» » » Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы

Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы

Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы казакша Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы на казахском языке
Бәкір Жанерке
7-сынып оқушысы
Шона Смаханұлы атындағы №62 гимназия Алматы қаласы
Жетекшісі Исова Гульмира Кадылбековна

Бұлт түнеріп аспаннан
Талай көзден жас тамды
Тұтқиылдан жау тиіп
Қырғын соғыс басталды.
«Жеңіс» деген сөзді естігенде, бірден есімізге Ұлы Отан соғысы түседі. Себебі, сол бір сұрапыл соғыс әр адамды қажытты. Бірі қызынан, бірі анасынан, бірі әкесінен, енді бірі тірегінен айырылды. Зар илеген ана мен баланың дауысы әрбір адамның жүрегіне қаяу салды. Миллиондаған адамдар мерт болып, мүгедек болып қалды. Бірақ бәрібір Берлиндегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Бұл соғыста Кеңес Одағын мекендеген барлық халық бір жағадан қол, бір жағадан бас шығарып Отанын қорғады. «Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар» - дей келе Ұлы Отан соғысының 71 жылдығына орай ата-бабаларымыздың рухына тағзым ретінде олардың ерен ерліктерін, жер, Отан, біздердің жарқын болашағымыз үшін жасаған ерліктерін мәңгілікке есте сақтап, жадымызда ұстаймыз. Қанша жылдар өтсе де, бұл соғыста ерлікпен қаза тапқан әрбір батырларымыздың тарих төрінен орын алатыны және ұрпақтары мәңгі жеңіс алауын сөндірмей, Отан үшін от кешкендерді әрқашанда жүрек түпкірімізде ұстаймыз. Осы орайда, Әбу Сәрсенбаев атамыздың «Сен құрметте оны, қарағым» атты өлеңі еске түседі.
Бұл өлеңде былай жазылған еді:
Сен құрметте оны!
Түсіндін, бе, қарағым?
Ол ақшаға сатқан жоқ,
Тізеден кесіп аяғын.
Еріккеннен ұстап та жүрген жоқ,
Қолтықтағы ұзын таяғын.
Кеше елге қатер төнгенде
Ол жауға қарсы шапты,
Бізді жалмамақ болған ажалды
Өр кеудесімен қақты.
Ол арыстанша алысты,
Өлім соққысын өз үлесіне алды.
Денесін оқ пәршелесе де
Ел намысын қорғап қалды.
Сен құрметте оны!
Түсіндің бе, қарағым?
Сенің келешегің үшін берді ол
Азаттық, жолда аяғын!
Біз бұл өлең қазіргі таңдағы жастарға арналғанын білеміз, яғни, соғыстан оралған ардагерлерімізге құрметпен қарап, көмектесуіміз керек. Олар біз үшін қан кешті. Соғыстағы батырларымыз бен қоса ауылдағы атаапаларымызға да ауыртпалық түсті. Олар тылда еңбек көрсетіп, соғыстағы батырларымыздың жағдайы үшін барлығын дайындап жіберіп отырды. Мұрнынан шаншылып жұмыс істеді. Міне, соғыстың басталғанына 75 жыл толыпты. Ал, Жеңіс туының желбірей бастағанына 71 жыл толды. Ұлы Жеңіс күні, елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақынжарандарына, туған жеріне, аулына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді. Бәрімізге аян, Жеңіс туы 1945 жылдың 9 мамырынан бастап желбіреп тұр. Осы күн қазіргі таңда біз үшін үлкен Мейрамға айналды. Жылда ардагерлерімізге арнап іс-шаралар ұйымдастырылып отырады. Ұлы Жеңістің 71 жылдығы да жақындап келеді. Уақыт өз дегенін істейді екен. Жыл өткен сайын бізге Ұлы Жеңісті, болашағымызға деген үмітті сыйлаған ардагерлеріміз бен тыл жұмыстарында аянбай тер төккен жандардың қатары сиреп барады. Сол себепті, көздерінің тірісінде ардагерлерімізді ардақтап, аялап, қадірлеп, құрметтеуіміз керек. Ардақты жандарымыздың өз қолымен орнатқан Жеңіс туы мәңгі желбіресін деп тілейік.
Жеңіс туы, Желбіресін мәңгілік!
Жеңіс жыры, Асқақтасын жаңғырып!
Жеңісім – салтанат, сән, сәулет,
Жеңісім – береке, бақ, дәулет!


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 50 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысындағы халқымның өміріндегі соғыс тауқіметі
Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңістің 75 жылдығы
Шығарма: Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске - 75 жыл!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерлікпен келген Ұлы Жеңіске - 75 жыл!
Шығарма: Тарихта қалған күн
Шығармалар жинағы
Шығарма: Тарихта қалған күн
Шығарма: Қан майданда бірлікпен келген Жеңіс!
Шығармалар жинағы
Шығарма: Қан майданда бірлікпен келген Жеңіс!
Тақпақ: Ұлы Отан соғысы
Тақпақтар жинағы
Тақпақ: Ұлы Отан соғысы
Шығарма: Жеңіс күні
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс күні
Шығарма: Ұлы жеңіс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы жеңіс
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Отан соғысы)
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Эсселер жинағы
Қазақша эссе: Еліңді сүйсең ерлік істейсің
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (70 жыл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (70 жыл)
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Соғысты көрген тағдырлар)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Соғысты көрген тағдырлар)
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Жеңіс)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Жеңіс)
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Жеңіске 70 жыл)
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: 9 Мамыр - Жеңіс күні (Ұлы Жеңіске 70 жыл)
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні
Қазақша Тәрбие сағаттар жинағы
Қазақша тәрбие сағат: 9 Мамыр - Жеңіс күні

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Желбіреген Жеңіс туы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Желбиреген Женис туы на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Желбіреген Жеңіс туы, шығарма Желбіреген Жеңіс туы туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Желбиреген Женис туы на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен Жел, Шығарма: Желбіреген Жеңіс туы шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы