Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Талаптың пайдасы) » ZHARAR © 2016 | ыбырай алтынсарин Талаптың пайдасы ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, Талаптың пайдасы




  • »

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Талаптың пайдасы)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Талаптың пайдасы) казакша Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Талаптың пайдасы) на казахском языке

Петр Великий деген осы күнгі ақ патшамыздың бабасы бір күні шіркеуде тұрғанда көп адамның артқы жағында үңіліп патшаға қарап, бөркімен қалқалап қана бір нәрсені сызып тұрған балаға көзі түседі. Мұнымен бөтен кісінің ісі жоқ, жалғыз-ақ ақылы кемел патша сол бала-екеш балаға да көзін салып тұрған екен. Тілек тілеп болған соң, жұрт екі жарылып, патшаға жол беріпті. Сонда патша тұп-тура манағы балаға барады. Бала қолындағы сызумен болып тұрып, тіпті патшаның қасына келгенін де байқамай қалыпты. Сонда жұмсақ шыраймен патша сұрады:

— Неғылып тұрсың?

— Сенің жүзіңді жазып алайын деп едім.

— Оны неғылмақсың?

— Даңқың, дабылың жер жүзіне жайылған патшам, сенің суретіңді сызып алып, өміріме шейін бойымда сақтайын деп едім.

— Қане, көрсетші сызғаныңды?

Сол уақытқа шейін қорықпай жауап беріп тұрған бала, «сызғаныңды көрсет» дегенде, қысылайын депті. Сөйтсе де, сызған қағазын әдеппен патшаның қолына берді. Қараса, сурет реуішті де емес, әйтеуір өз білімінше сызған сызық, бала ол күнде сурет салуды қайдан білсін?! Солай да болса, әлемге ақылы жеткен патша баланың талапты, зерек екенін аңғарып, оқуға бергізіп, ақырында сол бала бүкіл орыс жұртына даңқы шыққан Матвеев деген суретші болған.


Санат: KZ портал » Қазақша Әңгімелер жинағы | | 1 224
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .