Жеке қауіпсіздік сабағы 3 сынып
№ 1 САБАҚ. «ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТ НӨМІРЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: оқушыларға шұғыл қызмет нөмірлерін қолдануды үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
Постерді қарап шығыңдар. Сабақтың тақырыбын анықтаңдар.
Сабақтың мақсаты: адам өмірін құтқару үшін төтенше қызмет нөмірлерін есте сақтау.
«Есте сақта!»
Өрт күзеті | 101 |
Полиция | 102 |
Жедел жәрдем | 103 |
Төтенше газ қызметі | 104, 112 |
Бірыңғай құтқару қызметі | 112 |
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
| 111 |
3.Білімді жаңғырту. Өткенді қайталау
- Төтенше қызмет нөмірлері туралы не білесіңдер? «Төтенше» деген сөздің мағынасын түсіндіріңдер.
-Адамдар бұл нөмірлерді қандай жағдайларда қолданады?
4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері.
Топпен жұмыс. Педагог жұппен жұмыс істеуді ұсынады.
1-оқушы – диспетчер, 2-оқушы – қиын жағдайға тап болған адам.
1-топ: өрт; 2-топ: бұзақылардың шабуылы; 3-топ: көшеде ес-түссіз жатқан адам; 4-топ: пәтердегі газ иісі; 5-топ: терең шұңқырға құлаған бала. 2 мин уақыт беріледі. Әр топ берілген тақырып бойынша дайындалып, іс- әрекеттерін, төтенше қызмет нөмірін қалай қолданғанын сынып алдында көрсетуі керек.
Әр топ жұмысы жеке тыңдалады.
5. Қорытынды. Рефлексия (2минут)
-Төтенше қызметті көмекке шақыру сендерге қиын болды ма, әлде жеңіл ме? -Қиындыққа ұшыраған адамға көмектесу үшін ең бастысы нені білу керек? (Сасқалақтамау, не болғанын анық, дұрыс түсіндіру, төтенше қызметке мекенжайды дұрыс айту)
Үй тапсырмасы: жедел жәрдем нөмірлері бар жадынама дайындаңыз, әдемі безендіріңіз және досыңызға беріңіз. Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5
№ 2 САБАҚ. «ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ КЕЗІНДЕ ШҰҒЫЛ ҚЫЗМЕТТЕРГЕ ҚОҢЫРАУ СОҒУ СКРИПТЕРІ»
Сабақтың мақсаты: қоңырау скриптерін, шұғыл қызмет диспетчеріне телефон соғу жағдайын ұйымдастыруды үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин)
2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. Бейнежазбаны қарау.
- Бейнежазбадан не түсіндіңдер?
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайық.
Біз бүгін шұғыл қызмет өкілдерімен дұрыс сөйлесуді үйренеміз.
3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Өткен сынып сағатында біз төтенше қызметке телефон соғуды үйрендік.
Адам науқастанып қалса, қандай нөмірге телефон шаламыз? Бұзақыларға тап болса ше? Өртті байқаса ше? Үйде газ иісін сезгенде ше?
-Егер қобалжығаннан қажетті нөмірді ұмытып қалса, бұл жағдайда не істеу керек? Кез келген құтқару қызметін шақыру нөмірі қандай?
4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут).
- Егер сен құтқару қызметтерінің нөмірлерін білсең, өзіңе де айналаңдағы басқа адамдарға да көмектесе аласың (Скрипт – бұл телефонмен сөйлесудің нақты скриптері, әрекет жоспары). Қызмет нөміріне хабарласып, диспетчер сұрақтарына дұрыс және нақты жауап беру керек.
Жұптық жұмыс. Үлестірме карточкамен жұмыс. Тапсырма:
Іс-қимыл жоспарын қарап шығыңдар. Артығын сызып, іс-әрекет реттілігін сол жағындағы торкөздерге белгіле. Карточка үлгісі:
| Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру. |
| Қорқып тұрғаныңды айтып шағымдану. |
| Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру. |
| Өзің және отбасың туралы әңгімелеу. |
| Нақты мекенжайды атау. |
| Не болғанын анық және нақты айту. |
| Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді атау. |
Үлгі бойынша тексеру:
5 | Диспетчердің барлық сұрақтарына жауап беру. |
1 | Тиісті төтенше қызмет нөмірін теру. |
3 | Нақты мекенжайды айту. |
4 | Не болғанын анық және нақты айту. |
2 | Өзіңнің атыңды, тегіңді және телефон нөміріңді айту. |
- 112 нөміріне телефон соққан адамға қандай кеңес бересің?
- Білімді бекіту
Есте сақта!!!
Өрт күзеті | 101 |
Полиция | 102 |
Жедел жәрдем | 103 |
Төтенше газ қызметі | 104, 112 |
Бірыңғай құтқару қызметі | 112 |
«111 жедел қызметі» байланыс орталығы балалар мен ересектер өздеріне көмек қажет екендігі туралы, тұрмыстық зорлық-зомбылық, балалардың құқықтарының бұзылуы туралы, баланың көшеде, үйде, көлікте жалғыз қалғаны туралы, өміріне және денсаулығына қауіп төнгенде хабарласу үшін ашылған.
| 111
|
- Қорытынды. Рефлексия (2минут).
- Бүгінгі сабақтан не білдің?
- Төтенше жағдай кезінде адам өмірін құтқару неге байланысты?
Өзіңді 112 қызметінің диспетчері деп ойла. Қорқып, көмек сұраған балаға қандай сұрақтар қояр едің? Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=fyfkEuHSiIc&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=5
№ 3 САБАҚ. «НЕ ЖӨНІНДЕ ҮНДЕМЕЙ ҚАЛУҒА ЖӘНЕ АТА- АНАЛАРДАН ЖАСЫРУҒА БОЛМАЙДЫ?»
Сабақтың мақсаты: балаларды буллингіге және психологиялық немесе физикалық зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға үйрету. Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
- Мақсат қою. Тақырыпты анықтау
Бейнежазбаны қарау. Сабақ тақырыбын анықтау.
- Бейнежазбадан не білдіңдер? Не айтар едіңдер?
Сабақтың мақсаты: буллинг пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұруға үйрету.
3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Г.Х.Андерсеннің «Ұсқынсыз үйрек» ертегісін еске түсірейік.
-Ертегінің қай бөлігінде буллинг пен зорлық-зомбылықты байқауға болады?
- Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут). -Үйрекке неге әлімжеттік жасады?
-Үйректің қателігі неде? Оны ренжітпес үшін не істеуі керек еді?
-Балалардың бір қиындыққа тап болғанын, біреудің оларды ренжіткенін атааналарынан жасырған жағдай кездесті ме?
-Осы әңгімемізден қандай қорытынды шығаруға болады?
- Бекіту.
-Әлімжеттікке ұшыраған балаға қандай кеңес айтар едің?
- Қорытынды. Рефлексия ( 2минут) Сөйлемдерді толықтыр:
-Бүгінгі сабақтан мен ............... білдім.
-Егер мен бір қиын жағдайға ұшырасам, онда мен міндетті түрде……………… -Егер мен басқалардың біреуді ренжіткенін көрсем, онда…… «Әлімжеттікке жол жоқ!» тақырыбында сурет сал.
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/AdGoe5qeIco
№ 4 САБАҚ. «ҚАЛАЙ ӨЗ-ӨЗІҢДІ ҚАУІПСІЗ ҚОРҒАУҒА БОЛАДЫ?»
Сабақтың мақсаты: оқушыларды әртүрлі өмірлік жағдайларда қауіпсіздік ережелерін сақтауға үйрету.
Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
- Мақсат қою. Тақырыпты анықтау. - Сен басқаларға жиі жақтасасың ба?
-«Өзің үшін тұру» дегенді қалай түсінесіңдер?
Сабақтың мақсаты: өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға үйрену.
3.Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Сені біреу ренжітсе, не істейсің? Оған қалай жауап бересің?
-Сені ренжіткен адамға дәл солай жауап берсең, мәселе шешіледі деп ойлайсың ба?
-Мәселені қалай шешуге болады деп ойлайсың?
4. Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут)
-Бүгін бізге «Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбында жоба қорғау керек.
- Қалай қорғануға болады? Сені ренжітпеу үшін не істеу керек?
- Не дұрыс: үндемей шыдау ма әлде мәселені шешу ме?
- Балалардың құқығы жөніндегі Конвенция бізге қалай көмектеседі?
- Әлімжеттікті қалай болдырмауға болады?
Тапсырма. Тақтада «Қалай өз-өзіңді қауіпсіз қорғауға болады?» тақырыбымен ватман қағаз.
-Қарапайым және түсінікті 3 скрипт жазу керек. Скрипт деген не, еске түсіріңдер.
«Есте сақта!».
- Батыл бол, ренжіткен адамның көзіне тік қара.
- Өзіңді сабырлы ұста, олардың іс-әрекеті саған ұнамайтынын және оған шыдамайтыныңды, жағдайды өзгертуге дайын екеніңді ескерт.
- Жалғыз күреспе! Міндетті түрде өзің сенетін үлкендерге айт.
5. Қорытынды. Рефлексия ( 2минут)
-Бүгінгі сабақтан қандай жаңа нәрсе білдің?
-Қандай қорытынды жасауға болады?
Кейде басқалармен тіл табысу қиын болады, егер тырыссақ, біздің қолымыздан бәрі келеді!
Сені ренжіткен адаммен сенің ойыңды түсініп, ренжітуді доғаратындай 3-4 сөйлемнен тұратын диалог құрастыр. Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/Br6NbzxTi6g?si=h3-PR84Bhvu7_HeY
№ 5 САБАҚ. «БЕЙТАНЫС АДАМДАРДЫҢ ҚУЛЫҒЫ»
Сабақтың мақсаты: балаларды түрлі жағдайларда бейтаныс адамдармен өзін дұрыс ұстауға үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
-Суреттерді қарап шығып, сабақ тақырыбы мен мақсатын анықтайық.
Сабақтың мақсаты: бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасамау дағдыларын қалыптастыру.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Сен көшеде бейтаныс адамдармен сөйлескен жағдайлар болды ма? Бұл жағдай қалай болды?
- Неге ата-аналар мен педагогтер балаларға көшедегі бейтаныс адамдармен сөйлесуге, қарым-қатынас жасауға тыйым салады?
Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут).
Топтық жұмыс. Әр топ түрлі жағдаяттар жазылған карточкаларды алып, сахналап көрсетеді. Дайындыққа 2 минут беріледі.
- топ. Бейтаныс адам өзін баланың анасының танысымын деп, баланы өзімен бірге баруға көндіргісі келеді. Мысалы, «Менімен бірге дүкенге барасың ба, мен саған кәмпит сатып әперемін», «Менің үйімде тотықұс бар, сенімен достасқысы келеді».
- топ. Сымбатты жас жігіт баланы өзінің жаңа машинасына отыруға шақырады: «Отыр! Үйдің жанында машинамен жүреміз. Рульге отырғың келе ме?
Біз шамалы серуендейміз. Тіпті анаң да білмей қалады». Жауап беру үлгісі:
«Рақмет, мен асығыспын!», «Кешіріңіз, мені анам күтіп отыр», «Бізде де дәл осындай машина бар», «Мен сізбен сөйлескім келмейді!».
- топ. Бейтаныс адам пәтердің қоңырауын соғады. Жеделхат әкелгенін айтады. Балалар үйде жалғыз болады. Балалардың жауаптары: «Қазір мен анамды шақырамын (көршісіне телефон соғады), «Анам ваннада, кішкене күте тұрыңыз».
- топ: Бала гипермаркетте адасып қалады. Ол не істеуі керек?
Жүгіріп анасын іздейді.
Адасқан жерінде тұрады.
Полиция қызметкеріне көмекке жүгінеді.
«Сенің анаңды жаңа ғана көрдім, жылап, сені іздеп жүр» деген бейтаныс адамға еріп кетеді. Қасында өтіп бара жатқан адамнан жақын жердегі полиция бөлімшесіне апаруды өтінеді.
Сатушыдан көмек сұрайды.
Қасынан өтіп бара жатқан адамнан полиция бөлімшесіне телефон соғып, оның адасып қалғанын және қай жерде екенін хабарлауды өтінеді.
Жағдаяттар қарастырылып, талқыланып, дұрыс шешімі таңдалады.
3. Қорытынды. Рефлексия (2минут).
-Бүгінгі сабақтан қандай маңызды нәрсені түсіндіңдер?
Үйде өз іні-қарындастарыңа бейтаныс адамдармен сөйлесу тәртібін түсіндіріңдер.
Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=hftM9yB25r4&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=36
№ 6 САБАҚ. «ВИРТУАЛДЫ ДОСТАРДАН БОЛАТЫН ҚАУІПТЕН ҚАЛАЙ САҚТАНУҒА БОЛАДЫ?»
Сабақтың мақсаты: балаларды әлеуметтік желілердегі қауіпсіздікке үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
-Қазір мен сендерге түрлі сөздер мен атауларды айтамын.
-Қандай сөздер мен атаулар сендерге таныс? Осы ойындар туралы не білесіздер?
(«Көк кит», «Тыныш үй», «Мені 4.20-да оятыңыз», «Құс жолы», «Киттер теңізі», U19, F57, «Жүгіру немесе өзіне өзі қол жұмсау», «Киттер жоғары қарай жүзеді»).
-Бұл әлеуметтік желідегі, кіруге тыйым салынатын ойындар.
Сабақтың мақсаты: әлеуметтік желілердегі қауіптен сақтануды үйрену.
Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
-Сендер ғаламторда қанша уақыт өткізесіңдер? Онда сендер немен айналысасыңдар? Қандай ойындар ойнайсыңдар?
- Ғаламтор сонымен, балаларға пайдалы ма, әлде зиян ба? Неліктен?
- Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері.
-Ғаламтордан балаларға қандай қауіп төнуі мүмкін?
-Жалған виртуалды достардың қулығына алданып қалмас үшін нені білу керек?
- Қорытынды. Рефлексия (2 минут). Кестені толтырыңдар
Білемін | Білгім келеді | Үйрендім |
|
|
|
«Виртуалды қауіптер» тақырыбына пиктограмма құрастыр. Пайдалы сілтеме:
https://www.youtube.com/watch?v=dzFeWkUBOak&list=PLA5eCSY2FeoQLLo
№ 7 САБАҚ. «КҮДІКТІ ЗАТТАР АНЫҚТАЛҒАНДА ЖАСАЛАТЫН 5 БЕС ҚАДАМ»
Сабақтың мақсаты: балаларды анықталған күдікті заттардан сақ болуға үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
- Суреттерді қарап шығыңдар. Сабақ тақырыбын анықтаңдар.
- Суреттерден не көріп отырсыңдар? Не айтар едіңдер?
Сабақтың мақсаты: бүгінгі сабақтан біз күдікті заттарды анықтаған кезде не істеу керек екені жөнінде білеміз.
3.Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
-Көшеде, автобуста, супермаркеттерде қандай да бір сөмке, пакет, қораптарды тауып алған кездерің болды ма?
-Оларды тауып алғанда сендер не істедіңдер?
-Мұндай заттар адам өміріне қауіпті болуы мүмкін бе? Қандай жағдайларда қауіпті болуы мүмкін?
4.Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут) -Төмендегі мәліметпен танысыңдар.
Күдікті заттар анықталғанда жасалатын 5 қадам. Қоғамдық көлікте. Егер сіз қоғамдық көлік ішінде ұмыт қалдырылған немесе иесіз затты тауып алсаңыз:
Мекемелерде. Егер сіз мекемеден белгісіз зат тауып алсаңыз: 1) Дереу анықталған зат жөнінде мекеме әкімшілігіне немесе мекеме күзетшісіне хабарлаңыз. |
- Белгісіз заттың табылған уақыты мен орнын жазып алыңыз.
- Адамдардың күдікті заттан мүмкіндігінше алыс кетуін қадағалаңыз. 4) Құзырлы орын өкілдерінің келуін күтіңіз, күдікті заттың орналасқан жерін көрсетіңіз, анықталған уақытын хабарлаңыз.
5) Үрейленбеңіз. Жарылыс қаупінің мүмкіндігі жөнінде тек білуге тиісті адамдарға ғана хабарлаңыз.
- Бекіту
Жұптық жұмыс. Күдікті затты анықтаған жағдайда не істеу керектігі жөнінде қасындағы оқушыға әңгімеле.
- Қорытынды. Рефлексия. (2минут)
Күдікті зат – бұл…………
Күдікті зат анықталған кезде қандай нөмірлерге телефон шалу қажет?
Телефон жоқ болса, не істеу керек?
Күдікті затты ұстауға, ішін ашып қарауға бола ма? Неге?
Күдікті затты тауып алғанда не істеу керек екенін ата-аналарыңа әңгімелеңдер.
Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=CIucCpDxhZA&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM
№ 8 САБАҚ. «АТА-АНАЛАРДЫҢ БАҚЫЛАУЫ» БАҒДАРЛАМАСЫ – БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖЕҢІЛДІКТЕР»
Сабақтың мақсаты: балаларды ата-аналарын құрметтеуге және олардың қамқорлығын бағалауға үйрету. Сабақтың барысы
- Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
- Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
-Бүгін сендер сабақ тақырыбын анықтамайсыңдар, сабақ мақсатын мен өзім қоятын боламын.
- Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
-Неге балаларға кішкентай кезінде ата-аналары өте маңызды болады?
-Неге балаларға ата-аналардың нұсқаулары мен тәлімдері көбінесе ұнамайды?
- Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері.
Біз бүгінгі сабақта «Баланың бас ұстазы ата-ана» тақырыбына дебат өткіземіз.
Сыныпты екі командаға бөлеміз. «Ар-намыс» және «Әділдік» командалары. Әр команда өзінің көзқарасын түрлі аргументтер мен фактілер келтіре отырып қорғайды. Әділ қазылар алдында, әр команда өз пікірін жақтап сөйлейді. Әділ қазылар тобын сыныптан 3 оқушы сайлайды.
Дебат соңында «Ар-намыс» командасы жеңіске жетеді. Егер «Әділдік» тобының спикерлерінің дәлелдері көбірек болса, педагог дебат барысын қажетті арнаға қарай бағыттайды.
- Бекіту
- Мен бастаймын, сендер жалғастырасыңдар. Әр оқушы бір етістік айтуы керек.
- «Ата-аналар бақылауы» бағдарламасы бақылайды, құтқарады, көмектеседі, қорғайды, қауіпсіздікті қамтамасыз етеді, күш береді, сенімділік қалыптастырады, т.с.с.
6. Қорытынды. Рефлексия (2минут) - Бүгінгі сабақтан не үйрендіңдер?
- Бұл жөнінде сендер бұрын білдіңдер ме?
- Алған білімдеріңнен кейін сендердің болашақтағы іс-әрекеттерің қандай болады?
- Ұялы телефонға «Ата-ананың бақылауы» бағдарламасын орнату.
Пайдалы сілтеме:
https://youtu.be/QO-rBfC4lcY?si=X7m7VlXa6f3fRjfG
№ 9 САБАҚ. «ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ҚАУІПТІ ОЙЫНДАР»
Сабақтың мақсаты: балаларға ғаламтордан қауіпсіз ойындарды таңдауды үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин).
2. Мақсат қою. Тақырыпты анықтау.
- Неге біз түрлі қауіп-қатерлер туралы оқып үйренеміз?
- Адам өмірі мен денсаулығы – ең қымбат нәрсе. Сенің денің сау болса, бақытты өмір сүруге мүмкіндігің мол.
3. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
- Әлеуметтік желідегі адам өмірі мен денсаулығына қауіпті қандай ойындарды білесіңдер?
- Олар неліктен қауіпті?
- Неге балалар осындай ойындарды ойнайды?
4. Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут)
- Бүгін мен сендерге ғаламтордағы қауіпті ойындар туралы айтқым келеді. Сендерді дені сау, бақытты өмір сүру үшін бұл ойындардан аулақ болуға шақырамын.
Педагог ұсынған мәліметтермен танысу
- Қайғылы жағдайға әкелетін ойындармен ойнаудың қауіптілігін балалар көбінесе түсінбейді. Олар өздерінің «мықтылығын», «батылдығын» дәлелдеу үшін ойнаймын деп ойлайды.
- «Тұз немесе мұз», «Соль или лед». Қолына тұз сеуіп, мұзбен жабады. Тұз теріні коррозияға ұшыратады. Олар оған кім ұзақ шыдай алатынын көру үшін ойнайды.
- «Ересекше өртеу», «Зажечь не по-детски». Бұл қорқынышты ойын АҚШ пен Еуропадан басталып, бізге де жетті. Жасөспірімдер өздерін, киімдерін немесе әлсіз, кіші баланы өртеп жібереді.
- «Бір күнге жоғалып кет», «Исчезни на сутки». Жасөспірімдер, әдетте, әлеуметтік желілерде, бірақ кейде бетпе-бет келіп, 24 сағат бойы ешкімге ескертпестен, өздерімен тамақ алмастан үйден кету.
- Бекіту
-Бүгінгі сабақтан не білдіңдер?
-Не айтар едіңдер?
-Қандай қорытынды шығарамыз?
- Қорытынды
Егер сіз өзіңізді ерік-жігер, батылдық және т.б. сынағыңыз келсе, спорт секцияларына жазылуыңыз керек. Бұл нағыз жаттықтырушылар мен шынайы дос табатын өте қызықты секциялар, бұл денсаулыққа пайда әкеледі. Рефлексия (2минут)
Ғаламтордағы қауіпті ойындар мен олармен қалай күресуге болатыны туралы досыңа әңгімелеп бер. Пайдалы сілтеме: https://www.youtube.com/watch?v=u3PvSbPiNvo&list=PLA5eCSY2FeoQLLocS- IEuEG9KjOrJzvPM&index=8
№ 10 САБАҚ. «ТАБИҒАТ АЯСЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ»
Сабақтың мақсаты: балаларға табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін үйрету.
Сабақтың барысы
1.Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату (1-2 мин). 2.Мақсат қою. Тақырыпты анықтау
Сабақтың мақсаты: табиғат аясында демалу қауіпсіздігін үйрену.
- Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау
-Неге «табиғатпен ойнауға болмайды» деп айтады?
-Табиғат аясында, теңіз жағасында немесе орманда демалыс кезінде болған келеңсіз оқиға туралы айта аласың ба?
- Негізгі бөлім. Оқу мақсатын орындау шешімдері (6 минут)
- Бүгін біз табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелерін үйренетін боламыз.
- Табиғат аясында демалудың түрлерін атаңдар (теңіз жағалауында демалу, орманда, тауда, шөлді жерде, далада).
- Су қоймаларында(орманда, тауда) демалғанда қандай қауіп-қатерлер болуы мүмкін?
Топтық жұмыс. Постерлерді қарап шығып, демалыс кезінде өзіңді қалай қорғауға болатыны жөнінде әңгімелеңдер.
- Бекіту
Әр топ өзінің постері бойынша табиғат аясындағы қауіпсіздік ережелері туралы әңгімелейді.
- Қорытынды. Рефлексия (2 минут)
Мен ............................. білемін.
Мен ............................. ...................түсіндім.
Табиғат аясында қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, мен ..........
қорғаймын.
Пайдалы сілтеме: https://youtu.be/fqSa28dI6KM
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Грузия қазақстандықтарға білім грантын бөлді
» Қазақстандықтар шетелге қай мезгілде жиірек шығады
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды