Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала) казакша Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала) на казахском языке

Шешесі қыз баласынан сұрады:

—Берген ақшамды қайда қойдың?

Бала:

—Біреуге бердім.

Шешесі:

— Кімге?

Бала:

—Бір тентек балаға бердім.

Шешесі:

—Мұнан былай тентек болма деп берген шығарсың?

Бала:

—Рас, әже, екінші рет тентек болма дедім. Құс та Құдайдың жәндігі ғой, әже?

Шешесі:

— Біз де, құс та, бөтен жан-жануардың бәрі де Құдайдың жаратқан жәндігіміз.

Бала:

— Әлгі бала Құдай-тағаланың жаратқан кішкентай құсын ұстап алып, сатайын деп жүр екен. Құс кісі аярлық болып, шиқылдап тұрды. Сонда алып жүрген бала тұмсығын қыса береді, бейшара құстың дауысын Құдай-тағала есітеді деп қорыққан шығар деймін.

Шешесі:

— Онда сен неғылдың?

Бала:

—Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе?

Шешесі:

— Әрине, сауап, бейшараларға қайырымды болғаның.

Бала:

— Ол бала, кім біледі, кем-тарлықтан құсты сатуға жүрген-ау?

Шешесі:

— Мен де солай ойлаймын.

Сонда сөйлеп отырған бала сіңлісіне қарап:

— Мана ақшамның бәрін бергенім жақсы болған екен,— деді.

Сіңлісі шешесіне қарап:

— Апаммен екеуміз мана бәстесіп едік, ол балаға апам құсыңның бәсі не деп те сұрамай, ақшасының бәрін берді. Мен айттым: Құстың бәсі не? — деп сұрау керек еді деп, қайсымыздікі дұрыс?

Шешесі үлкен қызына қарап айтты:

— Сенің де бұл істеген ісінді дұрыс демеймін. Егер тағы бір манағындай бала жолықса, ақшаңның бәрін бастапқы балаға беріп қойдың, соңғыға не берер едің?

Үлкен қызы:

— Онда мен тағы да саған келер едім.

Шешесі:

—Егер менде де мал, ақша болмаса қайтер едің?

Бала:

— Онда... деп, не дерін біле алмады.

Шешесі:

—Көбірек жақсылық етуге шамам келсін десең, әр нәрсеге күтімді болу керек. Құстың бәсін сұрап, кемге бермеймін десе, сонда ақшаңның бәрін беру керек еді. Ол құстың өзі не құс екен?

Баласы:

— Мен сұрағаным да жоқ, әже, өзің айтушы емес пе ең, жақсылық еткен жаныңның атын да сұрама деп.

Шешесі күліп:

— Солай, солай, шырағым, — деді.

Баласы:

— Әже, сен көрсең еді, құсты қоя бергенімде, әуелі қуанғаннан тіпті ұша алмады. Сонан соң құсты сатқан баладан уәде алдым, екінші рет ұстама деп.

Шешесі:

— Қызым, жақсы іс істепсің, мінекей саған тағы да теңге.

Қызы:

— Алла разы болсын, әже.

Шешесі:

— Шырағым, қызым, әрдайым осындай рақымды бол, саған мұның үшін Құдай рақым етер, — деді.




KZ » Қазақша Әңгімелер жинағы, ыбырай алтынсарин Шеше мен бала ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, Шеше мен бала, ыбырай алтынсарин Шеше мен бала ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, Шеше мен бала, Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала), Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Шеше мен бала) ғибратты әңгімелер ғибратты әңгімелер вк ғибратты оқиғалар ғибратты сөздер гибратты ангимелер

  • Анализ сайта www.zharar.com