Болашаққа аманат

 Болашаққа аманат

Садықова Айнұр
7 сынып,№38 мектеп-гимназия Іле ауд.
Жетекшісі:Есенғұлова Ғ.М.

Біз,бүгінгі мектеп оқушылары Ұлы Отан соғысы жайында оқыған кітаптардан,тарихи фильмдерден ғана білеміз. Соғыстың адамзат үшін әкелген қасіреті жайлы жан түршіктіретін деректерге көз жүгіртер болсақ, «Советтер одағы» деп аталатын алып империяның құрамында болған менің елім де қаһарлы жылдардың ауыр жүгін өзге халықтармен теңдей көтерісті. Асыраушы азаматтары майданға кеткен отбастарындағы аналар мен балалардың,қарттардың көрген азабын,шеккен қасіретін тіпті ғасырлар бойы айтып та, жазып та түгесу әсте мүмкін емес .
Майданға 1 миллион 700 мыңдай сарбаз аттандырып,тылда қалған аналар мен қарттар,балалар өз ошақтарының отын өшірмей,түтінін түзу түтетіп , соғысқа кеткен азаматтарын соңғы демі біткенше зарығып күтумен болды. Басқа түскен қиындықтарға олар ешбір жасымады. Керісінше, майдангерлерге материалдық та,рухани да қолдау көрсетіп,Ұлы Жеңісті жақындатуға бар күш -жігерлерін салды.Үлкен үмітпен батыс жаққа елеңдеген көздер,жасқа толы жанарлар, сағыныштан езілген жүректер, аштық пен жалаңаштықтың бетін бүркей жүріп,күні –түні егіс басында, қырманда, азын-аулақ мал соңында тырбанған қарттар мен буыны бекімеген балалар сол зұлмат жылдардың мен оқып білген бейнелері. Майдангер ақын Сырбай атамыз сол кезді былай суреттейді:
Жаутаңдап қарап дала тұр,
Көз жасын сүртіп жаңа бір.
Хабарсыз ұлын сұрауға
Жолыңды тосып ана жүр.
Қанша үйдің ұрлап адамын,
Қанша үйде сөніп қалды оттар.
Көрдің бе ұлын ананың, С
оғыстан қайтқан солдаттар?
Кешікпей жарым келер деп,
Төрінен сайлап орынды.
Батысқа қарап елеңдеп,
Ару жүр тосып жолыңды.
Көтерді бәрін ауырдың
Азамат болып арды ақтар.
Көрдің бе жарын арудың,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Кетерде солдат жарының,
Ішінде қалған ана жыл,
Көкемді айтпай танырмын,
Деп бір сәби бала жүр.
Қайрылмай қалай кетесің,
Хабарсыз қалай ол тоқтар.
Көрдің бе оның көкесін,
Соғыстан қайтқан солдаттар?
Осы өлеңді оқығанда көмейім тығылып,көзіме еріксіз жас толады. Өз әжеме,анама,әкеме, атама қарап , бар жан дүниеммен тым қорқынышты күй кешемін. Ұзақ уақыт өздеріне ең жақын, жаныңдай жақсы көретін жанды отбасы түгел үздіге күтіп,жолын тосады.Жас бала болса көкесін айнытпай танитынына сондай сенеді,өзгелердің де оған сенгенін қалайды. Иә,сенеді. Мен де сол баланың көкесінің майданнан оралып келетініне сендім.Сол сенім сол бір қаһарлы жылдарда жанға қуат,көңілге демеу болған құдіретті күш еді.Сол сенім,сол адалдық,сол тазалық,сол бір аңғал пейілдер әр ошақ басындаүстемдік құрды.Олар мойымады.Қиындық атаулының бәрін көре тұра жол тосумен болды.Майдангер ұлдан,әкеден, жардан хат күтті,келетініне сенді.Күте тұра өзге бір жаманат хабардан қорқып,тайсақтап та жүрді.
Қиын еді,қиындыққа көнуші ек,
Көне жүре жеңіске біз сенуші ек.
Хат тасушы қартты асыға күтсек те,
Көрген жерден тайқып шыға келуші ек!
Жалпағынан басып майдан жалғанды,
Жаралы жұрт үмітпенен алданды.
Хат тасушы жеткізген жат хабардан
Ұнатушы ек хабарсыз-ақ қалғанды. - деп суреттейді бұл бір дәрменсіз сәттерді Қадыр ақын. Иә, сенімнің,үміттің ақбоз атын ерттеп мініп, ерекше төзім мен сабырды азық еткен ақжүрек ,ақ тілеулі сол бір жандар отты жылдардың ауыр жүгін артқа тастап, тарихты дүр сілкіндірген Ұлы Жеңісті де көзбен көрді. 1481 күн мен түнге созылған қаһарлы соғыс аға ұрпақтың даңқты жеңісімен аяқталды. Бақайшағына дейін қаруланған фашистік Германия жеңілді. Сөйтіп миллиондаған боздақтың өмірін қиған екінші дүниежүзілік сұрапыл соғыстың тамырына балта шабылғанына биыл міне,71 жыл!
Ұлы Жеңіс-аға ұрпақтың қанымен, тылда қалған аналар мен жас балалардың төгілген көз жасымен келген басты құндылығымыз .Олардың ерлігіне тағзым етіп, бас июмен бірге болашаққа аманттау біздің мәңгілік парызымыз деп білемін.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!