Қазақша тақпақ: Құстар

Қазақша тақпақ: Құстар казакша Қазақша тақпақ: Құстар на казахском языке



Тоқылдақтар тоқылдап
Ешбір тыным көрмейді
Ағашты қанша тессе де,
Жұмысы бір өнбейді.


Тырау, тырау тырналар
Жем іздесең қырға бар
Қырда бірақ, түлкі бар,
Сақ болмасаң жұлмалар


Қарға, қарға, қарғалар,
Қар үстінде жорғалар.
Боран соқса қар болар,
Бұтаға қонар қарғалар.


Адамзаттың жақыны
Қарлығаш та ақылды
Көгершін мен екеуі
Жайлайды бір шатырды

Қос қанатын иіп ап,
Жарға келіп қонады.
Қара киім киіп ап,
Балшықтан үй соғады.


Үйге кірші торғайым
Мен аяздан қорғайын.
Жем шашамын, жегейсің
Үйшік жасап берейін.

Нан қоқымын шашпаңдар,
Жерде жатса баспаңдар,
Теріп алып, қастерлеп,
Торғайларға тастаңдар.

Келіп көктем құстары,
Бау - бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.

Құс ұясын бұзбаңдар,
Балапанын алмаңдар.
Құстар біздің досымыз,
Обалына қалмаңдар.

Таспен атып торғайды
Ұя бұзған оңбайды
Құс өкпелеп кетеді
Бақшамызға қонбайды.



Ала қанат сауысқан,
Жерді шоқып тауысқан.

Көкке бояп өңірді,
Көктем келді көңілді.
Бау – бақшада, орманда,
Құстар әні көңілді.

Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанатты желпілдеп,
Көлге үйрек – қаз қонды.


Ой, балалар, балалар,
Жылы – жылы, жел соқты.
Жылғалардан су ақты,
Қаңқыл – қаңқыл қаз кетті.

Құстар тойын құттықтар,
Қуанамыз қолдаймыз.
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды қорғаймыз.

Бейне көктем жырлары,
Сағынышпен жеткен.
Құстардың әуені мен,
Қуанта бер көктем.

Құстар, құстар келеді,
Жерді шуға бөледі.
Көктем келді деп бізге,
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен,
Сән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт – береке күнімен.

Ауылымның құстары

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Белқопа орта мектебі
5 класс оқушысы: Құдабаева Нұршат Нұрболқызы
Жетекшісі: биология пәнінің мұғалімі Койшыбаева Балауса Куантаевна

Белқопамды келді міне сағалап,
Ару құстар қопа көлін жағалап,
Көктем неткен сұлу едің әдемі,
Ұя салды құстар көлді паналап.

Қаздар-қаздар, сен көлімнің сәні едің,
Бұлбұл құсым, сен көлімнің әні едің,
Ару құстар ауылыма әр бердің,
Ұнайды маған сынғырлаған әндерің

Белқопа орта мектебінің
4 сынып оқушысы: Аманкелдина Шаттық Нұрбекқызы

Құстар өте тамаша
Жерімізге келеді
Дауыстары тамаша
Бұлбұлда енді келеді.




KZ » Қазақша Тақпақтар жинағы, құс туралы тақпақтар, қарлығаш құс туралы тақпақтар, торғай құс туралы тақпақ, балаларға арналған құстар туралы тақпақтар, құстар туралы өлеңдер тақпақтар, Қазақша тақпақ: Құс сақшысы, кус сакшысы такпак казакша, такпак казакша кус сакшысы, такпак казакша, кус сакшысы, Қазақша тақпақ, Құс сақшысы, Құс сақшысы Қазақша тақпақ, кус туралы такпак, құс туралы тақпақ, тырна құс туралы тақпақ, құс туралы өлең, кус туралы олен казакша, құс туралы тақпақтар, қарлығаш құс туралы тақпақтар, торғай құс туралы тақпақ, балаларға арналған құстар туралы тақпақтар, құстар туралы өлеңдер тақпақтар, такпак казакша, кус туралы такпак, құс туралы тақпақ, құс туралы өлең, кус туралы олен казакша, Қазақша тақпақ: Құстар казакша такпактар балаларга арналган тақпақтар қазақша балаларға стишки на казахском для малышей стихи для детей на казахском языке Қазақша Тақпақтар жинағы