» » » Шығарма: Ұлы даланың ұлылығы (немесе жаһанға таныта алмай отырған «ұрпақ»)

Шығарма: Ұлы даланың ұлылығы (немесе жаһанға таныта алмай отырған «ұрпақ»)

Шығарма: Ұлы даланың ұлылығы (немесе жаһанға таныта алмай отырған «ұрпақ») казакша Шығарма: Ұлы даланың ұлылығы (немесе жаһанға таныта алмай отырған «ұрпақ») на казахском языке
«Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз»
«Төре тұрып төр берген, қожа тұрып қол берген» қазақ халқы, шүкір, ұлттық құндылыққа, қала берді тарихи мұраға бай. Біз де өзгелер секілді тарихымызды ауыз толтырып, кеуде соғып мақтанышпен айта алатын һәм дүйім жұртқа таныта алатын деңгейдеміз. Оған дәйектеріміз де жеткілікті.
Жер жиһанға жар салмастан бұрын, жаһандану заманында тәрбиеленетін келер ұрпаққа төл тарихымызды түсінікті тілде, ұғынықты түрде қалдыру үшін қайтпек керек? Бұл тығырықтан шығу жолын Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында айқын көрсетіп берді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жалғасы іспеттес аталмыш мақала «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт», «Тарихи сананы жаңғырту» атты бөлімдерден тұрады. Елбасы ұлттық болмысымызды сақтай отырып, Қазақстан тарихын тұтастай қалыпта заманауи формада жаңғырту жолдарын бағыттады.
Қазақ жері - материалдық мәдениеттің қалыптасу ошағы, ежелгілердің техникалық жаңалықтарының куәсі болған мекені. Атқа міну мәдениеті алғаш Ұлы даладан таралғаны белгілі. Тарихтағы деректерге ешкім жиендік жасай алмайтыны хақ. Жылқының тұңғыш рет қазақ даласында қолға үйретілгенін жүргізілген қазба жұмыстарынан, зерттеушілердің дәлелдерінен де көреміз. Археолог ғалым Виктор Зайберттің пікірінше: «Б.з.д. VI мың жылдықта қазіргі Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары аумағында үлкен тарихи оқиғалар орын алған. «Дәл осы өңірлерде далалық өркениеттің бастауы – ат – көліктік коммуникация дәуірі қалыптасқан». Шотландиялықтар килтті, яғни еркектер белдемшесін климатқа байланысты әрі қолайлы болған соң дәстүрлі түрде кигенін тарихтан білеміз. Ал шалбардың алғашқы нұсқасы немесе салт аттылардың асты - үсті бөлек орналасқан киімдері - көшпенділердің идеясы. Қазіргі киім үлгісінің базалық компоненттері, жұмсақ өкшелі саптама етіктер, ер тұрман, үзеңгі, қылыш, сауыт – бәрі – бәрі көшпенділердің мұрасы.
Ғаламдық ғылым үшін сенсация саналған жаңалық әрі қазақ халқының ізденімпаз екенін дәлелдейтін оқиға 1969 жылы орын алған еді. Қазақстанның Есік қорғанынан табылған, «Тутан хамон» атын иеленген «Алтын адам» талай тылсым құпияның бетін ашты. Ал, әлемдік өнердегі биік белес болып саналатын «аң стилі» феномені - тарихи мұраның жарқын көрінісі. Ата – бабаларымыздың көркем дүниелерді дүниеге әкелген, таңдай қақтырып, талайды тамсандыратын әдемі заттарды шебер жасаған, алтын өңдеудің техникасын жоғары деңгейде меңгерген шебер халық екенін білдік.
Қазақ жері металлургияның тарихи отаны. Алғашқы қауымдық құрылыстың өзінде Қазақстан жерінде металлургияның белгілі формасы болғаны анықталған. Қазақ КСР Ғылым Академиясы археологиялық экспедициялары Орталық Қазақстандағы Атасу маңынан көне заманның мыс қорытатын ескі пештерін тапқан. 1771 жылы Қазақстанда болған Н.Рычков Ұлытау маңында «...сол жерді мекендеген халық қазған мыс кенінің көптеген орындарының болуы алтын мен күміс кендерін қазғандығын аңғартатын белгі сияқты» - деп жазған. Аталмыш дәлелдерден біздің жеріміздегі дала өркениеті технологиялық тұрғыдан қаншалықты дамығанын аңғаруға болады.
Алтай – ежелгі түркі халықтарының алтын бесігі. Дархан даланың төсінде Түркі дүниесі пайда болып, көшпелі және отырықшы өркениетті қалыптастырып, өнер, ғылым, әлемдік сауданы дамытуға үлес қосқанын білеміз. Ізінше, сауда мәдениетінің қалыптасуына, әртүрлі мемлекеттермен байланыс жасауға жол ашқан тағы бір желі – Ұлы Жібек жолы. Еуразияның кіндігі болып саналатын Қазақстанның түрлі елдермен тауар айналымы мен зияткерлік келісімнің қалыптасуына септігін тигізген елдімекендердің тарихта алар орны ерекше екендігі айтпасақ та түсінікті.
Шет мемлекеттерден алдыртып, гүлдер дүкеніне қып - қызыл ақша әкелетін қызғалдақ және апорт алманың кіндік отаны – қазақтың дархан даласы. Алманың арғы атасы Сиверс алмасы Қазақстаннан шыққанын біреу білсе, біреу білмес. Ал әлемнің жауһары саналатын Регель қызғалдақтарын Шу, Іле, Тянь – Шань тауларының етегінен кездестіре аламыз. Бізге қарапайым ғана әдеміліктің символы саналатын қызғалдақ, жұпар иісті алма бізден бастау алып, бүкіл әлемге тарағанын мақтанышпен айтуымызға әбден болады.
Тыңнан түрең салды демесеңіз, киіз үйді ді Ұлы даламыздың төсінде пайда болған сәулетті құрылыстың бір жемісі деп атауға әбден болады. Киіз үй – Орталық және Орта Азия халықтарының негізгі баспанасы, көшпелі тұрғын үйі, тарихымыздағы алғашқы сәулеттік құрылыс. Жер сілкінісінде де ыңғайлы, оңайлықпен бұзылмайтын киіз үйді Қазақстан зілзаладан жапа шеккен елерге шатырдың орнына апарып берген. Зерттеуші К.Носилов «Қырғыз даласы бойынша» атты жол – сапар очеркінде: «Бізді киіз үйдің ішіне шақырды. Кең, текеметті үй сондай таза мен жинап қойылған болды, мұндай тазалықты мен қазақ даласында алғаш рет көріп қалдым» дейді. Жазда салқын, жаңбырлы күндерде құрғақ әрі жылы болатын киіз үй қазіргі кезде де пайдалануға ыңғайлы. Әсіресе, мал шаруашылығымен айналысатын қойшылар үшін, тіпті зерттеуші геологтар үшін таптырмас баспана.
Мінеки, қазақ халқы әлем өркениетіне қаншама үлес қосқанын тарихтың өзі дәлелдеп берді. «Түбін білмеген түгін білмейді» дейді. Біз қызғалдақтың отаны Голландия деп қателесеміз, бірнеше жыл бұрын табылған «Алтын адамды» туристік нысанға айналдыра алмаймыз, алманы бүкіл елге таратып жіберіп өзіміз айырылып қалғалы отырмыз. Жылқыны қолға үйретудің авторлығына байланысты шыққан дау да бар. Сайып келгенде, тарихты жүйелей алмай отырмыз. Ұлттық тарихымыздың төңірегінде туындаған дау - дамай мен проблемалардың нүктесін қою үшін шетелдік зерттеушілер мен отандық зерттеушілер не тарихшылар білек сыбана кіріссе, тапқан дәлелдерді цифрландыру талабына сай орайластырса біршама нәтижеге қол жеткізеріміз анық. Тарихтың тетігін тапқандар ғана мол жетістікке жете алатыны секілді, біз де тетігін тапсақ, мәдени, рухани, экономикалық тұрғыдан дамитындығымызға шүбә жоқ. Талқылап, құр дақпыртпен көпіре беруден гөрі, нақты іске көшкен жөн. Ұлы даланың ұлылығын таныта алмай отырған «ұрпақ» деген атақты арқалап кетпесек игі еді...

Жолдасова Назым
Х.Досмұхамедов атындағы
Атырау мемлекеттік университетінің
Журналистика мамандығының
3 курс студенті



Полную версию материала можете скачать через 30 секунд !!!

Автор: ZHARAR | 81 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Шығармалар жинағы, , , Шығарма: Ұлы даланың ұлылығы (немесе жаһанға таныта алмай отырған «ұрпақ») шыгарма казакша шығармалар қазақша тегін сочинение на казахском языке сочинение на казахском языке скачать бесплатно сочинение на казахском языке скачать бесплатноҚазақша Шығармалар жинағы