» » » Шығарма: Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Шығарма: Ұлттық құндылық - ұлт болмысы

Шығарма: Ұлттық құндылық - ұлт болмысы казакша Шығарма: Ұлттық құндылық - ұлт болмысы на казахском языке
Ұлытаудың ұлы көшінен басталатын ұлағатты елімнің ұлылығы мен қадірлілігіне қайран қаламын... Тәлкекке толы тағдырдың сан түрлі соқпақтарынан өту, қасиетті даласын қорғау жолында аянбай тер төгу, ұлттық һәм рухани құндылықтарымызды ұлықтау-асыл ата-бабаларымыздың өнегелі өмірін айқындай түседі.Жарқын болашаққа басқан әрбір қадамымыз-болаттай шыңдалған халықтың ащы тарихы мен мәдени салт-санасын, әдет ғұрпын ұрпақтар бойына құюға үндейді.Қадірлі қазақтың ұлттық құндылықтары- аңызға айналған ішкі әлемі, жаһанды елтіткен ұлы мұрасы, тұғырлылыққа жетудің яки азаттықты нық ұстаудың биік үлгісі, қайталанбас бағалы қасиеттері.Халық болып қалыптасу үшін қажеттісі-кең-байтақ дала ғана емес, оның тереңге жайылған тағдыры, тарих сахнасынан ойып тұрып алар орны бар тұлғаларының игілігі мен көзсіз ерліктері, киелі санайтын мәдениеті, тіршіліктің әуенімен тыныстаған ұлылыққа толы тілі, ділі де ауадай керек.Сан ғасырлар бойы ұлттық құндылығымыздың өзіндік көрінісі ретінде сыр шертетін, байлыққа кенелген қойнауымыздың алтынға бергісіз қазынасы-халқымыздың руханилығы дер едім.Осы тұста сайын даламыздың аңсап өткен азаттығына қол жеткізуіне ерекше үлесін қосып, жарқын бастамаларды жүзеге асырып, қандастарын кіндік қаны тамған жерін шексіз сүюге шақырған арда азаматтардың бірегейі, тәуелсіз қазақ елінің алғашқы басшысы-Нұрсұлтан Әбішұлының да мерейін паш өткеніміз жөн болар.Осындай тұжырымға келуімнің де бірнеше себебі бар: елі сүйген Елбасымыз ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында қайнар бұлақтың көзін тапты, баршамызды зеңгір көкте самғаған қыран іспеттес болашақты бағдарлай білуге үндеді, елі десе-егіліп, халқы десе-төгілетін өресі биік, ұсынақты әрі қағілез тұлғаларды қалыптастыру үшін аянып қалмайтындығын дәлелдеді.Жақын арада жарық көрген "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" жобасы да ұлт болашығын күйттеп, төл мәдениетімізді қадірлеуге, қазақ тарихын жұдырықтай жүректе мәңгілікке сақтауға үндейді.Бұл бастаманың аясында қадірлі елде туған қырандар бабалар үніне жаңашылдық енгізді, ерек тұлғалардың салып кеткен сара жолын жалғастыру мақсатында күрес жүргізуге білек сыбана кірісті.Әрине, осындай ұлт қадірлілерінің өнегелі әрекеті көңілімді көктемдей жадыратып, кешегі өткен ызғарлы жылдардың өшпес жалынын толастатады.Бұл-тарихы терең, алайда әлемдік деңгейге көтеріліп, қазыналы құндылықтарын таныту үшін тәй-тәй басып келе жатқан қадірлі халықтың ыждағаты.

Ұлттық құндылық-халықтың мәдени өмірі.Кез-келген жанды әсемденген табиғатымен тамсандырып, таңдай қақтыратын бағасы биік, батырларымыз қасық қаны қалғанша қорғаған өлкеміздің тау мен тасы, мәдени ошақтарының өзі-тұнып тұрған тарих.Ерте дәуірде көшпелілер ұлықтаған жылқы малы мен "Аң стилі"- мәдениеттің алғашқы сатысы емес пе?! Олар-ежелгілердің рухани байлығы мен жарқын болмысы.Ал, біздердің ең басты құндылықтарымыз-егемен елдің көк байрағы, мән мен мағынаға толы, халықтың санасының деңгейін көрсететін дәстүр, ғұрпымыз.Ел ертеңін ойлайтын жандар рухани дағдысын дүйім жұртқа әйгілі етіп, ұрпақ бойына ұлтжандылықтың қайталанбас үлгісін көрсетеді.

Ұлттық құндылықардың бірі әрі бірегейі-қазақ тілі деп білер едім.Алпыс екі тамырынан қазақ ұлтының қаны ағып жатқан ұлы дала перзенттері ардақты ана тілін өз ғұмырынан артық бағалайды.Себебі, ана тіліміз-ұлттық құндылығымыздың биік бастамасы.Қазақ тілін шарықтату үшін оның бағасын білу шарт.Халық қазынасы да, жақсылыққа толы өзекті өмірдің жарқын белесі де-қара қазағымның тілінде.Іңгәлап дүние есігін аттағаннан бастап, аяулы анамыздың қоңыр үнімен әсем әуезін естіп, бойға құю-ана тілінің бағасын биіктетеді.Халқымыз сол себепті де оны қадірлі санап, әспеттейді.Күллі қазақ жұрты егемен елдің тумасы болғанын кеуде кере мақтаныш тұтып, ана сүтінен дарыған киелі қазақ тілін өз өмірінен бір саты жоғары қоюға міндетті.Әрбір қазақ есте тұтқаны жөн:ұлтымыздың қасиетті ана тілі жойылса-құндылықтарымыз бен кең даланың азаттығынан айрылуымыз бек мүмкін.Себебі, қазақтың тілі-ұлттың нағыз болмысы, ертеңгі күннің көрінісі.Қазақ хандығы пайда болып, өркендеу кезеңінде отаншылдықты ту еткен қазақ халқының ұлы мұрасы, ұлттық және рухани құндылықтары, жүрек түкпірінде сақталған бағаланбас тарихы, елдікке бастаған белестері, асыл ана тілі ешқашан жойылмайды, жойылмақ та емес.Сондықтан әрбір азамат егемен еліміздің сарқылмас қазынасы-қазақ тілін көзінің қарашығындай сақтап, қадірін арттырса, бағамыздың биік болары сөзсіз.Біздер, елдің ертеңі , жалындаған жастар рухани жаңғырып, Мәңгілік ел болып қалу үшін ұлттық құндылықтарымызды ғұмырымыздың соңына дейін дәріптеп, енді ғана бүршік атып келе жатқан ұлы елдің ұрпақтарына табыс етуге тиістіміз.Себебі, ұлттық құндылықтар-ақиық ақындарымыз толғаныспен жырлаған қазақ елінің қазынасы.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 44 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 4-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Сабақ жоспары (ұмж): XVIII ғасырдағы қазақтардың халық шығармашылығы 2-сабақ (Қазақстан тарихы, 8 сынып, ІІ тоқсан)
Реферат: Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Реферат: Оқушының ұлттық құндылық қасиеттерін қалыптастыру жолдары
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығарма: Ұлттық үрдіс – ұлағат
Шығарма: Ұлттық үрдіс – ұлағат
Шығарма: Мәңгілік ел
Шығарма: Мәңгілік ел
Шығарма: Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі
Шығарма: Рухани жаңғыру - табысты ел болуымыздың кепілі
Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар
Әңгіме: Ұлттық киімді қорлағандар
Әңгіме: Азаттықты  аңсаған Алаш
Әңгіме: Азаттықты аңсаған Алаш
Шығарма:  Қайролла Арайлым Мәңгілік Ел – 2050
Шығарма: Қайролла Арайлым Мәңгілік Ел – 2050
Шығарма: Қазақтың салт дәстүрлері
Шығарма: Қазақтың салт дәстүрлері
Шығарма: Ұлттық болмысты сақтау
Шығарма: Ұлттық болмысты сақтау
Қазақша тәрбие сағат: Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Қазақша тәрбие сағат: Рухани жаңғырудың жарқын жолы
Қазақша шығарма: Жаһандану үрдісінде менің тілімнің мәдениеті, тағдыры қалай болмақ?
Қазақша шығарма: Жаһандану үрдісінде менің тілімнің мәдениеті, тағдыры қалай болмақ?
Қазақша шығарма: Ақылың мен қайратын екі жақтап
Қазақша шығарма: Ақылың мен қайратын екі жақтап
Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан
Қазақша шығарма: Менің Отаным - Қазақстан

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ұлттық құндылық - ұлт болмысы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Улттык кундылык - улт болмысы на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Ұлттық құндылық - ұлт болмысы, шығарма Ұлттық құндылық - ұлт болмысы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском эссе сочинение про Улттык кундылык - улт болмысы на казахском языке скачать бесплатно эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен Ұлттық құндылық - ұлт болмы, Шығарма: Ұлттық құндылық - ұлт болмысы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы