Рақымжан Қошқарбаев


Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

Күні

Сынып жетекші:

Сынып:

Сабақтың тақырыбы:

«Рақымжан Қошқарбаев .Рейхстагқа тігілген ту»

Сабақтың мақсаты:

Қазақ халқының қаһарман ұлы Рақымжан Қошқарбаевтың өмір жолынан мәлімет беру, ерліктерін насихаттау оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа баулу, елін, жерін қорғай білуге ерлікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (7 мин)

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал

Ой қозғау

  • «Соғыс» сөзін қалай түсінесіңдер?
  • «Жеңіс» сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Жеңіс деген сөзі айтқанда есімізге не түседі?
  • - «Бейбітшілік » сөзін қалай түсінесіңдер?
  • Ұлы Отан соғысына қатысқан қандай батырларымызды білесіңдер?
  • Берлинде Рейхстагқа ту тіккен кім?

Оқушылар мұғаліммен амандасады,түгенделеді.

Психологиялық ахуал

Оқушылар

дың пікірі тыңдалады

Компьютер

Сабақ басы (13 мин)

«Рақымжан Қошқарбаев .Рейхстагқа тігілген ту» тақырыбындағы тәрбие сағатымызды бастаймыз оқушылар.

1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Совет Одағына шабуыл жасады. Соғыс деген тек қана қасірет әкеледі. Бұл соғыста қаншама аналар ұлдарынан, балалар әкелерінен, аналар жарларынан айырылды. Көптеген қандастарымыз хабарсыз кетті. Соның ішінде біздің ауылымыздан да қатысқан көптеген аталарымыз бар.

Рақымжан Қошқарбаев 1924 ж. 19 қазанда Ақмола облысы, Ақмола ауданы, Тайтөбе ауылына жақын орналасқан Қырыққұдық қыстағында дүниеге келген. Арғын тайпасы Қуандық руы Темеш бөлімінен шыққан.

Оқушылар тыңдайды

суреттер

 

Ортасы (20 мин)

Мадақтамалары

№:035 бұйрығымен: 22.04.1945 ж. 79-атқыштар корпусы үшін 150-атқыштар дивизиясының 674-атқыштар полкінің атқыштар взводының командирі, лейтенант Рахымжан Қошқарбаев Одер өзенінен өту кезінде соғысқаныы үшін 1-дәрежелі «Отан соғысы» орденімен марапатталады.

№: 121 соққы армиясының Қарулы Күштерінің бұйрығымен: 18.06.1945 ж. 150-атқыштар дивизиясының 674-атқыштар полкінің атқыштар взводының командирі, лейтенант Рақымжан Қошқарбаев Берлиндегі және Рейхстагтағы шайқастар үшін Қызыл Ту орденінің иегері болады. Оның барысында ол взвод жауының 200-ден астам солдаты мен офицерін жойды, 184 солдатты, қызметшілері бар 14 далалық зеңбіректерд3, 27 ауыр пулеметті тұтқынға алды.

№ 119 бұйрығымен 28.10.1945 ж. 674-ші атқыштар полкі үшін 150-атқыштар дивизиясының 674-ші атқыштар полкінің атқыштар взводының командирі лейтенант Рақымжан Қошқарбаев «Берлинді алғаны үшін» медалімен марапатталды.

1985 жылы 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен марапатталады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 7 мамырдағы жарлығымен оған қайтыс болғаннан кейінгі ең жоғары ерекшелік дәрежесі – Халық Қаһарманы атағы берілді.

Рақымжан Қошқарбаев туралы фильмдер

1980 — «Жеңіс әскері. Рақымжан Қошқарбаев» — «Қазақфильм» киностудиясы.

2005 — «Рақымжан Қошқарбаев. Рейхстаг дауылы» — режиссёр Әділ Медетбаев.

2022 — «Ұлы Отан соғысының батырлары. Рақымжан Қошқарбаев, Григорий Булатов» — режиссёр Константин Харалампидис.

Оқушыларға деректі фильм көрсету

Оқушылар тыңдайды.

Оқушы: Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің 1989 жылғы 17 сәуірдегі «Ұлы Отан соғысының ардагері Р.Қошқарбаевтың есімін мәңгі қалдыру туралы» қаулысымен Целиноград облысындғы (қазіргі Ақмола облысы) Целиноград ауданындағы "Қосшы" ауылындағы орта мектепке оның есімі беріледі.

Оқушы: Қазақстан Республикасының басты қаласында, Астанадағы даңғылға Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

Оқушы: Ақмола облысындағы бұрын Романовка деп аталған ауылдың атауы Рахымжан Қошқарбаев ауылы болып өзгертілді.

Оқушы:Р.Қошқарбаев тұратын Алматы қаласындағы Достық даңғылындағы №42 үйде және өмірінің соңына дейін жұмыс істеген «Алматы» қонақүйінің кіреберісінде мемориалдық тақталар орнатылды.

Оқушы: Сондай-ақ, Алматы қаласы Алатау ауданындағы «Өжет» шағын ауданындағы көшеге Рақымжан Қошқарбаевтың есімі берілді.

https://www.youtube.com/watch?v=jkLKpVDv2T4 оқушылар деректі фильм көреді.

https://www.youtube.com/watch?v=jkLKpVDv2T4

Соңы

5минут

Рақымжан Қошқарбаев пен Григорий Булатов Рейхстагқа дейінгі 300 метр қашықтықты 7,5 сағат жүріп өткен. Межеге жеткен кезде Григорий Рақымжанды иығына салып көтеріпті, ту барынша жоғары желбіресін деп. Бұл оқиғаны тіпті американдық «Нью-Йорк таймс» газеті де жазған.

1945 жылдың 1 мамырындағы санында басылым Гитлер режимінің құлағандығын және Рейхстагқа лейтенант Рақымжан Қошқарбаев пен жауынгер Григорий Булатовтың ту тіккендігін айтады.

Қошқарбаевтың ерлігі ақыры мойындалды. Тек араға алпыс жылдан астам уақыт салып. Өкініштісі, батырдың көзі тірісінде КСРО тарапынан оған лайықты құрметтің көрсетілмеуі ғана.Рақымжан Қошқарбаев 1988 жылдың 10 тамызында дүниеден өтті. Араға он бір жыл салып, 1999 жылы оған Қазақстанның Халық Қаһарманы атағы берілді.

Сұрақтарға жауап береді

Рефлексия жасайды.

Сабақтан кейін қандай әсер алғанын, не сезінгенін, не ұнағанын айтып, алған әсерімен бөліседі

Презентация



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу