Туған өлкем- иісіңнен айналдым


Туған жерім –Қазақстан! Осы сөздің өзінде соншама күш, соншама ұлылық. Барша қазақ жері менің туған жерім, Отаным.Адам баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан-ақ, оның тарихы сол кіндік қаны тамған жерге жазылады. Туған жеріміз біздің өткеніміз, біздің болашағымыз. Қай жерде тіршілік ет, қандай ғажап жердің мөлдір суын татсаңда, туған жердің суындай кәусәр, оның шаңындай қымбат жер табылмайды. Тағдырың мен байланған тарихың сенің өзегің,тұтас өзің. Ғаламның жеті ғажабын ғаламаттап жатсаңда, соңғы деміңді туып-өскен өлкеде шығарып, сол жердің құшағында қалуды аңсайды. Мына өмірге көзіңді ашып келген сәттен-ақ, есімің азан шақырылып, тау-таста жаңғырып, сол өлкенің тағы бір жұлдызынын қарсы алады. Қандай-да бір жан ештеңеге міндетті емеспін деуі, зор қателік. Туған жерің-Отаның! Отаның сенің анаң, әкең, бауырларың! Олар саған қаншалықты қымбат болса, Отаныңда солармен қатар тұруы тиіс. Отан отбасың, сол себебтенде әрбір жан Отанның бір бөлігі.

Туған жерің балалығың, бақытың, сүрініп көз жасың тамған жер. Егер осы тамаша сөзге көңіл аударар болсақ, сағыныш, махаббат сөздерімен синоним іспетті. Бір сәтке арман қуып, шекара асарымды ойласам, кетпей жатып кеудемді сағыныш сезімі кернейді. Әр дүниенің түкпір-түкпірінен асыл тастай жиналған біліммен туған жерге қызмет етуді парыз деп санаймын. Ананың ақ сүтін ақтауды міндетім деп білген азамат, өз еліне, жеріне адалдығын, махаббатын халқына қызмет етумен өтейді. Біздің қайғы-қуанышымыз сіңген, сондай ыстық жер, талай құлап, талай қайта тұрғанымызға куә болған өлке… Өзінің әр перзентін аяулы анадай білетін, қадамынан танитын, қызмет қылсаң асқақтатып көтерер,сүйкімсіз қылық қылсаң қымсылатын тал бесігің. Тура бір анаңдай қымбатты.

Туған жерімнің тарихымен мақтанбасам, басым төмен түсіп, бетім қызарған емес. Аталарымыздың ерлігі, батырлардың батылдығы туған жердің қадірін білуі, оны қасық қаның тамғанша қорғауы, қаншама жыр-дастандардың өзінен ерекше сезім мен ерліктің иісі аңқиды.Қобыланды, Бөгенбай, Шапырашты-Наурызбай, Бауыржан, Рахымжан, Әлия, Мәншүктен Қайрат, Ләззат,Сәбира аға-апаларымыздай есімі мәңгі өшпес жандардың әр заман адамдары болсадағы,қалауы, тілек-арманы бір жандар болатын.

Қазақстанның қараса көз жауынын алардай, әсем жерлері жетерлік. Тарбағатай тауынан, Орал таулары мен Алатау жағасында қоныс теуіп, өркендедік. Шығысымыз өзінің әйгілі жырымен баурап, жаныңды әдеби әлемнің сұлулығымен тамсандырса, оңтүстіктің тарихы таңғалдырады. Батысыңда бар әлемнің байлығы табылса, солтүстіктің әсемдігіне қайран қаласың. Менделеев тапқан қазына, осы байтақ жерде жатыр. Қанша ақын жырына қосып,махаббатпен қатар қойған «туған жер» дегенде кімнің болмасын жүрегі жылымай қоймайды. Шабыт шақырар ұлы сөз!

Туған жерің кең болғаны үшін емес, сенің, өзіңдікі болғаны үшін ғажап екендігін жадыңнан шығармаған абзал.

Туған өлкем- иісіңнен айналдым

Сенің қара топырағыңнан жаралдым.

Тең келеме, өзіңе бар асылы ғаламның,

Сезім тербеп, өзіңнен шабыт аламын!

Туған жерге деген сезім сарқылмайды ешқашан. Оған деген ыстық сезім , соңғы демім шыққанға дейін жалғасын таппақ.Санамызға сіңген ұлтшылдық сезімі, уақыт өте құрметке айналып, қасиетті мұрамыз болмақ. Осы орайда Л.Н. Толстойдың « Ең зор, ізгі ерліктерді Отанға деген сүйшспеншілік туғызған.» деген асыл сөзін еске аламын. Жігеріңді ұштап, көңіліңді қанаттандыратын осындай сөздер , әр уақытта жаныма жебеу болып, сөзіме тіреу болған, менің ұраныма айналды десекте болады. Барша ұлтты бауырына басқан, кең өлкемде ұлтқа бөліп алалау біз үшін жат қылық. Өзгені жатырқамай , жат қылмай бәрінеде табылатын орыны бар жерде кім болмасын туылып, өскеніне қуанады. Бір бүтін, тұтас ел болып өз жерімізді сүюден, оны қорғап қадірлеуден жалыққан емеспіз. Келешек жас ұрпақтың бойына осындай теңдесіз қасиеттермен сусындатып, олардың жерін, елін қадірлеп, жақсы көруінің маңызын ұғындырып,жетілдіруіміз аға-әпке ретіндегі ең алғашқы міндетіміз. Болашақты ойлар болсақ олардың бойына отан сүйгіштік қасиетіне баулып,айбынды рухпен тәлім беру борышымыз. Өз жерін сүйе білген жан ғана өзгегеде жүрегі ашық,жарқын болмақ.Ұлан- ғайыр жерде дүние есігін ашып, осы өлке тумасы болу, бұл үлкен мәртебе.

Алайда, дәл қазіргі уақытта осы ұлы сөздердің түп-төркінін ұғынып, қадіріне жетушілер саусақ пен санарлықтай. Туған жер-бұл киелі ұғым, тұтас қасиет. «Өзге елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол»-деген ұлы сөз осыған дәлел. Жеріне деген құрметтің болмауы сатқындықпен пара-пар. Бас көтермей, ұялатын іс десекте артық емес. Қандай ұлт болмасын , қай жерде жүрмесін туған жердің бейнесін жүрек түкпірінде сақтары анық және парыз.Дана халқымыз: «Әркімнің туған жері – Мысыр шаһары»- деп бекер айтпаса керекті. Оғанда дәлел болар Бейбарыс бабамыздың тарихы.

Еліміздің тұңғыш призидентті, елбасымыз Н.Назарбаевтың: « Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында: «Туған жер- әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір-бақи тұратын өлкесі. Оны қайда жүрсе де жүрегіміз әлдилеп өтпейтін жан баласы болмайды.» –деп туған жердің қасиетіне ерекше тоқталады.

Және осы мақаласында туған жерге тағызым ету мәселесін қозғап, орынды нұсқау берген еді. Ел ағалары халық пен жер жағдайын ойласа, қадірлесе, өзге жатқа таптатпаса бағымыздың жанғаны болар. Осындай ұлтшылдық қасиетіне үлгі болар жандар, ел қамын ойлайтын жастарды тәрбиелері анық. Қазіргі кезде туған жерін сүйетін жастардың басын қосар жобалар осы мәселеге қарқынды үлестерін қосуда.

Әлем кезіп, туған жерді сағынғанда оралатын табан тірер туған жердің болғанына не жетсін. Туған жерге, елге деген сүйіспеншілік адамзатты тек алдыға жетелер қасиет. Тәуелсіздік тұғырына жете салысымен, өзге елде жүрген қандастарымыздың атажұртқа оралып, туған жерге туын тігіп, барынша махаббатын көрсеткенінің өзі, олардың құрмет-сезімдерінің

айнымас айқын дәлелі. Сол себебтенде олар зор сыйластық пен құрметке лайықты.

Дегенменде, әлі күнге дейін туған жерге жете алмай, жанарлары жасқа толған жерлестеріміз шаш етектен. Тағдырдың басқа салған сынағы мен туған жерден кетіп, өзге жерді пана қылған жандардың жүрегінде сағыныштан жазылмаған жара бары анық. Тәуелсіз еліміздегі ел ағалары осы мәселенің өзекті екенін жіте ұғып, қазіргі кезде шешімін табуға барынша үлес қосуда. Туған жерге оралып, мауқын басқан жерлестерімізге, келген беттен-ақ барынша жағдай жасалуда. Тұратын баспана мен жұмыс пен қамтамасыз етілуде. Бұл да еліміздің кең жүректі, ақ көңіл дана екенінің дәлелі.

Жерімді, елімді сүйіп өту, осы жерде туылып, осы елдің перзентті болуымның өзі маңдайға жазған бағым, зор несібем , тағдыр сыйлаған бақыт деп санаймын. Жаңа дәуір жастары, озат технологиялар дамыған, тіршілік көзіне айналған заманда, туған жерін көркейтемін, халқыма қызмет етемін деуші жанға, барлық жағдай жасалуда. Сол себебтен ақталатын жолмен емес, мақтанатын жолды ұстанған жөн.

 

 Нурила АУБАКИР


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Туған елімді сүйемін
» Құт мекен: туған жер туралы шығарма
» Туған жерім – құт мекенім
» Қашанда қарыздармын, елім саған!
» Туған жер
» Менің туған өлкем
» Менің туған жерім – егеменді Қазақстан

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы