Қауіпсіздік сабағы - СУДАҒЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ


Сынып сағаты

№7

Күні

13.10.2025

Сынып жетекші

Сынып: 7 кл

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Тәрбие сағатының тақырыбы

Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам

Тәрбие сағатының мақсаты:

Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жауапты және әдепті интернет қолданушы болуға тәрбиелеу.

Қауіпсіздік сабағының тақырыбы

СУДАҒЫ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІК ҚАҒИДАЛАРЫ

Қауіпсіздік сабағының мақсаты

Балаларды судағы қауіпсіз мінез-құлыққа және жазатайым оқиғалардың алдын алуға үйрету.

Құндылықтарды дарыту

Тәуелсіздік және Отаншылдық

Апта дәйексөзі

Сабақтың барысы:

Кезең, уақыт

Сынып жетекшінің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Басы (10 мин)

1.Психологиялық дайындық: «Қауіпсіз әлем» жаттығуы – оқушылар шеңберде тұрып, өздерін интернет әлемінде қауіпсіз сезіну үшін не қажет екенін айтады.

2. Кіріспе бейнеролик: «Интернеттегі қауіпсіздік» тақырыбындағы қысқа бейне көрсету.

3. Тақырыптық түсіндіру:– Цифрлық із деген не?– Интернеттегі жеке мәліметті неге жариялауға болмайды?– Кибербуллинг деген не?

Оқушылар өз ойларын ортаға салады, бейнеден алған әсерімен бөліседі.

Интерактивті тақта, бейнеролик

Ортасы (20 мин)

  • «Шынайы ма, жалған ба?» – оқытушы интернеттегі қауіпті және шынайы жаңалықтар оқиды, оқушылар «фейк пе, факт пе?» деп шешім қабылдайды.
  • «Кім жылдам?» викторинасы – интернет қауіпсіздігі туралы сұрақтар.
  • «Цифрлық із» квесті – QR код арқылы тапсырма орындау (мысалы, пароль жасау, қауіпсіз суретті таңдау).
  • «Мен – киберқауіпсіз азаматпын!» ант қабылдау рәсімі.

Оқушылар мысалдарды талдап, пікір білдіреді, жауап нұсқасын таңдайды, өз кеңестерін ұсынады.

Презентация, карточкалар

Қауіпсіздік сабағы (10 мин)

Кіріспе Судағы қауіпсіздік – жазатайым оқиғалардың алдын алудың негізгі кілті. Судағы мінез-құлық қағидаларын және қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдарын білу жарақаттанудан және басқа мәселелерден аулақ болуға көмектеседі. Негізгі бөлім Судағы қауіптердің мысалдары бар презентацияны көрсету. Төтенше жағдай кезінде іс-қимыл алгоритмін әзірлеу. СУДА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ!!! 1) тыйым салу белгілері мен жазулары бар қалқандар (аншлагтар) қойылған жерлерде шомылуға; 2) жүзу шекарасынан асып кетіп жүзуге; 3) кез келген жүзу құралдарына жақындауға, бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге; 4) су айдындары мен жағалауларды ластауға; 5) тақталарда, бөренелерде, автомобиль камераларында және шомылуға қауіп төндіретін басқа да заттарда жүзуге болмайды. Қорытынды Сабақты қорытындылау.

Топтар өз аргументін айтады, постер безендіреді, сынып алдында қорғайды.

А3 қағаз, фломастер, стикер

Соңы (5 мин)

Қорытынды: «Саған интернет не үйретті?» сұрағына жауап парағына қысқаша эссе жазады.Рефлексия: «Бүгін не білдім?» әдісі арқылы пікір бөлісу.

Оқушылар өз ойын жазып, айтады.

Парақ, қалам



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу