Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Заманға сай ертегі

Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Заманға сай ертегі казакша Әңгіме:  Ғабиден Қожахмет | Заманға сай ертегі на казахском языке


Самат ауылда тұрады. Жұбайы бар. Жарасымды отбасы. Самат ауылдан үлкен етіп үй салып алған. Үйлерінің айналасын бау-бақшаға айналдырған.

Самат бала тәрбиесіне байланысты көп айтады. Өйткені әке. Саматтың өзінің кішкентай ұлы бар. Соны Самат жаңа заманға бейімдеп тәрбиелегісі келеді. Осыған байланысты айтады. Саматқа салса, үлкен қалаларға көшіп кетер еді. Сонда ұлын жаңа заманға сай етіп тәрбиелеуге мүмкіндігі де көп болар еді. Ұлын сол қаланың мектебіне оқытар еді. Бірақ Самат ауылда қоныс теуіп қалды. Тұрмысы да жаман емес. Тек әлгі баласының заманауи тәрбиесіне ғана алаңдап жүр.

Самат та бір шаңырақты ұстап отырған жігіт болғаннан кейін, ауыл-үйдің отырыстарына шақырылып отырады. Самат әлгіндей бала тәрбиесі жайлы ойларын осындай жерлерде де қозғап отырады.

Сондай бір отырыста Самат бүгін де сөйледі:

- Қазіргі заманның баласына, - деді Самат жан-жағына қарап алып. - ертегі айта алмайсың. Қазіргі бала ертегі дегенді тыңдамайды. Неге?! - деді Самат көпшіліктің өзіне сұрау қойып.

- Мұның себебі, - деді Самат өзінің сұрағына өзі жауап беріп. - Ертегілер ендігі жерде мына заманның талабына жауап бере алмайды. Оның ішіндегі кейіпкерлер қазіргі баланы қызықтырмайды. Қазіргі баланың ой-өрісі дамып, өсіп, жетіліп кеткен. Мұның басты себебі осында.

- Мен балама ертегі айтып көрдім, - деді Самат. - Тыңдаған жоқ. Көңілі басқа жақта отырды.

- Мүмкін ертегілер бұрын қоғамға қызмет етіп келген шығар, - деді Самат. - Бірақ енді бүгінгінің баласына "Ерте, ерте, ерте заманда, ешкі құйрығы келте заманда..." деп отыра алмайсың. Ол заман өткен.

- Енді не істеу керек?! - деді Самат дастарқан басында отырғандарға тағы да жағалай көз жүгіртіп. - Енді сол баланың ой-өрісіне лайықты жаңа заманның ертегісін жазып беруіміз керек. Кейіпкерлері сол баланың ұғымындағы ертегі болу керек.

- Жазсаң, жазбайсың ба енді, - деді Айжамал күліп.

Айжамал Саматқа жеңге болып келетін әйел еді.

- Мен неге жазуым керек?! - деді Самат Айжамалға жалт қарап.

- Балам ертегі тыңдаған жоқ дейсің бе?

Бұл сұрақты қойған Қожаберген дейтін шал еді. Қожаберген - Саматпен нағашы-жиендігі бар кісі. Қалжыңы да бар.

- Тыңдаған жоқ.

- Неге?

- Мен бағанадан бері не айтып отырмын, - деді Самат кейи сөйлеп. - Баланың ой-өрісі дамыған деймін. Сондықтан тыңдамайды.

- Өзің ертегіні жөндеп айта алмағансың да, - деді Қожаберген жымиып.

Жұрт Қожабергеннің сөзіне күліп жатты.

Самат күйіп-пісті:

- Осы кері қарай кетіп отыратын не әдетіңіз?! Неге айта алмайды екенмін?! Мені бір балаға ертегі айта алмайды деп ойлайсыз ба?

- Сол балаңды маған алып келші, - деді Қожаберген. - Тыңдамағанын көрейін.

- Осы бар ғой, ақсақал... Бірдеңе айтайын десе, жасыңыз үлкен адамсыз...

Жұрт Қожабергеннің сөзіне тағы да күлді.

- Әй, нағашың болғасын айта береді ғой қалжыңдап.

- Сендерге бірдеңе айтса, осылай кетіп отырасыңдар, - деді Самат ренжіп.

- Әй, қойыңдар, - деді Дабыл деген кісі. - Саматтікі дұрыс. Баланы заманға сай етіп тәрбиелеуде баланың өз қоғамы нені ұсынады, баланы соған қарай бейімдеп отыруды ойлау керек.




Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!




KZ / Қазақша Әңгімелер жинағы, әңгіме Ғабиден Қожахмет Заманға сай ертегі туралы ангиме казакша рассказ на казахском, рассказ Ғабиден Қожахмет Заманға сай ертегі на казахском языке ангиме скачать бесплатно, қызықты әңгімелер балаларға арналған, кызыкты ангимелер балаларга арналган, интересные рассказы на казахском языке, әңгіме Ғабиден Қожахмет Заманға сай ертегі туралы ангиме казакша рассказ на казахском рассказ Ғабиден Қожахмет Заманға сай ертегі на казахском языке ангиме скачать бесплатно қызықты әңгімелер балаларға арналған кызыкты ангимелер балаларга арналг, Әңгіме: Ғабиден Қожахмет | Заманға сай ертегі ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер