Ұлы соғыс – Ұлы жеңіс!

 Ұлы соғыс – Ұлы жеңіс!

Рахымбай Ақжол
10 сынып, №33 мектеп – лицей Алматы қаласы
Жетекшісі: Бектурганова Ғалия Бейсенбаевна

Ұлы ұрыс , қанды майдан даласында,
Жанған от, атылған оқ – борасында
Жатыр бір жас жауынгер жараланып,
Өлім мен өмір көші арасында.
Есіл ер тайсалмаған қалың топтан,
Қайтпаған, қаймықпаған атқан оқтан.
Ерлік пен батырлықтың үлгісіндей,
Ұран сап Отан үшін жауға шапқан.
Бүркіт Ысқақов
Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын ажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл күннің толғағы ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сол кездегі кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктерін көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді.Шайқас шептерінде көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін 96.648 қазақстандық жауынгерлер СССР ордендерімен және медальдарымен наградталды. Бұлардың ішінде 60 мыңнан астам қазақ жауынгерлері бар. 500 – ден астам қазақстандықтар, бұлардың ішінде 96 қазақ Совет Одағының Батыры атаған алды. Севастопль үшін шайқаста Совет Одағының Батыры Дабаш Бабажанов айрықша көзге түсті. Оның ерлігі батыр қаланы қорғау үшін болған қырғын – қияпат соғыс бейнелеген панорамаға түсірілген. Николай Гастеллоның ерлігін қайталаған Нұркен Әбдіровке шахтерлік Қарағандыда ескерткіш тұр. Біздің халқымыз Александр Матросов ерлігін қайталаған Сұлтан Баймағанбетовтың, қазақтың батыр қыздары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың, жау «жолбарысына» қас қақпай қарсы шауып, гранатамен қоса жарылған Қарсыбай Сыпатаевтың есімдерін мақтанышпен айтады. Бұлардың бәріне де Совет Одағының Батыры деген жоғары атақ берілген. Совет Одағының Батыры атағын екі реттен алған, даңқты сұңқарларымыз Талғат Бигелдиновтың, Сергей Луганскийдің, Леонид Беданың және Иван Павловтың ерліктері халқымыздың мәңгі есінде.Қазақстандықтар майдан шебінің арғы жағында да – жау тылында, партизан отрядтары мен құрамаларында қайсарлықпен шайқасты. Қ.Қайсеновтың, Ә.Шәріповтың, Ж.Саинның, А.Жұмағалевтің , Ғ.Омаровтың және тағы басқа да көптеген партизандардың есімдері жұртқа әбден мәлім.
Генерал – майор И.В. Панфилов атындағы сегізінші гвардияшы атқыштар дивизиясы сол кездегі Отанымыздың астанасы - Москваны қайсарлықпен қорғаған 28 панфиловшы батырларды ғұмыр бойы құрметтеп есте сақтайды. Даңқты 180 – атқыштар дивизиясының құрамында соғысқан қазақстандық жауынгерлер рейхстагқа шабуыл жасауға қатысты, оның шаңырағына Жеңіс Туын қадады. Осынау тарихи оқиғада қазақ халқының даңқты ұлы Рақымжан Қошқарбаев айрықша көзге түсті. Ұлы Отан соғысында қазақ халқы арасынан генералдар – Ш.Жексенбаев пен Б.Игіліков, Совет Одағының Батыры С.Нұрмағамбетов, К.Бошаев, гвардия полковнигі Б.Момышұлы және тағы да осылар сияқты көптеген талантты командирлер шықты.Соғыс жылдарында жеңіс ісіне Қазақстанның жазушылары, журналистері және творчестволық қызметкерлері үлкен үлес қосты. Осынау сұрапыл соғыс күндерінде біздің халқымыз бұрын болып көрмеген табандылық пен қайсарлық танытты. Сұрапыл соғыс жылдары тар жол, тайғақ кешуден өтіп, Отанға деген махаббатын дәлелдеген ардагерлеріміз жылдан-жылға, күннен-күнге азайып келеді. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Кеңес үкіметінің күш-қуаты қазақ ауылдары болғанын ауыз толтырып айта алмаймыз. Ауылдағы қарттар, ақ жаулықты әжелер мен аналар. Жасөспірімдер еңбегі арқылы майдан қажеттілігі үздіксіз қамтамасыз етілді.
Жаутаңдап қарап ,дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңыды тосып ана жүр,
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар
Көрдің бе ұлын ананың,
Соғыстан қайтқан солдаттар – деп ақын жырлағандай соғыстан ормалмай, боздақтар қатарында белгісіз кеткен жауынгерлер рухы Жеңіс күні сайын жаңғыратынына, асқақтайтынына сенемін. Өйткені, соңында оны іздейтін, рухы алдында бас иетін туыс-туғаны бар.Ұлы Жеңіс күнінде
Отанымыз үшін өзінің жанын пида еткен , туған – туысқандарына, жақын – жарандарына, тамыр – таныстарына қайтып оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл еліміз болып еске аламыз. Біз ұлы отан соғысындағы ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "Бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды.Бұл мейрамды біздің даңқты әйелдеріміз – өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен , олардың фабрикалар мен заводтардағы, колхоздар мен совхоздардағы орнын жоқтатпай, Жеңіс ісіне баға жетпес еңбек үлесін қосқан аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды. Міне, осы жағдайды ескере отырып, тыл еңбеккерлері ерлігін толыққанды жазған жаңаша көзқарастағы зерттеулер тіптен қажет-ақ...
Ауылдың бүгінгі тұрғындары, әсіресе, майдан даласынан жазылған Қызыл армия жауынгерінің үшбұрышты солдат хаттары мен мақтау грамоталары, «қарақағаз» және басқа да сарғайған сирек, аса құнды құжаттарды сандықтан алып, ғылыми зерттеушілер көмегімен оларды «сөйлету», көпшілік оқитын жазбаша айналымға енгізу керек. Отбасылық мұрағаттар сирек, аса құнды мәліметтерге толы. СССР халықтарының тұтасқан бірлігі мен мызғымас достығы , халық пен Армияның жаппай ерлігі жеңісіміздің кепілі болды. Міне, 71 жыл бойы көгілдір аспан астында, тыныштықта өмір сүріп келеміз. Ол үшін бүкіл саналы ғұмыры, денсаулығы, жастық-шағы өртке шалынған ата-апаларымыздың алдында иіліп тағзым етуге тиіспіз. Солардың жанымен, қанымен, терімен, көз жасымен, күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын тігіп, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Жылдар өтетіні, ұрпақ алмасатыны заңдылық. Сөз соңында айтатыным, соғыс ылаңы бүгінгі ұрпақтың әрқайсысының жүрегінде берік сақталған. Сондықтан да, өсіп келе жатқан ұрпақ санасында майдангерлерге деген құрмет сөну мүмкін емес. Ендеше, Жеңіс жауынгерлеріне деген тағзым – біздің әрқайсысымыздың басты парызымыз болуы тиіс.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?