» » » Шығарма: Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ

Шығарма: Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ

Шығарма: Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ казакша Шығарма: Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ на казахском языке
Тұрғалиева Жанерке
10-сынып, Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы,
Саға мектеп – балабақшасы
Жетекшісі: Аккошкарова Бибигул Курлысовна

Біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады. Біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік.
Бауыржан Момышұлы
Адам қазасы. Халық қасіреті. Адамзатқа төнген апат. Зардап көлемі әртүрлі болса да, осылардың қайсысын ойлағанда жүрек дір етпейді?! Қайсысын көз алдыңа елестеткенде әлдебір тілсіз жаудың, зұлым күштің зорлығына душар болып, қиылып бара жатқан қыршын жандардың қиналысы жаныңды түршіктірмейды?! Өмірді тұншықтырған өктем күш қай уақытта, қандай сәтте белең алса да, қайғылы оқиға аталып, жүрекке зар құятыны анық. Солардың ішінде көп апат, індеттерден адам баласын көп қасіретке душар еткен қанды оқиғалардың, күйретуші күштердің аты – соғыс. Адамзат тарихында қанша рет соғыс болды? Сол сүргіндерде қанша ғұмыр қазаға ұшырады? Осы тұстағы дау туғызбайтын бір шындық – Кеңес халқының фашизм шапқыншылығына қарсы жүргізген Ұлы Отан соғысы адамзат тарихындағы барлық соғыстардың ең үлкені, себебі мен мақсаты жағынан да, қасіреті мен қиындық-қыспағының көлемі жағынан да мүлде ерекшесі болды. «Соғыс! Ел шетіне жау тиіп, опасыздық ойранын сала келіпті. Батыстан қаптаған қара бүйідей қалың намыт жолшыбай кездескен тіршілік атаулыны жалмап жұтып, жауыздық өртін қаулатын келеді. Елдігіңді етіктің табанымен таптап, қорлығы мен зорлығын қара тажалдың маңдайындағы қос мүйіздей кезек жайпап, ішін тарта ысқырынып келеді. Елдің намысын, халықтың қаһарын, ер-азаматтың қайратын белге түйіп, қарсы шап, түгел аттан! Көзі қанталаған обыр жауды тұмсықтан ұрып, тұралатып таста! Есін жиғызба, елін тапқызба, енді қайта бас көтере алмастай етіп, біржола есеңгіретіп жібер!» Ел бұйрығы, Отан әмірі осындай еді! Талай жанның елдікті аңсаған арманы орындалды. Елдің бостандығы мен намысы қорғалып, аман қалды. Жауды өз үңгіріне қуып тығып, тас талқан етті. Біраз жылдың ішінде бүкіл Еуропаны аяғынан тік тұрғызған, біріне-бірін жендет қылып қойған фашизм індетінің ініне су құйылды. Күллі адамзаттың талай замандар бойы ойымен және қолымен жасалған небір асылы мен ардағын арамдап, талақ етпек болған тағылық мақсат халықтардың қаһарына ұшырады.
Бірақ, осы екі аралықта біздің елдің басына қара бұлттай ойнаған қалың қасірет пен қайғының табандатқан төрт жылы мен мың жарымға тарта тәуліктің талай өмірді жалмаған ажалды күндері мен азапты түндері бар еді. Бұл екі арада еліміздің қасиетті жерінің талай пұшпағы жау табының астында тапталып, қорлыққа түсті. Талай қала мен ауыл тамтығы қалмай қирап, тыптипыл болды. Осындай ел басына күн туған шақта қолына қару алып, майдан шебін бетке алып, Отанының бостандығы мен азаттығы үшін жанын қиюға дейін барып, жауды жеңіп, Жеңіс туын қолына алғаннан кейін де елінің дамуына үлесін қосып, болашақ үшін еңбек еткен ардагерлерді қалай мақтасақ та, жарасымды. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан, сондай-ақ елге оралған жауынгерлердің алдында басымызды иеміз. Ұлы Отан соғысында қаһармандық ерлігі үшін 35 Ақтөбелік жауынгер Кеңес Одағының батыры атағына ие болды. Ақтөбеліктер қатарында мен туып-өскен Ойыл ауданынан 2613 ойылдық азаматтар Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі ұрыстарда, Украина, Белоруссия, Прибалтика, Польша мен Шығыс Пруссияны неміс фашизмінен азат етуде және Берлин үшін күресте қайталанбас ерлік үлгісін көрсете білді.
Ұлы Отан соғысына менің ауылымнан 300-дей азамат соғысқа аттанып, 143-і Отаны үшін жанын пида етіп, жас ұрпақтың жарқын болашағы жолында құрбан болса, 134 азамат елге оралып, жемісті еңбек етіп, ауылымыздың көркеюіне атсалысқан. Атап өтетін болсам, Алдабергенов Қайырбек елге оралғаннан кейін зейнетке шыққанша Саға орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқырған. Бектеміров Ораз ІІ топтағы мүгедектігіне қарамастан, совхозда малшы болып еңбек еткен. Дүйсенғалиев Мәлік 1953-63 жылдары Ойыл аудандық оқу бөлімін басқарған, 1966-1981 жылдары Саға орта мектебінде мектеп директоры болып қызмет атқарған. Еңбегі бағаланып, «Халық ағарту ісінің озық қызметкері» значогімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Әрине, елге оралған ардагерлердің еңбектері өз уақытында еленбей қалған емес. Тарихы оқиғалар - тарихы тұлғаларға толы. Қан майданда жаумен алысып, бейбіт өмірде еліміздің өркендеуіне үлес қосқан ауылымның азаматтары, міне, осындай жандар. Олардың әрқайсысы – өмірі мен ісі жас ұрпаққа ғибрат боларлық, эпостық туындыларға өзек боларлық тұлғалар. Бұлар – елі үшін, тәуелсіздік, егемендік үшін жүрегін шырақ еткен қаһарман алып ардагерлер! Бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның бейбіт өмірі, сән-салтанаты – батыр халықтың жеңісі, жауынгерлер мен соғыс ардагерлерінің батырлығы мен еңбекқорлығының жемісі екенін ешкім де ұмытпайды. Ауыл азаматтары бізге тәуелсіздіктің ақ таңын жақындатқан, Жеңіс әперген, жасымас жігерімен, жалынды отаншылдығымен тұлғаланып көрінген Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастерлеп, жадында сақтайды. Соғыс ардагерлері небір ауыр сындарды, қанқұйлы дұшпандармен жан аямас шайқасты, жауынгер достардан айырлудың азасын, соғыстан кейінгі жанқиярлық еңбекті бастан кешірді. Сонда да сыр бермеді. Сондықтан да, ардагерлер қазіргі және келер ұрпақ үшін де мәңгі-бақи жеңімпаздар болып қала бермек. Кешегі тарих – бүгінге тәлім. Ол тарих ел мен ердің өмірінен бастау алады. Бұл күндері батырлардың қаһармандық ерліктері ұлдың ұлына, қыздың қызына аңыз боп жетері хақ. Маған да жастайымнан нағашы атам өз әкесі – Бікіров Бекқожаның Отанымызға қауіп төнген шақта еліміз бен жерімізді қанқұйлы басқыншылардан толық тазартып, фашизмнің күлін көкке ұшырауда, гитлершілердің тепкісінде жатқан халықтарға туысқандық қол ұшын беруде, олардың түбегейлі азат етуде көрсеткен.
Ұлы Жеңіске қол жеткізуімізге батыр ағаларымызбен қатар, тыл еңбеккерлерінің қосқан үлесі орасан зор. Жау Кеңес Одағының бүкіл батыс жерлерін басып алып, Мәскеуге жақын келіп, масайрап тұрған кезде,Орта Азия Республикалары мен Қазақстан сияқты ресурстарға бай тыл болмаса, Батыстан осы аймаққа көшірілген кәсіпорындар айрықша жылдамдықпен іске қосылып, Кеңес әскерін қару –жарақпен, азық-түлікпен қамтамасыз етпесе, жауды қалай талқандар еді?! Сол себептен де, біз тыл еңбеккерлерінің, оның ішінде таңның атысы, күннің батысы егіс даласында ер азаматтардың орнын жоқтатпаған аналардың, балалық шақтың бал дәмі татудың орнына, тағдыр жазуымен соғыстың ащы дәмін жастайынан татып, ауыртпалығын мойнымен көтерген жас балалардың, бауыреті баласы үшін қарттығына қарамай аянбай тер төккен қариялардың еңбегінің қандай үлкен екендігін жадымыздан шығармауымыз керек.
«Ер есімі ел есінде» демекші, Ұлы Отан соғысына қатысып, неміс басқаншыларына қарсы күресте шейіт болған азаматтардың есімдері ұмытылуға тиіс емес,олардың рухы алдында басымызды июге тиіспіз. Кешегі Ұлы Отан соғысы ондағы халқымыздың теңдесі жоқ ерлігі тарихтың айтулы бір белесі екендігінде дау жоқ.
Бұл күнде біздің елде ұранға айналып кеткен бір сөз бар: «Ешкім де ұмытылған жоқ,еш нәрседе естен шыққан жоқ!» Ұлы Отан соғысының ерлік шежіресін ойға алғанда, біз осылай дейміз. Өйткені, Ұлы Жеңістің аяқталғанына 71 жыл толғалы отырса да, бұл ғаламат соғысты ұмыттырмайтын әрбір үйдің бір-бір қазасы,әрбір адамның бастан кешкен бірбір хикаясы бар.
Әрине, қанды соғыстың тағы бір аты-қасірет болғанда,әділ істің мұратындай Жеңіс деген жарқын ұғымның екінші аты да – Ерлік.Біз Ұлы Отан соғысының қиын-қыстау азабы мен қазасын еске алып,қаншщалықты қапалансақ та,сол төгілген қан мен үзілген өмірлердің,өртенген жер мен шаруашылықтың үлкен төлеуіндей Жеңіс күннің қуанышын еске алып,жұбанамыз. Қаһармандық ерлік салтын қастерлеу-ұлттық идеологияның басты қайнары.
«Кешегі күннің жеңісі-бүгінгінің жемісі». Қазір біздің ашық аспан астында бейбіт өмір сүріп жатқанымыз-ерен ерлік көрсеткен аталарымыздың, ерен еңбек терін төккен апаларымыздың арқасы. Бұгінгі ұрпақ пен келер буын болашақта Отан-Ана алдында ұлы борышын өтеген, ел еңсесін көтерген қастерлі есімдерді ұмытпақ емес.


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через 33 секунд !!!

Автор: nurgul95 | 37 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ерсіз ел болмайды елсіз ер болмайды
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре
Шығармалар жинағы
Шығарма: Жеңіс туы, мәңгілік сен желбіре
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Отан соғысының Жеңісіне 75 жыл
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығармалар жинағы
Шығарма: Сұрапыл соғыс
Шығарма: Ұлы Қазақ Елі
Шығармалар жинағы
Шығарма: Ұлы Қазақ Елі
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан
Шығарма: Менің Отаным
Шығармалар жинағы
Шығарма: Менің Отаным
Шығарма: Отан
Шығармалар жинағы
Шығарма: Отан
Шығарма: Соғыс деген суық сөз
Шығармалар жинағы
Шығарма: Соғыс деген суық сөз
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Соғыс деген суық сөз!
Қазақша шығарма: Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Бейбіт өмірдегі және соғыс кезіндегі батырлық
Қазақша шығарма: Туады ерлер, ел үшін
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Туады ерлер, ел үшін
Қазақша шығарма: Біздің сынып
Шығармалар жинағы
Қазақша шығарма: Біздің сынып
Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан
Qazaqstan жаңалықтары
Бір аптаның ішінде Қазақстанда жол апаттарында 108 адам қаза тапқан
Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну
Рефераттар жинағы
Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну

KZ / Шығармалар жинағы, шығарма Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Урпагы батыр елдин арманы жок на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ, шығарма Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском эссе сочинение про Урпагы батыр елдин арманы жок на казахском языке скачать день победы 9 мая эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 м, Шығарма: Ұрпағы батыр елдің арманы жоқ шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы