Мама туралы тақпақтар


  Ақ мамамды әрқашан,
Сағынамын, сыйлаймын.
Мейрам сайын мен оған,
Түрлі сыйлық сыйлаймын.


Айналайын Мама,
Туған күніңмен!
Сыйлайыншы саған
Дала гүлін мен.
Күлімдеген көзің
Күннің нұрындай.
Ұлым деген сөзің
Ақын жырындай.



Айналайын анашым,
Әлемдегі жан асыл.
Болса маған не керек,
Бәрін іздеп табасың.
Айналайын анашым,
Шам-шырақ боп жанасың.
Бір өзіңе арнаймын
Сөздерімді бар асыл.





Дүниеде артық
Жан жоқ мамамнан.
Дариядай шалқып,
Ән боп таралған.
Мерекең ғой бүгін,
Жүрек жарылар.
Даланың ақ гүлін
Сыйға қабыл ал.


Мама деген - ақ жаулықты аппақ ар,
Мамыны ұқпас қиянатта тапталар.
Өткің келсе қиянаттан  қиналмай,
Мына өсиет-өнегемді жаттап ал:


Кінәлісің Мама алдында, маңқа бас,
Жанарынан жалғыз тамшы тамса жас.
Орындалмақ арманы бол қалай да,
Мама болмас бала бағын аңсамас.


Қажетті сілтемелер:


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу
Пікірлер 1
  1. Оқырман Жанерке
    0 + 0 -
    Мама кешірініші анашым
    Ренжіткенім үшін ,ақ маман
    Мәпелеп өсіргеніз үшін рахмет
    Кешіріңіз сүйікті анашым
    Анашымдай анашым жоқ
    Рахмет сізге 9 ай көтергенін үшін
    Анатай анашым. Менің жүрегім
    Мен ауырсам сіз ауырмая қойынышы анашым 🫀😭


    Бұл хат сіздің жанркенізден