Мәңгілік ел

 Мәңгілік ел

Дәулет Таңсұлу
11 сынып, «Жаңатірлік» ЖОМ
Қазығұрт ауданы

Еліміз тәуелсіздік алу жолында қаншама қиындықтарды басынан өткізгендігі айдан анық.Ия, «тәуелсіздік» атты асыл арманға жету үшін ата-бабаларымыз ерен ерліктері,болаттай мықтылығы,темірдей төзімділігі,сөзсіз батырлығы,халық қамы үшін қан кешіп,құрбан болғандығын,біз, яғни еліміздің жас ұрпағы терең ойлап, түсінуіміз парыз.Ел болу үшін,Тәуелсіздік керек,ал тәуелсіз болу үшін ұлттық рух,күш-жігер,сенім,мақсат керек.Міне,халқым көктен тілеп,көптен күткен тәуелсіздігімізге жиырма екі жыл.Бұл ұлы мақсат жолында қаншама халық қырылып,өз туған-туыстарынан айырылған болатын.
Бірақ,қаншама қиындық келсе де қасқайып қарсы тұра білген қазақ елінің рухы биік еді.
Ендігі кезекте бізге аманат етіп қалдырған осынау кең-байтақ,киелі жерімізді көз қарашығындай қорғауға тиіспіз деп ойлаймын,әрине ол біздің міндетіміз.
Еліміз егемендік алған осынау саусақпен санарлық аз жылда биік-биік
белестерді бағындыра білді,әлемді таңдай қақтырды,өркендеп,көркейіп,гүлдене бастады. Ол әрине егемендіктен кейінгі ел басын біріктірген елбасының ерен еңбегі екендігі сөзсіз.Еліміз өз алдына
жеке мемлекет болды,яғни Қазақстан Республикасы болып жарияланды,халқымыздың бағына туылған Нұрсұлтан Назарбаевтай парасатты көшбасшының арқасы.Егеменді еліміздің өз тілі,әдебиеті, тарихы, мәдениеті,салт-дәстүрі,рәміздері және де Ата заңы бар.Оны мақтанышпен айта аламыз.
Ендігі уақыттарда,сын сағаттарда, жарқын болашаққа жауапты ол әрине біз. Менің ойымша өз тәуелсіздігімізді тұғырында нық ұстап қалу үшін әрине жоғары сапалы білім мен тәртіп керек.Ол әрине жастардың,білімді ұрпақтың қолында, оны елбасымыз да әр сөзінде айтып жүргені рас.Елімізді одан әрі дамытуымыз үшін , әлемге танытуымыз үшін талантты жастар керек.Еліміздің осыншама өркендегені үшін аянбай еңбек етіп келе жатқан елбасымызға және де әрбір азаматтар мен азаматшаларымызға алғысымыз шексіз.
«Дарын емес, қарын билеген тірліктен сақтан»,-деп ақын әрі жазушы ағамыз Асқар Сүлейменов айтқандай,тек қана ақшаны ойлап,ақ жолдан айнығанша, адалдықтың ақ жолында шындық үшін күресіп,асқақ армандарға қарай ұмтылып, алдымызға мақсат қоя білуіміз,ел үшін елеусіз еңбек етуіміз парыз әрі міндет дап санаймын. Бауыржан Момышұлының бір қанатты сөзі бар еді «Талантқа қанат бітірер-сезім емес,сенім болуы керек»,-деп.Ия,әлемдегі болып жатқан өзгерістер, күннен-күнге,тіпті сағат санап дамып келе жатқан техника талайды таңқалдыруда. Оның барлығы талабы таудай тамаша таланттылардың ,білімі биік білімділердің,рухы биік ұлттардың,ерікті де жігерлі,қойған мақсатына жетпей қоймайтын,көзі ашық, көкірегі ояу азаматтардың арқасында.
Біз үшін ерекше айта кететін жайт,ол еліміздің егемендігіміздің айқын әрі нақты дәлелі ретінде мемлекеттік рәміздеріміз болып табылады.Олар көгімізде желбірген,азаттық пен мәңгілік көк аспанымызды өз бейнесінде анық дәлелдейтін -Көк туымыз,қазағымның ұлттық символы болып саналатын, жылдар ағымы бойынша санамызда жаңғырып тұрған шаңырақ бейнелі,қос қанатты қос тұпарымен өз мағынасын асқақтатар, кереметтей көз тартатын –Елтаңбамыз, мемлекетіміздің,халқымыздың ертеңі мен нұрлы болашағы, тәуелсіздіктің қаншалықты асыл қазынамыз екендігі, келешегімізге деген мол сенім мен нағыз тәрбиені , жалпы айтқанда нағыз патриоттық сезімді ой-санамызға құйатын, мәңгілік ұранымыз ол әрине-Әнұранымыз.Атақты үш биімізді қаншалықты биіктерге көтерсек, бұл үш рәміздеріміз де соншалықты дәрежеде сақтай білейік. Сонымен қатар бұрыннан келе жатқан ата-бабамыз бізге аманат етіп, сеніп тапсырған салт-дәстүрлеріміз,әдет-ғұрыптарымызды да сақтай білейік. Әрқашан да қазақы болмысымызды сақтап,өзгелерге өз өнерімізді дәріптей білуіміз, мемлекеттік тіліміз Қазақ тілінің асыл құндылықтарын сақтап,тағылымға толы тарихымызды қорғау, оны бізден кейінгі де жас ұрпақтарға тапсыра алуымыз керек.Ия,жаза берсек елімізге деген,жүректен шығар, ой түбіндегі асыл ниеттер таусылмақ емес.Тобықтай сөздің түйініне тоқталсақ: «Біз қазақпыз», сондықтан да елімізді көркейтуге өз үлесімізді қосып,асыл құндылықтарымызды, тілімізді,дінімізді,салт-дәстүрімізді, егемендігімізді, рәміздерімізді,тарихымызды, өнерімізді әрқашан да сақтай отырып, еліміздің нағыз «патриоты» болайық.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?