Қазақша тақпақ: Аңдар, Үй жануарлары

Қазақша тақпақ: Аңдар, Үй жануарлары казакша Қазақша тақпақ: Аңдар, Үй жануарлары на казахском языке

Аю туралы тақпақ

Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп аламыз,
Қалтамызға саламыз.

Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп, теріп алайық
Қалтамызға салайық.


Түлкі туралы тақпақ

Түлкі деген қу ғой,
Жүрген жері шу ғой.
Жатып алып жағада,
Іздегені ду ғой.

Түлкі,түлкі құтыңдайсың,
Айналаңнан тың тыңдайсың.
Қанша құлығыңды асырсаңда,
Қасқырдан сен құтылмайсын.


Қасқыр туралы тақпақ

Қасқыр орманда жортады,
Аяздан ол қорқады,
Аспанға қарап ұлиды,
Аылда малды ториды.

Қасқыр жортар түнменен
Күндес болып күнменен.
Қасқыр жортар сайменен,
Араз болып Айменен.
Қасқыр жортар ойменен,
«Жолықсам,- деп – қойменен.»


Қоян туралы тақпақ

Ақ қоян-ау,ақ қоян,
Ұзын құлақ сақ қоян,
Қаша берсең орманға
«Қорқағым» деп ат қоям.

Ұзын құлақ, сұр қоян,
Естіп қалып сыбдырды,
Ойлы-қырлы жерлерден,
Ытқып-ытқып секірді.
Қарап еді артына,
Қиығын сап көзінің.
Келе жатқан томпаңдап
Көжегі екен өзінің.

Сұр қояным отыр,
Қулақтарын қозғалтып.
Былай, былай
Қулақтарын қозғалтып.

Қоян отырса суық,
Аяғын жылытайық.
Хлоп-хлоп-хлоп-хлоп,
Аяғын жылытайық.

Қоянға тұру суық,
Қоянға секіру керек.
Ытқып-ытқып,
Қоянға секіру керек.


Арыстан туралы тақпақ

Мен-мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы.




KZ / Қазақша Тақпақтар жинағы, Арыстан туралы тақпақ, Қоян туралы тақпақ, Қасқыр туралы тақпақ, Түлкі туралы тақпақ, Аю туралы тақпақ, аңдар туралы тақпақ, жабайы аңдар туралы тақпақтар, орман аңдары туралы тақпақтар, жануарлар туралы тақпақтар, үй жануарлар туралы тақпақ, Арыстан туралы тақпақ Қоян туралы тақпақ Қасқыр туралы тақпақ Түлкі туралы тақпақ Аю туралы тақпақ аңдар туралы тақпақ жабайы аңдар туралы тақпақтар орман аңдары туралы тақпақтар, Қазақша тақпақ: Аңдар, Үй жануарлары казакша такпактар балаларга арналган тақпақтар қазақша балаларға стишки на казахском для малышей стихи для детей на казахском языке Қазақша Тақпақтар жинағы