Қазаққа керек білім

 Қазаққа керек білім

Жолдас Ербол Қожахметұлы

Айтпаса сөздің атасы өледі. Тарих десе емешегі езіліп, іші жыли қоятындар көп емес. Қазірде қазақша бизнесті дәріптейтін біраз кітаптар жарық көрген оған сұраныста жоқ емес. Байысын, өссін, көрсін, қазақтың әр азаматы байыса олда бір қуаныш. Күн көргеннің күні ашық. Енді осы бизнес кітаптарын жарнамалап жүрген ағалар кішкене тарихи, әдеби кітаптарды да жарнамаласа. Бизнес кітаптарын қарамасамда ондағы жазылғандар бесенеден белгілі сияқты: қайтсем өсем, қалай бай болам, қалай жетем дегенді үйрететіндей көрінеді. Ол тек жеке бастың дамуы болып қалатындай. Ал тарихымызды, сал-дәстүрімізбен ата жолын дәріптеген кітаптар қайда қалды? Тек жеке бастың емес ұлттың, елдің мүддесін ойлайтын, рухани-адами құндылықтарды санасына сіңдіретін, ертеңгі елдің еңсесі биік, текті болып өсуі үшін тарихи әдеби кітаптардың орасан орны бар. Кешегі өткен текті тұлғаларды, олардың елі үшін жасаған ерен еңбегін, қайтсем Қазаққа пайдам тиеді, қайткенде асығы алшысынан түседі деп тек жеке басын емес елін-жұртын, халқын ойлаған бабаларымызды тек сол кітап арқылы танимыз. Қазірде Қабанбай мен Бөгенбайды танымайтын баланың бәрі Супермэн, Бэтменға еліктеп өсуі де рухани шөлдеген ұрпақтың көрінісі. Бір мемлекеттің астанасы Ташкент кешегіге дейін Қазақтыңкі болған десе сенбейтінде шығар қазіргі жастар. Пейіліне қарай патшасы, рухани құндылықтан айырылмасақ Құдай бізге береді несібені. Сол рухани құндылық- білімде ол үшін оқу керек. Санасы бар әр пенде өз тарихын білуге міндетті.

Өз жыртығымызды өзіміз жамамасақ
Өз жоғымызды өзіміз жоқтамасақ ешкімнің қазаққа жаны ашымайды

Қазаққа бұл күнде әнші- биші, әртістің керегі жоқ қазаққа білім керек- ілім керек, ғылым керек- ғалым керек, қазаққа қазір рухани құндылық керек, #құран керек

Тайында таптап
Құнанында баптап
Дөненінде дөңге сап
Бесінде бәйгеге қос, ал содан бәйгеден бұрын келмесе басымды кес, әр баланы осылай тәрбиелесек ел үшін еткен еңбегіміз еш болмайды

Ел үшін қызмет етсек ұлтқа қызмет етсек кешегі бабаларымыздың ізбасары деген атқа лайықты болғанымыз.

Қандай да бір дүние адамға екі нәрседен туындайды
1 қажеттіліктен
2 бәсекелестіктен
Жұрттан қалмайын деген оймен бәсекелестік белең алған уақытта руханияттың қажеттілігін ұмытып, сезінбей қаламыз. Өркениеттің дамуы үшін құндылықтарды құрбандыққа шалудың қажеті жоқ, оған біздің құқығымыз да жоқ. С.Торайғыров ағамыздың жыр шумағында айтады:
Қараңғы қазақ көгіне
Өрмелеп шығып күн болам
Қараңғылықтың кегіне
Күн болмағанда кім болам.
Әр баланың өмірлік ұранына айналдыра алсақ ертеңгі елдің туын құлатпайтын нағыз азаматтар мен азаматшаларды дүниеге әкелеріміз сөзсіз. Бүгіні мен қарын қамын ойлайтын емес ертеңі үшін алаңдап болашағын болжай білетін өскелең ұрпақ қалыптастырып шығу үшін балаға тек бала ретінде емес елдің ертеңі, ұлттың болашығы ретінде қарап, тұлға қалыптастырумыз қажет. Ол үшін білім ғана емес ұлттық құндылықтарымызды қоса санасына сіңдіруіміз тиіс. Дін- әркімнің өз ақыреті үшін, ал ел үшін, ұлт үшін қызмет ету ол баршамыздың отан алдындағы парызымыз.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?