Ұлы Дала Ұлағаты

 Ұлы Дала Ұлағаты

Ф. Қозыбақова, Әл-Фараби ат. ҚазҰу Тарих кафедрасының доценті
Тұрар Айгерім Орынбасарқызы 1- курс студенті

Кешегі қазақтың ежелгі мекені ұлы Дала, қазіргі Мәңгілік ел - Қазақстан шетсіз де шексіз. Алтайдан Каспийге дейін созыла сұлап, Батысы Сібір ойпаты, Шығысы Тянь-Шань тауларының теріскейін ала көсіліп жатқан осынау Ұлы даланың жері де Ұлы, тылсым терең тарихы да Ұлы, өскелең ұрпаққа деген Ұлағаты да Ұлы.
Бізге мұраға қалған ата қонысымыз жылдар бойы халқымызға қасірет әкелген ажалдар мен жаппай қырып-жоюға арналған қару жарақтарға толы болды. Біз соның бәрінен елімізді де, жерімізді де азат етіп, әлемдік ядролық қарусыздану көшін бастап кеттік. Ақыл мен парасаттың кез келген қарудан қуаттырақ болатынын дәлелдеп, жаһандық қауіпсіздікке зор үлесімізді қостық.
Қазақ тарихы – жан-жақты тарих. Қазақ мәдениеті – жан-жақты мәдениет. Даланың қағандары мен хандары, билері мен батырлары, сардарлары мен сарбаздары, салдары мен серілері тарих мұңын жоқтаған жырау да, табиғат мұңын шаққан сазгер де, сөз саптаған шешен де, найза ұстаған көсем де бола білген. Соған орай халық та осы сарбаздарын, ақындарын, сазгерлерін, шешендерін, көсемдерін шексіз құрметтеген, еркелеткен. Оларға еліктеген, таланттарына тағзым етіп, дарындарына қошемет көрсеткен.

Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам! - деп жыр көңілімен толғанғандығын да әр қазақ баласы жақсы біледі. Алдағы күнде Ұлы Даламыздың ұлылығын бүгінгі және келер ұрпақ тани білсе екен деген ниеттегі сөз бұл. Елбасының «Ұрпаққа мәңгі тіл қатшы, далам!», - деп және де толғанары ендігі ұрпақтың кіндігі де, ниеті де, еңбегі де, ой-мүдде мақсаты да Ұлы Даламен мәңгілікке байланысып жатса екен деген бағзы бабалар аманатымен үндесіп тұрған ұлағат есебінде қабылдар едік.
Дала бізге кеңдікті, дарқандықты, жомарттықты, қонақжайлықты, қайырымдылықты үйретті. Осынау қасиеттердің бәрі де әр қазақтың бойында бар. Ұлы Даламыз кең болғаннан кейін көңіліміз де кең. Ұлы Даламыз дарқан да, жомарт та болғаннан кейін біз де солмыз! Ұлы Даламызға, оның өн бойына қазақтың адал ниетінің дастарқанын Жаратқанның өзі ырысымен бірге жайып тастаған, қонақжайлығымыз да сол жаратқаннан! Ұлы Дала бізге әрдайым қайырымдылық танытып келеді. Кей кейде сол даланың сәл еңкейіп-ақ алар олжасынан құр қалып жатарымыз да бар. Асқақ көңілмен шауып өте шығамыз. Сонда да сол дала өз баласына деген бір сыбағасын сақтап-ақ отырады. Тарықтырмайды, өзегіңді талдырмайды.
Бірлік – біздің барлық жеңістеріміздің алтын қайнары,халқамыздың бойына сенімділік беретін, ел қорғағанда күш-қуат берер асқақ айбары. Осыны әрдайым ойымызда шығармауымыз керек. Жаһандану заманында тағдыр талайымен бөлініп кеткен, тілі, ділі, діні мен тегі бір түркі халықтары ХХІ ғасырда ынтымақ жарастыруы керек. Сөйтіп, саясатта, экономикада, ғылым мен технология салаларын өзара ықпалдастық пен байланыстарды күшейте беруіміз керек. Ата тарихы бізді осыған шақырады.
Бәріміздің киелі атамекеніміз бар, ол – қазақтың Ұлы Даласы. Сол далада бабалардың ізгі аманатын орындау жолында біз құрған қасиетті бір Отанымыз бар. Ол – Тәуелсіз Қазақстан. Тәуелсіздік – біздің маңдайымызға басқан бағымыз, мәңгі сақтауға тиіс аманатымыз. Қасиетті Отанымызда қандай қиындықты да қайыспай қарсы алуға лайық өршіл рухты, азат ойлы, тек алға ұмтылатын жасампаз халық бар. Ол – қайталанбас ержүрек қазақ халқы, барша қазақстандықтар. Сол қаһарман халықтың алға қойған ізгі мақсаты бар. Ол – Ұлы Дала төсінде өзі құрған мемлекетті Мәңгілік Ел жасау. Ендеше, әрқашан еліміз аман, бауырымыз бүтін болсын. Сіздер мен біздер құрған Тәуелсіз Қазақстанымыз Мәңгілік Елге айналсын! Ұлы мақсаттарға жету жолында бізге батыр бабалардың аруағы жар болсын!


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі