Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл

 Бақытты өмір құрғанына да 75 жыл

Уразова Ақырыс 1
0 сынып, Терісаққан орта мектебі,
Ақтөбе облысы, Қобда ауданы
Жетекшісі: Клютова Гулназ Жаугаштыевна

Өмірі - ұрпаққа өнеге.
Соғыстың аты соғыс қой,
Жалмады талай арысты.
Мылтықтың оғы босқа ұшпай,
Өлiм мен өмiр алысты.
Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін тажал. Ұлы Отан соғысының кешегі естен шықпастай болған сол бір кез, күн-түн демей жаумен жағаласқан жылдары ешқашанда ұмытылмайды. Денеге қадалған оқ орны, жарылған бомба жарықшағы күйдірген жара жазылды. Бірақ халқымыз Отан тәуелсіздігі жолында жанын пида еткен ұлдары ман қыздарының есімдерін ұмытқан емес.Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғанына, міне, биыл 70 жыл. Біздің халқымыздың ашық аспан астында бейбіт еңбек етіп, бақытты өмір құрғанына да 71 жыл.
Сол қанды кезеңді еске түсіріп елестетін газет- журнал материалдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Иә, содан бері жарты ғасырдан астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлар тойлайды.
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр.
Бірі мініп келместің кемесіне,
Бірі күтіп әнеки жағада тұр - деп тебіренген Мұқағали мұңын да жұмырбасты пенде үшін теңдесі жоқ ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан соғысынан аман оралған ақсақалдардың қарасы жыл санап азайып барады емес пе?! Солардың жанымен, қанымен, терімен, ерлігімен, отанының туын жықпай, ананың намысы үшін туған жердің топырағын жауға тартпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын жағып, жеңістің таңбасын басқан күн- жеңіс күні! Бұл күннің толғағы қатты болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та тарих ұмытпайды. Ол- өмір заңы. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол- күш әрине, қанщама халық бір тудың астына бірігіп күштерін бір арнаға салды. Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Москва, сенің іргеңді Ел, ер болып сақтаймыз
Сенен аяр жан да жоқ, Барлығы да сен үшін,
Саған қауіп төнгенде Жау таянып келгенде,
Қамсыз тыныш жатпаймыз Атыс ұлттың адамы,
Қол ұстасып үн қосып, Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нұрпейіс Байғаниннің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалды. Сол кездегі Кеңес одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті.
Қазақ ел басына күн туғанда толар сақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғанға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған бес жүз қазақтың Кеңес Одағының батыры атағын алғанын айтсақ та жетеді.
Найзағайдай жарқылдаған отты ойы бар қаһарлы сөйлесе де қайырымы мол, өз мүддесін ойлаған, қара қылды қақ жаратын әділдікпен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Бауыржан Момышұлы есімі, ерлігі жадымызда мәңгі қалып өнегесі болашаққа күш, қайрат, рух береді. « Ер есімі- ел есінде»- демекші бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Шығанақ Берсиев сияқты еңбек ерлерімен қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, жасөспірімдер мен қарттарсыз жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?! Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбігімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?