Тапқыр қоян

 Тапқыр қоян

Мақсаты: Жабайы жануарлар мекені, қоректенуі және олардың жабайы деп аталуы, бір - бірімен байланысы туралы түсінік беру. Балаларға ертегінің жоспар бойынша мазмұнын айтуды үйрету арқылы зейіндерін есте сақтау, сөз дыбыстарын анық айту, сөйлеу ойлау қабілеттерін дамыт, ертегіні сурет бойынша айтуға жаттықтыру. Табиғаттың бір бөлігі - жануарларды қамқорлыққа алуға тәрбиелеу.
Билингвальды құрағыш: Жануарлар - животные қоян - заяц
Сөздік жұмыс: Бөлтірік, мыршай, миығынан күлу.
Технологиялық қамтамасыз ету: Суреттер, ойыншықтар, мнемосхема.

Мотивациялық - қозғаушылық
1. Шаттық шеңбері:
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Үлкендерді құрметтеп,
Бас иеміз біз!

Ұйымдастырушылық – ізденушілік
Топ бөлмесі орман бұрышындай етіп безендірілген. Орман жануарларының бейнесі тұрғызылып қойылған.
Кіріспе бөлімі.
Жұмбақтар.
Бұлаңдаған құйрығы,
Бір алдарлық қулығы

Сылдырдан қорқады,
Шошынып жортады.

Балаларға жабайы аңдар туралы қысқаша түсінік беру.
Сөздік жұмыс:
Билингвальды құрағыш:
- Балалар осы жануарларды бір сөзбен қалай атайды?
Жаңа тақырып: «Жабайы жануарлар»
Балалар біз бүгінгі сабақта осы жабайы жануарлар туралы әңгімелесеміз.
Жабайы аң – қолға үйренбеген тұз жануары, яғни өз бетімен табиғатта тіршілік етеді. Кейбір аңдар орманда, далада, тауда да тіршілік етеді. Олар өздерінен кіші күші әлсіз жануарларды жеп қоректенеді. Олардан барлық ұсақ аңдар қорқады:/Қоян, тышқан, көртышқан т. б
Барлық жыртқыштар жемтігін тауып жеуге бейімделген. Олардың көздері қырағы, құлақтары сақ, иіс сезуі жақсы жетілген
Жабайы аңдардың да балалары болады.
Қасқырдың баласы – бөлтірік.
Қоянның баласы – көжек.
Түлкінің баласы – мыршай(жаутаң)
Аюдың баласы - қонжық.
Жолбарыстың баласы - шөнжік.
Арастаннның баласы - абдан.

Негізгі бөлім.
А) Балалар мен сендерге осы жабайы жануарлар туралы ертегі оқып берейін.
Ертегінің аты «Тапқыр қоян» деп аталады.
1. Ендеше ертегіні мұқият тыңдаңдар
а) ертегіні мәнерлеп оқу.
б) ертегі мазмұнымен таныстыру.
в) сұрақ - жауап.
- Балалар аң патшасы кім екен?
- Ол аңдарға қандай тапсырма берді?
- Жолбарыс суды кімге іш – деді?
- Қоян не ойлады?

Миығынан күлді - езу тартты, мұртынан күлу.
Қоян - заяц,
Аю - медведь
Түлкі - лисо
Қасқыр - волк

Біз орманға барамыз,
Жан - жағымызға қараймыз.
Аю шықты қорбаңдап,
Қасқыр шықты ырылдап,
Түлкі шықты майысып,
Қоян шықты секіріп,
Қорықпаңдар балала,
Өз орныңды табыңдар.
- Балалар ертегіні мына сурет арқылы әңгімелейік.

Жабайы, аңдар деген сөздердің жуан, жіңішке естілуін анықтау және осы сөздерді буынға бөлдіру.
Жа - ба - йы, аң - дар
Р - р - р - ырылдайды қасқыр
Ұр - ұр - ұр - Балам орныңнан тұр,
Қоянның түсі сұр.
Ж - ж - ж - Қоян жолбарысты жықты.

Дәптердегі тапсырманы орындату. Суреттен жануарлардың құйрықтарын тауып, сызып көрсету.

«Танып ал, атын айт», «Ненің құйрығы»
«Даусынан таны?»
Шарты: аудио таспадан әр түрлі жануарлардың дауыстарын тыңдатып, олардың атын атату.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!