Жабайы жануарлардың қысқы тіршілігі
Мақсаты: Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі туралы түсініктерін кеңейту.
Сурет бойынша сөйлем құрастыруға, сұраққа жауап алу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Жануарларға қамқорлық жасау керектігін ұғындыру.
Жаңа сөздер: Қонжық, бөлтірік, мыршай, көжек, апан, ін, қуыс.
Көрнекілігі: жабайы аңдардың суреттері.
Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс - әрекеті Балалардың
іс - әрекеті
Мотивациялық – қозғаушы кезең
Балалар шеңбер бойына жиналып «Ғажайып ақшақар» Көптен күткен жаңа жыл да келе жатыр. Жаңа жылда жақсы тілек тілесең орындалады. Балалар Жаңа жыл мерекесін қалай қарсы алатындарын естеріне түсіріп, әңгімелейді. Балалар кезек - кезек «Ғажайып ақшақарды» қолдарына алып, ойлаған тілектері мен армандарын айтады.
Балалар, далада күн суытқанымен біздің жүрегіміз, ыстық, мейірімге толы. Балалар шеңбер бойына жиналып өз тілектерін айтады.
Ұйымдастырушылық
ізденушілі кезең Бүгінгі оқу іс - әрекетінде мен сендерге осы қыс мезгілінде ормандағы жан - жануарлардың, аңдардың қысты қалай өткізетіні туралы айтып беремін. Білгілерің келе ме Олай болса, мына суретке қараңдар. Орманда қандай жануарлар, өмір сүреді екен, соны біліп алайық. Осы орманда тұратын жануарлар қыс мезгілінде немен қоректенеді екен? Олар қысты қалай өткізетінін, олардың балалары, үйлері қалай аталады екен соны біліп алайық. Мынау, қасқыр.
Балалар, ол неге ұқсайды? Бірақ, ол итке қарағанда үлкен, аяқтары ұзын. Өйткені ол өзінің азығын жүгіріп жүріп аулайды. Қасқыр қыста құстармен, дала жануарларымен қоректенеді. Ол апанда тұрады, балалары бөлтірік деп аталады..
Аю, үлкен, ақылды, иіс сезгіш жыртқыш аң, бірақ ол өз бетінше ешкімге тиіспейді, ол жаз бойы жеміс - жидектер мен өсімдіктерді жеп, денесіне май жинайды. Қыс басталғанда қар астындағы апанда тығылып ұйықтайды. Қар еріп, күн жылығанша ұйықтай береді. Ал баласын қонжық деп атайды
Мынау – түлкі. Балалар, қараңдаршы, қандай әдемі болады. Түлкінің мұрны иісті жақсы сезеді, ол қар астындағы тышқандарды аулап жейді, құстармен олардың жұмыртқасымен де қоректенеді. Түлкіде інде тұрады, баласын мыршай деп атайды.
Қоян қыста үйілген бұталардың, ағаштың қуыстарында қыстайды. Ол өзінің қалың тонының арқасында суыққа тоңбайды. Құрғақ шөптер мен ағаш қабығын жеп қоректенеді. Қоянның баласын көжек деп айтады.
Сергіту сәті:
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп - теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Мынау – кірпі. Кірпінің үсті басының бәрі тікен болады. ол қоңыздарды, құрттарды, тышқандарды жейді. Ол азығын қысқа дайындап алып, қыс бойы ұйықтайды. Балалар, көрдіңдер ме, кірпі де аю сияқты қыс бойы ұйықтайды екен. Оның үйін ін деп атайды, баласын кірпі дейді.
Тиін орманда тіршілік ететін кішкендай ғана жануар. Ол ағаш қуысында тұрады, жаз бойы қуысына жаңғақтар мен саңырауқұлақтар жинайды. Қыс болғанда осы жинаған азығымен қоректенеді.
Суретпен таныстыру. Жабайы аңдардың тіршілігіне тоқталу
Балалар сергіту жаттығуын орындау
Рефлексивті – түзетуші кезең Ал, біздің балалар ормандағы жануарлардың немен қоректенетінін жақсы біледі.
Балалар, тиін не жейді?
Аю не жейді?
Қасқыр не жейді?
Түлкі немен қоректенеді?
Ал кірпі ше? Мадақтау
Күтілетін нәтиже: Ормандағы аңдардың қысқы тіршілігі
Білу тиіс: Табиғатқа деген қызығушылық,
Көрсете білу: Сурет бойынша әңгімелеу......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?