» » » Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!

Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік! казакша Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік! на казахском языке
Ержанов Әли
6 сынып Шеңгелді негізгі ортамектебі
Шығыс Қазақстан обл, Күршім ауданы
Жетекшісі: Жұмекенова Назгүл Қахармановна

«Екінші дүниежүзілік, Ұлы Отан соғысының аяқталғанына жарты ғасырдан астам уақыт өтті... Осы соғыста ата-бабаларымыз ерлік көрсетіп, Отанымызды жау қолынан қорғап қалды. Әлемді оқ пен отқа ораған бұл соғыс адамзат жүрегіне жазылмас жара салды. Бұл шайқаста ажалдан тайсалмай жауға ұмтылған ерлер есімі тарих беттерінде мәңгіге жазылып қалды. Бұл жеңіс осы күнге жетпей қыршынынан қиылған сан мыңдаған боздақтардың аманаты еді. Бес жылға созылған соғыстың аяқталуын зарыға күткен халық арманының орындалғанын, қанды қырғыннын аяқталғанын білдіретін соңғы нүкте ол – Жеңіс еді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында ел басына төнген қаһарлы қатер миллиондаған кеңес адамдарын басқыншыларға қарсы күреске жұмылдырды. Қазақстан өзінің барлық мүмкіндіктерін – адамдар, өндірістік қуаттар, табиғат байлығы мен рухани қорын майдан талабына бағындырды. Майданға Қазақстанның әрбір төртінші азаматы аттанды. Фашистик Германиямен соғыста 55 миллион боздақ құрбан болды. Әсіресе, Кеңестер Одағы халықтары орны толмас адам шығынын тартты. Майдан даласында 8668,4 мың офицер мен жауынгерлерден айырылдық, уақытша басып алынған аумақтарда, концлагерлер мен каторгалықжұмыстарда 18 миллион бейбіт тұрғындар жау қолында қаза тапты. Біздің Республикамыздың да адам шығыны зор болды. Бұл соғыста Қазақстан 602 939 адамнан айырылды. Әрбір екінші қазақстандық майдан даласынан қайтып оралмады. 98 адам Кеңестер Одағы Батыры атағына ие болды. Ұлы Отан соғысындағы Кеңес Одағы халықтарының ерлік көрсеткен жылдары уақыт озған сайын алыстап барады. Бірақ, адамзат жадынан әлемді фашистик езгіден құтқарған халық ерлігі ешқашан өшпек емес. Көпұлтты Қазақстанның жауынгерлері соғыста жанқиярлықпен ерлік көрсетсе, тылдағы еңбеккерлер жанкештілікпен еңбек етті. Бесіктегі баладан еңкейген қартқа дейін дамыл таппай, барлығы да жеңіске жетуді армандады.
Бұл соғыста ерлік көрсеткен шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк апаларымызды, Талғат Бигелдинов, Мәлік Ғабдуллин, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбайұлы сынды тағы да басқа батырларымызды атап өтуге болады. Қаһарлы соғыстың жүктеген ауыр міндетін халық қасқайып күтіп алды. Ер-азаматтар майданға аттанып жатты, ал елде қалған кәрі-құртаң , бала-шаға қара жұмысқа жегіліп, солардың тілеуін тілеп қала берді, соғыстың елімізге төндірген ауыр қайғысын, азабын суреттеген қаламгерлер туындыларын оқысаң жүрегің ауырады. Бауыржан Момышұлы «Москва үшін шайқас», Ғабит Мүсіреповтің «Қазақ солдаты», М.Мағауиннің «Бір атаның балалары» сияқты шығармаларынан соғыстың адамзат басына қаншалықты қасірет түскенін білесің. О, Жеңіс! Сенің жүректі өрекпітер қандай құдіретің бар екенін кім тәппіштеп түсіндіре алар?!
Осылай 5 жыл бойы қысы-жазы қайнаған ыстық күндерде де, қақаған аяз бен қарлы боранда да біздің аталарымыз «Отан үшін» - деген ұранмен айбаттана шайқасты. «Соғыс» - деген сөздің өзі әр адамның бойында үрей туғызады. Бірден көз алдыңа қирап жатқан қала мен ауылдар, өрт жалыны, өлім елестейді.
Аналардың қайғысы мен балалардың көз жасы, Жер-Ананың ойрандалуын елестетсем,жаным түршігеді. Әр адамның сүиікті Отанынан ,туған жерінен қымбат ешнәрсе жоқ. Батыр бабаларымыз ұлан байтақ жерімізді, азатығымызды, ғасырлар бойы соңғы демдері біткенше қорғап өтті. Ата- бабаларымыздың өшпес ерлікетері Ұлы Отан соғысының сұрапыл күндерінде жалғасын тапты. Қазақстанның қаншама ұл-қызы қанды майданға аттанды. Отанға деген сүйіспеншілік оларға рух беріп, жеңіске жетеледі. Бүгінгі уақытта әрбір бейбіт күніміз үшін, қатары сиреп бара жатқан ардагерлерімізді қадірлеп, бас иіп жүру - паразымыз. Мен жер бетінде ешқашан соғыс болмаса екен деп тілеймін. Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген. Мен соғысты жек көремін...
Адамзаттың аузында тек «Бейбітшілік» деген сөз болса екен» Қазақстан халқы аман, еліміз тыныш көк туымыз,жеңіс туы желбіресін мәңгілік!!!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 10 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 70 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Жеңіс туы желбіресін мәңгілік! туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Женис туы желбиресин мангилик! на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Жеңіс туы желбіресін мәңгілік!, , Шығарма: Жеңіс туы желбіресін мәңгілік! шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы