Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Тұяқ өлі кісі) » ZHARAR © 2016 | беимбет майлин Тұяқ өлі кісі ангимелери казакша бейімбет майлин әңгімелері, беимбет майлин ангимелери казакша, бейімбет майлин әңгімелері әңгімесі, беимбет майлин рассказы на казахском языке, Тұяқ өлі кісі




  • »

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Тұяқ өлі кісі)

Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Тұяқ өлі кісі) казакша Қазақша әңгіме: Бейімбет Майлин (Тұяқ өлі кісі) на казахском языке

Түлкібай мырза көшеде келе жатқан Момынбай моллаға жолығып: "Иә, молдаке, жақсы кез келдің. ...Салаумалейкум, — мына бір дәстебрнеге (удостоверение болуы керек) қол қойып бере қойыңызшы!" деді.

Молла: — Ол ненің дәстебрнесі?

Түлкібай: — Менің Тұяқ дейтін ағам қатты науқас еді. Соған киім алуға ауылнайдан алған дәстебрне ғой, комитетке алып барып ем, указына молла қол қоймаса болмайды деп бермей шығарды. Сонымен сізді іздеп жүр едім.

Молла: — Ойпырмай, кеше де біреу, бағана да біреу қол қойғызып алып еді, сірә біздің елдің өлейін деп жатқан кісісі тым көбейіп кетіп жүрмесе!

Түлкібай: Көбеймейді. Молдаке, болыңызшы, бірдеңе қып бере қойыңызшы!

Молла: — Әй, білмеймін, менің сыртымнан да қол қойып алған бірсыпыра кісі бар-ау деймін.

Түлкібай: — Тақсыр-ау, сөйтіп айла-шара қылмаса, болатын емес, қағазсыз бір шаршы — пұл, бір ширек шәй беруді қойған жоқ па?! Тіпті бүгін, бірден артық дәстебернесі бар кісіге шәй де бермей шығарды.

Молла: — Оның мәнісі бар. Осында қолы қалам білетін кейбір епті жігіттер елден келген "билетті" ауылнайлардың мөріменен арзан шәй алып, қымбатқа сатып жүргендерін комитет біліп қойып, сонымен қағазды байқап беретін болып тұр деп естідім.

Түлкібай: — Бәсе, болса болар, түнеукүні олай емес еді. Енді мынаны бітіре қойыңызшы.

Молла: — Әй, Түке-ай! Сөзіңіздің түрі: осы кісінің сырқаты артық қатаң емес-ау!

Түлкібай: — Ойбай, қатаң болмағанмен өлі кісі деймін, өзі тіпті үйден шыға алмайтын қарт адам.

Молла: — Қарт болса да ажал келмесе, сіз өлтірем дегенге Тұяқтың өзі риза бола қояр ма екен?

Түлкібай: — Оны шын өлтірейік деп тұрсыз ба, тәңірі, әшейін мына пұлға зәруліктен қылып тұрған далбасалық емес пе?!

Молла: — Жарайды ендеше, бүгін өлмегенмен түбінде бір өлер, өзінің де 10 кез ақ бәтестен артық несі қалды дейсің?! Әпкел қағазыңды!— деп қол қойып берген соң екеуі амандасып айырылысты.


Санат: KZ портал » Қазақша Әңгімелер жинағы | | 570
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .