Қауіпсіздік сабағы тақырыбы -КҮДІКТІ ЗАТ ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ ӘРЕКЕТТЕР - 3 сынып


Сынып сағаты

№ 7

Сынып жетекші:

Күні:

13.10.2025

Сынып: 3

Қатысқаны: Қатыспағаны:

Сабақтың тақырыбы:

«Цифрлық әлемде қауіпсіз қадам»

Қауіпсіздік сабағы (10 минут)

Сынып сағатының мақсаты:

Оқушыларға интернет пен цифрлық технологияларды қауіпсіз пайдалану жолдарын түсіндіру;

Цифрлық мәдениетті қалыптастыру, жеке деректерді қорғау маңызын ұғындыру;

Интернеттегі жауапкершілік пен әдептілік дағдыларын дамыту.

Қауіпсіздік сабағы тақырыбы

«КҮДІКТІ ЗАТ ТАБЫЛҒАН КЕЗДЕГІ ҚАРАПАЙЫМ ӘРЕКЕТТЕР»

Қауіпсіздік сабағының мақсаты:

Мақсаты: балаларға күдікті затқа қатысты сақтық шараларын үйрету.

Құндылықтарды дарыту:

Тәуелсіздік және отаншылдық

Апта дәйексөзі:

Сынып сағатының барысы:

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар

Сынып сағатының басы:

10 мин

ҚР Мемлекеттік Әнұраны орындалады

І. Ұйымдастыру кезеңі

Сәлемдесу, қатысушыларды түгендеу;

Психологиялық ахуал: «Қауіпсіз сөз» ойыны

ІІ. Кіріспе бөлім

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

– Қазіргі заманда біз өміріміздің көп бөлігін интернетте өткіземіз. Бірақ бұл әлемде қауіптер де бар. Бүгін біз цифрлық әлемде қауіпсіз болудың жолдарын талқылаймыз.

Бейнеролик: «Интернеттегі қауіпсіздік ережелері» (2–3 минут)

Оқушылар әнұран орындайды.

Әр оқушы цифрлық қауіпсіздікке байланысты бір сөз айтады: пароль, вирус, жеке дерек, т.б.

Бейнеролик көреді.

Көңілді әуен

Сынып сағатының ортасы

20

ІІІ. Негізгі бөлім

1. Топтық жұмыс:

Оқушыларды 3 топқа бөлу:

1-топ – «Жеке деректерді қорғау»

2-топ – «Интернеттегі әдеп»

3-топ – «Киберқауіптер және қорғану тәсілдері»

Тапсырма:

Әр топ постер дайындайды және өз ойларын қорғайды.

Талқылау сұрақтары:

Жеке мәліметті кімдерге айтуға болмайды?

Кибербуллинг деген не?

Интернетте этиканы сақтау не үшін қажет?

IV. Қорытынды бөлім

Ойын: «Қауіпсіз немесе қауіпті?»

Мұғалім түрлі жағдайларды оқиды, оқушылар қауіпсіз бе, жоқ па деп жауап береді.

Мысалы:

Бейтаныс адамға сурет жіберу – ❌

Күрделі пароль қою – ✅

Өзге адамның аккаунтына кіру – ❌

Қорытынды:

Цифрлық әлемде әр қадамымызға жауапты болу керек.

Әр топ өз жұмысын қорғайды

Оқушылардың пікірлерін тыңдауу

Оқушылар тапсырмаларды орындайды

Оқушылар сұраққа жауап береді

Ақ қағаз, фломастерлер

Тақырыптық слайдтар мен суреттер.

Презентация немесе бейнеролик

Постер жасауға арналған құралдар

Қауіпсіздік сабағы

10 мин

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу. Жағымды мотивациялық көңіл күй орнату. Тақырыпты анықтау Суреттерді қарап шығыңдар. Сабақ тақырыбын анықтаңдар. Мұғалім: суреттерден не көріп отырсыңдар? Не айтар едіңдер? Бүгінгі сабақтан біз күдікті заттарды анықтаған кезде не істеу керек екені жөнінде білеміз. Білімді өзектендіру. Өткенді қайталау Мұғалім: көшеде, автобуста, супермаркеттерде қандай да бір сөмке, пакет, қораптарды тауып алған кездерің болды ма? Оларды тауып алғанда сендер не істедіңдер? Мұндай заттар адам өміріне қауіпті болуы мүмкін бе? Қандай жағдайларда? Білімді бастапқы игеру және түсінуді тексеру ЕГЕР КҮДІКТІ ЗАТ ТАБЫЛСА: Қоғамдық көлікте: егер қоғамдық көлік ішінде біреу ұмытып қалдырып кеткен немесе қараусыз қалған иесіз затты тауып алсаңыз: 1. Айналаңыздағы адамдардан сұрап көріңіз. 2. Егер заттың иесі анықталмаса, ол туралы жүргізушіге дереу айтыңыз.

Тұрғын үйдің кіре берісінде: егер үйіңіздің кіреберісінде белгісіз зат тауып алсаңыз: 1. Көршілерден сұраңыз, бұл зат соларға тиесілі болуы мүмкін. 2. Егер заттың иесі анықталмаса - дереу ата-анаңызға немесе полицияға хабарлаңыз. Мекемелерде: егер сіз мекемеден белгісіз зат тауып алсаңыз, дереу ол зат жөнінде мекеме әкімшілігіне немесе мекеме күзетшісіне хабарлаңыз. Бекіту Тәжірибелік жұмыс. Күдікті затты тауып алған жағдайда не істеу керектігі жөнінде қасындағы оқушымен әңгімеле. Қорытынды. Рефлексия: Күдікті зат – ол………… Күдікті зат анықталған кезде қандай нөмірлерге телефон соғу қажет? Телефон жоқ болса, не істеу керек? Күдікті затты ұстауға, ішін ашып қарауға бола ма? Неге?

Оқушылардың тыңдау.

Сұрақтарға жауап береді

Оқушылар олардың мағынасын анықтап, не үшін қажет екенін түсіндіреді.

Әр оқушы шешімдерін қорғап, түсіндіреді.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Презентация

Тақырыптық слайдтар.

Біріктіруге болмайтын өнімдердің комбинациясынаарналған нұсқаулық парақшалар

Тақырыптық бейнероликтер.

Сабақтың соңы

5 мин

Оқушылар біз бүгін сіздермен қоғамдасғы өте өзекті екі тақырыппен таныстық, ой бөлісіп, пікір алмастық. Бүгінгі сынып сағатынан алған білімдеріңіз өмірлік азық болады деп тілеймін .

V. Рефлексия

«Стикер ағашы» әдісі – оқушылар стикерге бүгін не үйренгенін жазады.

Қ.С.

ІV. Рефлексия

«Бағдаршам»

🟢 – Бүгін жаңа мәлімет алдым

🟡 – Кей тұстар түсініксіз болды

🔴 – Маған бұл тақырып қызықсыз болды

Барлығы бүгінгі сабақта алған әсерлерімен бөліседі.

 

 



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Пікір жазу