Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Атымтай Жомарт) » ZHARAR © 2016 | ыбырай алтынсарин Атымтай Жомарт ангимелери казакша ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин ангимелери казакша, ыбырай алтынсарин әңгімелері, ыбырай алтынсарин әңгімесі, ыбырай алтынсарин рассказы на казахском языке, ыбырай алтынсарин ангимелери аке мен бала, Атымтай Жомарт




  • »

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Атымтай Жомарт)

Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Атымтай Жомарт) казакша Қазақша әңгіме: Ыбырай Алтынсарин (Атымтай Жомарт) на казахском языке

Атымтай жомарт өзi есепсiз бай бола тұрып, күн сайын бiр мезгiл үстiне ескi-құсқы киiм киiп, отын кесiп, шөп тасып жұмыс қылады екен. Бiр күнi өзiнiң жақын, таныстары сұрады дейдi:

– Жомарт, құдай бергей дәулетiңiз бар, ашқа – тамақ, жалаңашқа – киiм, үйсiздерге – үй болдыңыз, сөйтiп тұрып өз басыңызды кемшiлiкке салып, жете алмаған жарлыша отын кесiп, шөп тасығаныңыздың мағынасы не? – деп.

Жомарт айтты дейдi:

– Төрт түрлi себеп бар. Әуелгiсi: әдемi ат, асыл киiм, асқан дәулеттi өне бойы әдет етсең, көңiлге жел кiргiзедi; сол желiккен көңiлмен өзiмнен терезесi төмен бейшаралардан жиренiп, көз салмай, кем-кетiкке жәрдем берудi ұмытармын деп қорқамын. Екiншiсi: бар бола тұрып мен жұмыс қылсам, мұның кемшiлiк емес екенiн бiлiп, кейiнгiлер әбiрет алсын деймiн. Үшiншiсi: күн сайын өз бейнетiммен тапқан бiр-екi пұлға нан сатып алып жесем де бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен табылған дәмнiң тәттiлiгi, сiңiмдiлiгi болады екен. Төртiншiсi: құдайтағаламның берген дәулетiн өзiмсiнiп, тиiстi орындарына жаратпай, көбiсiн өзiм iшiп-жеп, өзiм тұтынсам, мал берген иесiне күнәлi болармын деп қорқамын, – дедi.



Жүктеу батырмасы 77 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?

Санат: KZ портал » Қазақша Әңгімелер жинағы | | 765
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .