Тиін

Мен тиінмін, тиінмін
Аңды көрсем бекінем
Талдан - талға секірем.

Тақпақтар
Толық

Піл

Бір көргенді білгін
Мен алып пілмін
аспаймын саспаймын
Жамандыққа баспаймын

Тақпақтар
Толық

Арыстан

Мен - мықты арыстан.
Аңдардың патшасы.
Жауымның алысқан
Күл болған қаңқасы

Тақпақтар
Толық

Жолбарыс

Жолбарыспын жыртқышпын
Бәрінен де мықтымын
Ормандардағы аңдардың
Жайратып салар күштімін.

Тақпақтар
Толық

Қоян

Қайшы құлақ қоянмын
Ақшыл түске боялдым
Сытыр еткен бұтақтан
Елең етіп ояндым.

Тақпақтар
Толық

Кірпі

Мен кірпімін, кірпімін
Көрінбей тұр кірпігім
Балаларға ұнайды
Жүретінім түртіліп.

Тақпақтар
Толық

Аю

Балпаң - балпаң, басамын
Алтын қырдан асамын
Аю деген ағаңмын
Аңшы көрсем қашамын.

Тақпақтар
Толық

Түлкі

Түлкі айтты. Түлкімін
Тұнып тұрған күлкімін
Бұлаң - бұлаң, құйрығым
Текке өтпейді бір күнім.

Тақпақтар
Толық

Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі

Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Жаңа сөздер: Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс.
Көрнекілігі: жабайы аңдардың суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жиналып «Ғажайып ақшақар» Көптен күткен жаңа жыл да келе жатыр. Жаңа жылда жақсы тілек тілесең орындалады. Балалар Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатындарын естеріне түсіріп, әңгімелейді. Балалар кезек - кезек «Ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады.
Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз, ыстық, мейірімге толы. Балалар шеңбер бойына жиналып өз тілектерін айтады. .....
Мектепалды дайындық сабақ жоспары
Толық