Қауіпсіздік сабағы - «ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАЗА»
Сынып сағаты | №7 | |
Күні | 13.10.2025 | |
Сынып жетекші | ||
Сынып: 10 кл | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар саны: |
Тәрбие сағатының тақырыбы | Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам | |
Тәрбие сағатының мақсаты: | Оқушылардың цифрлық сауаттылығын арттыру, интернеттегі қауіп-қатерлер мен қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, жауапты және әдепті интернет қолданушы болуға тәрбиелеу. | |
Қауіпсіздік сабағының тақырыбы | «ЖАЛҒАН АҚПАРАТ ТАРАТУ: ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАЗА» | |
Қауіпсіздік сабағының мақсаты | оқушыларға жалған ақпаратты, оның ішінде Интернетте таратқаны үшін жауапкершілік туралы ақпарат беру. | |
Құндылықтарды дарыту | Тәуелсіздік және Отаншылдық | |
Апта дәйексөзі | ||
Сабақтың барысы:
Кезең, уақыт | Сынып жетекшінің әрекеті | Оқушының әрекеті | Ресурстар |
Басы (10 мин) | 1. Психологиялық ахуал қалыптастыру: «Цифрлық әлемге сапар» жаттығуы. – Мұғалім оқушыларға түрлі смайликтер көрсетіп, «Қазір өзіңізді қай смайликке ұқсатып тұрсыз?» деп сұрайды. 2. Миға шабуыл: «Интернет – дос па, әлде дұшпан ба?» сұрағына ой тастау. 3. Топқа бөлу ойыны: «QR-таңба арқылы топтас» (әр QR ішінде “қауіпсіздік”, “ақпарат”, “тәртіп”, “мәдениет” сөздері бар). 4. Ойын 1 – “Сенім тізбегі” (әр оқушы интернетті қауіпсіз қолдануға арналған 1 кеңес айтады). | – Өз пікірін айтады, QR арқылы топтарға бөлінеді. – Смарт кеңестер айтады. – Белсенді қатысады. | Смартфон, QR кодтар, плакат, смайликтер |
Ортасы (20 мин) | 1. Тақырыптық бейнеролик: “Цифрлық із – сенің айнаң” бейнесі көрсетіледі. 2. Тапсырма 1: «Интернеттегі қауіп-қатер» (әр топ нақты мысал келтіреді). 3. Тапсырма 2: «Сенімді дерек көзін тап» (фейк пен шынайы ақпаратты ажыратады). 4. Тапсырма 3: “Цифрлық мәдениет пирамидасы” құрастыру. 5. Ойын 1 – “Жалған ба, рас па?” (мұғалім мәлімдемелер оқиды, оқушылар шынайы/жалған деп жауап береді). 6. Ойын 2 – “Интернет детективі” (әр топқа интернеттегі жасырын қауіпті жағдай беріліп, оны шешу жолын табады). | – Топтық жұмыс жасайды. – Бейнеролик мазмұнын талдайды. – Қауіпсіздік қағидаларын құрастырады. | Бейнеролик, карточкалар, А3 парақтар, маркерлер |
Қауіпсіздік сабағы (10 мин) | Кіріспе Мұғалім: «Қайсыларыңыз интернетте жалған болып шыққан күмәнді ақпаратты кездестірдіңіз?». Цифрлық дәуірде жалған ақпарат немесе «фейк» таралуы қоғамға зиян келтіретін, жанжал туғызатын мәселеге айналғанын түсіндіріп айту. Негізгі бөлім Тарату – мәліметтерді бір немесе бірнеше адамға ауызша, жазбаша немесе өзге де нысанда кез келген тәсілмен хабарлау, жария ету. Атап айтқанда, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді, оның ішінде интернет желісін пайдалана отырып, материалдарды беріп, ақпаратты орналастыру. Жалған ақпарат (false information) – дұрыс емес әрі қате бейнеленген, нақтылық жоқ ақпаратты тарату. Жалған ақпарат тарату үшін түрлі байланыс құралдары, баспасөз, радиохабарлар, теледидар және т.б. қолданылады. Қазақстанда жалған ақпарат таратқандарға 20 АЕК сомасындағы айыппұл төлеуден бастап, 7 жылға бас бостандығынан айыруға дейінгі жаза көзделген. Қылмыстық кодекстің бірнеше баптарына сәйкес жалған ақпарат таратушылар жазаланады: 174-бап. Әлеуметтiк, ұлттық, рулық, нәсiлдiк, тектік-топтық немесе дiни алауыздықты қоздыру Қоғамдық немесе бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік, ұлттық, тайпалық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тұтату кезінде: екі жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ 242 бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза қолданылады. 273-бап. Терроризм актісі туралы жалған хабар беру. Дайындалып жатқан терроризм актісі туралы жалған хабар бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. 274-бап. Жалған ақпарат тарату. Қоғамдық тәртіпті бұзу немесе азаматтардың, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін төндіретін көрінеу жалған ақпарат тарату –бір мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не төрт жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Топтық жұмыс. Оқушылар жағдайларды сипаттайтын карталарды алады және оларға заңнама тұрғысынан түсініктеме береді. Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде ақпарат лезде және дәстүрлі БАҚ тарапынан бақылаусыз таратылады. Пайдаланушылар жаңалықтармен және жазбалармен олардың дұрыстығын тексермей жиі бөліседі. Бұл фейктердің таралуы үшін қолайлы жағдай жасайды, әсіресе олар күшті эмоционалды реакцияларды тудырса. Қорытынды Фейктердің таралуы тек жауапсыздық емес, сонымен қатар жеке тұлға үшін де, қоғам үшін де ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін атап өтіп, сабақты қорытындылаңыз. Оқушыларды интернеттің жауапты пайдаланушысы болуға және жалған д | – Пікір білдіреді, өз ойын айтады. – Қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын үйренеді. | Дәптер, плакат, маркерлер, карточкалар |
Соңы (5 мин) | 1. Тапсырма 1: “Менің цифрлық уәдем” – әр оқушы интернетті қауіпсіз қолдануға 1 уәде жазады. 2. Тапсырма 2: “Бір сөйлеммен қорыт” – бүгінгі сабақтан түйген бір ойды қағазға жазу. 3. Ойын – “Бас бармақ” кері байланысы (👍 – барлығы түсінікті; 👌 – қызықты болды; 🤔 – тағы білгім келеді). 4. Қорытынды: Мұғалім “Отанын сүйген адам – өз ісіне жауапты, желідегі мәдениетті азамат” деп аяқтайды. | – Уәделерін оқиды. – Сабақтан түйгендерін бөліседі. | Стикерлер, маркерлер, тақта |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру