгінгі біздің күн тәртібімізде тұрған өзекті мәселелердің бірі осылар.

Бұл мәселелерді іс жүзіне асыру үшін не істеу керек?

Алдында аталып өткен авторлардың еңбегінің зор екендігін айта келе, өзімнің жұмысымда Ә. Жүнісбектің үндестік заңы технологиясы және Е.И. Пассовтың және бұл әдісті қазақ тілін үйретуге бейімдеген Ф. Оразбаеваның қатысым әдіс технологиясын басшылыққа алып келемін.

Сонымен қатар, қазақ тілі сабақтарында қатысымдық әдісін қолданып, аймақтық компонентін кеңінен пайдаланамын. Неліктен қатысымдық әдіске тоқталдым? Мәселені дұрыс ашу үшін ең бірінші қатысымдық әдістің негізін құрайтын принциптерін көрсетейік. Ф.Оразбаева басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту барысында қолданылатын қатысымдық әдісті өзіндік принциптер арқылы ажыратады. Олар:

1. Тіке байланыс
2. Адамның жеке қабілетін ескеру
3. Сөйлесуге үйретуде жүргізілетін жұмыстардың түрлерін айқындау
4. Сатылап даму
5. Динамикалық өзгеру
6. Өзектілік

Қатысымдық әдістің пайдаланудың тиімді жолы – оның тіке байланысқа негізделіп, адаммен – адамның тікелей қарым-қатынасы арқылы тілді үйретуді жүзеге асыруында. Тілді оқытуда үйренуші мен үйретушінің арасында бір-бірімен көзбе-көз кездесу, ауызба-ауыз тілдесу, яғни, тікелей қатынас болмаса, сөйлесім әрекеті де іске аспайды. Тілді үйретуге байланысты қандай бағыт-бағдарды таңдап алу керек, оған қатысты орындалатын жұмыстармен тапсырмалар қандай, оны іске асыруда бұл жұмыс түрлерінің алатын орны мен қызметі қандай дегенді анықтап белгілемей, алға қойған мақсатқа жету мүмкін емес. (ІІІ принцип)

Отан – от басынан басталады десек, туған облысымыздың, қаламыздың көрнекі жері, тарихы, атаулы оқиғаларын, айтулы адамдардың өмір жолдарын білгізудің мәні зор. 3, 4, 7 сыныптарды аймақтық компоненттерді «Қазақстан», «Менің қалам», «Менің көшем», «Менің отбасым», «Дүкенде», «Стадионда», «Дәрігерде», «Жыл мезгілдері» тағы сол сияқты тақырыптарды оқығанда әбден қолдануға болады. Аймақтық компоненттерді сабақта қолдануда қандай шаралар арқылы жүзеге асыруға болатынын сызба бойынша көрсетуге болады.

Тақырыпты қандай жұмыс түрлері арқылы ашуға болады?

- Диалог
- Викторина
- Кеспелермен жұмыс
- Сурет бойынша жұмыс
- Инсценировка
- Тест
- Экскурсия
- Оқушылардың шығармашылық жұмыстары (шығарма, тақпақтар, альбомдар)
- Пән бойынша шығармашылық жұмыстар
- Интеграцияланған сабақтар

Сабақта тілдік қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асады:

1. Жұптық
2. Топтық
3. Ұжымдық

Жұмыс барысында нәтижеге тек қатысымдық әдіспен қатар, басқа да иновациялық технологиялардың элементтерін қолданып, солардың жақсы нәтижесін оқушыларымның жетістіктерінен көріп келемін. Біріншіден, оқушыларым дыбыстық ерекшеліктерді жақсы меңгерген, яғни айтылым дағдылары жақсы. Екіншіден, ауызекі сөйлеу дағдылары жақсы. Күнделікті жұптап, топтап жұмыс істеудің нәтижесінде оқушылар берілген тақырыпқа, соның ішінде бүгінгі өзекті деген аймақтық компоненттер тақырыбына сұрақ қоя білу, жауап беру дағдылары даму үстінде.

Ақ иық ақын Мағжан Жұмабаевтың «берік денелі, түзу ойлайтын, дәл пішетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы үн, әдемі түрден ләззат алып, жаны толқындатырлық болса, баланың тәрбие алып, шын адам болатындығы» деген қағидасы өміршең болып отыр. Дәл осындай игі қасиеттерді бойына сіңірген жалпы адами құндылықтарды меңгерген, қоғамның жоғары мұратты мақсаттарына сай клетін жеке тұлғаны қалыптастыру – баршамыздың алдында тұрған міндетіміз.

Адам махаббаты қандай мәңгі болса, оның патриотизмі де сондай мәңгілік. Адамзат махаббатсыз, мұратсыз өмір сүре алмайды, оны теріске шығару еш нәтиже де, жеміс те бермейді Олай болса, қазақстандық патриотизмсіз біз де өркениетті ел бола алмаймыз. Сол үшін азаматтардың биік отаншылдық сезімі бүгінге ғана емес, ертеңге керек, болашаққа да керек.

Сонымен қорыта айтарымыз, қазақстандық патриотизм-бүкіл қазақстандықтарға тән. Себебі ортақ Отан, ортақ тарих, ортақ салт-дәстүр, ортақ қазақтың тілі. Басқа ұлт өкілдері қазақтың тілін білуі тиіс.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы | | 16 424
Рейтинг:
(голосов: 9)

KZ портал » Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы, классный час на казахском языке, Қазақша Тәрбие сағат: Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм, Қазақша Тәрбие сағат, Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм казакша тарбие сагат, классный час на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, открытый урок на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, патриотизм туралы ашық сабақ, патриотизм туралы тәрбие сағаты, қазақстандық патриотизм тәрбие сағаты, классный час на казахском языке, Қазақша Тәрбие сағат: Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм, Қазақ тілі Қазақстандық патриотизм казакша тарбие сагат, открытый урок на тему патриотизм в казахстан на казахском языке, патриотизм туралы ашық сабақ, патриотизм, Қазақша тәрбие сағат: Қазақ тілі | Қазақстандық патриотизм сабақ жоспары сабак жоспары ашық сабақтар сайты тарих информатика бастауыш сынып биология математика открытые уроки на казахском языке ашык сабак балабакша ашық сабақтар сайты сабақ жоспары сабак жоспары сынып сағат сынып сағаттары тіл туралы сынып сагат такырыптары сабақ жоспары сабак жоспары тарбие сагаты такырыптары тәрбие жұмысының жоспары бастауыш сынып воспитательные часы на казахском тәрбие сағат

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .