Рим империясы тұсында Христиан дінінің кеңінен таралуы
Христиан діні адам өзінің таьиғатынан-ақ әлсіз және күнә жасауға беім тұрады, міне сондықтан да оны шіркеудің көмегімен ғана құтқарып қалуға болады деп үйретті. Шіркеудің қоғамдағы ықпалы әр елде әр түрлі болғанымен, тұтастай алғанда күшті болды. Жалпы алғанда, ортағасырлар дәуіріндегі еуропалық қоғамның бүкіл мәдени өмірі христиан өмірі христиан дінімен тығыз байланысты болған, ал мұндай жағдай, яғни діннің дәл осындай биік дәрежеге көтерілуі ежелгі дүниеде де болмаған еді. Ендігі жерде дін тек қана философия ғана емес, саяи доктринаға , құқықтар жүйесіне, моральдық ілімге айналды. Алғашқы кезде рұсат етілген, кейіннен император Константиннің билігі кезінде (285-337ж.) бүкіл Рим ипериясының мемлекеттік діні – деп танылған христиан діні жалпы христиандық мәдениет пен өнер саласында жаңа леп, жаңа мазмұн әкелді. Христиан дінінің кеңінен таралуына астананың Римнен Византияға көшірілуі де әсерін тигізбей қойған жоқ. Бірақ, империяның Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі христиандық мәдениеттің өзіндік сипат алуына әкеліп соқты. Біртұтас Рим империясы екіге бөлінгеннен кейін оның шығысында гүлдену басталды да, ал батысы тоқырауға ұшырады және көп ұзамай-ақ варварлар шапқыншылығына ұшырады да өз тәуелсіздігін жоғалтты. Көшпелі бұл тайпалардың ұлттық өнері өзінің сипаты жағынан ою-өрнекті , әшекейлі болып келді. Тек , 756 ж. Мыртық Пипин варварлардың қоныс аударуын тоқтата алды. Батыс Еуропада қаларладың көптеп салынуы мен онда христиан дінінің кеңінен таралуына байланысты монументальдық сәулет өнері дамып, храмдық көркем суреттер салу етек алды, кітап шығару, миниатюралық өнер гүлдене бастады. Батыс және Шығыс Еуропаның арасында өзара қайшылықтар болғанымен бір-бірінен онша алшақтамады.
Кейіннен Византия империясы деп аталған Шығыс Рим империсянда христиандық шіркеу күшті иператорлық билікке тәуелді болды. (Византия империясы ұлан-ғайыр жерді алып жатты. Оған Кіші Азия, Эгей теңізінің аралдары, Сирия, Палестина, Египет, Крит және Кипр аралдары, Мессопотамия мен Арменияның бір бөлігі, Аравияның жекелеген аудандары, Қырым жерлерінің біраз бөлшегі кірді. Империяның этникалық құрамы әркелкі болды.) V ғасырдың өзінде-ақ Византия императорлары шіркеулік – діни өмірде басты роль атқарды: олар шіркеу соборларын шақырудан бастап дін мәселесіне байланысты қабылданатын қаулыларды бекітуді де өз қолдарына алды.
Ал Батыста жағдай мүлде басқаша болды, шіркеу мемлекетке дәл мұндай тәуелділікке ұшыраған жоқ, қайиа қоғамда ерекше жағдайға ие болды. IV ғ. бастап өздерін папалар деп атаған Рим епископтары өздеріне ең басты деген саяси функцияларды таңып алды. Уақыт өткен сайын Шығыс пен Батыс шіркеулері арасындағы қайшылықтар бұрынғыдан да тереңдей түсті. Олардың арасында ІХ ғ-да «филиоква» жайындағы, яғни қасиетті Рух тек Құдай - әкеден туындай ма (бұл Шығыс шіркеуінің көзқарасы), Құдай-әке мен Құдай-баладан туындай ма (бұл Батыс шіркеуінің көзқарасы) деген діни мәселеге байланысты айтыс-таластар туды. Осылай басталған бұл алауыздықтың аяғы 1054 жылы бір-бірінен толық тәуелсіз шіркеулер құрылуын жариялаумен аяқталды. Кейіннен бұл алауыздықтар одан әрі тереңдеп, екі жақтың шіркеулері де өз шіркеуінің әлемдік роліне таласа бастады. Дәл осы тұстан бастап Батыс шіркеуі өздерін римдік-католиктік, ал Шығыс шіркеуі - гректік-ктоликтік, яғни православиелік деп аталды.
Бастапқы Орта ғасырлар кезеңінде ересьтер қозғалысы да жандана бастады. Бұл қозғалыста жақтаушылар Иисус Христостың құдайлылық мәні туралы догматты жоққа шығарып, Христос пен Қасиетті Марияның адамдардан ешбір айырмашылықтары болмаған деп санайды. «Монофизистік» деп аталатын екінші бір ересьтік ағым керісінше, Христосты нағыз құдай деп танып, ондағы адамның табиғатын жоққа шығарады. Ересьтік ағымдар идеяларының таралуына жол бермеу мақсатында дін басшылары инквизицияны (іздеу, зерттеу деген мағына береді) тұрақты шіркеу соты ретінде кеңінен қолдана бастады. Ересьтермен қатар балгерлер, емшілер, көріпкелдер және т.б. қатаң жазаға тартылатын болды. Шіркеу сайтан адамдардың бойында, әсіресе әйелдердің бойына ұялап алады да, оларды жамандық істерге, жат қылықтарға бастайды деп уағыздады. Жын-сайтанға демеу жасады деген айып өлім жазасын кесуге жеткілікті болды. Христиан дінінің негізгі қағидаларына қарсы шыққан ересьтер дін бұзарлар деп айыпталып отқа өртеліп отырды. Мұндай қанды процестер Батыс Еуропа елдерінде кең етек алды. Мысалы, Испанияда 30 мың адам инквизиция оттарында өртелді.
Батыста да, Шығыста да «монахтық» жолға түсудің маңызы өте зор болды. Олар дүние-мүліктен, жанұя құрудан ерікті түрде бас тартты, «жарық дүниеден кетудің міндеттерін өз мойындарына алды. VІ ғ. өзінде-ақ монастырлар әрі бай, әрі беделді діни орталықтарғак айнала бастады. Ал кейбір монастырлар діннің ғана емес, білім мен мәдениеттің орталығына айналды. Монахтардың арасында асқан білімдар адамдар да болды. Солардың бірі – Англияның тарихы жайындағы ең алғаш іргелі еңбектің авторы, өз заманының білімдері саналған монах Беда Достопочтенный болды. Ол VII ғ. аяғы мен VIII басында Англияның Солтүстік – Шығыс монастырларының бірінде өмір сүрген.
Доминикан орденінің (оның негізін 1215 ж. испандық монах Доминикан қалаған) мүшесі, ортағасырлар дәуірінің ең көрнекті философы Фома Аквинский (1226 – 1274 ж.) құдай болмысының бес қағидасын тұжырымдады. ХІХ ғ. аяғында католик шіркеуі Ф. Аквинскийді дін, философия, тарих, саясат, саясат және құқық саласындағы мәңгілік «беделді тұлға» деп жариялады. ХІІІ ғ. «кедей монах ордендері» де құрыла бастады. Олардың мүшелері қалалар мен селоларды кезіп, қайыр-садақа есебінен ғана өмір сүрді және өздерінің кедейліктеріне халыұ тарапынан аяушылық туғызған бұл монахтар халық мәдениетінің дамуына үлкен ықпал жасады.
Бұл дәуірдегі монахтар ордендерінің ішінде, әсіресе, Бургундиядағы атақты Клюни монастырынан басқарылатын ең қуатты, ең бай Бенедикт ордені (VI ғ.) ерекше роль атқарды. Өзіне екі мың монастырды бағындырған Клюни монастыры папа үкіметін күшейте отырып, Бенедикт шіркеу империясының басты орталығына айналды. Клюни монахтары құдайға құлшылық ету рәсімдерімен қатар шіркеу ғимараттарын салуға белсене қатысты. Еуропада салынған ең таңғажайып ғимараттардың бірі - сегіз мұнаралы, әдемі капеллалармен қоршалған Клюнидегі Бенедикт орденінің Бас шіркеуі ХІ ғ. аяғында монахтар артельдерінің күшімен салынды. Бірақ, бұл ескерткіш Напалеон біріншінің билігі кезінде тағылықпен қиратылды.
ХІІ – ХІІІ ғ. католик шіркеуі мен папа өкіметінің қоғамдық өмірге ықпалы барған сайын күшейе түсті. Бұл кезеңнің ең беделді папасы Иннокентий ІІІ (1160 – 1216) болды. Папа дәрежесінің асқақтағаны соншалық, оның қолын тек қана императорлар сүйе алатын болған, ал қалғандары аяқ киіміндегі кресті сүюмен ғана қанағаттанды. Римнің католиктік шіркеуі мемлекттер арасындағы даулы мәселелермен, коммерциялық қызметпен шұғылданудың арқасында дүние жүзінің ірі қаржы орталықтарының біріне айналды. Индульгенцияларды («кешірім» деген мағынаны білдіреді), яғни жасалған кінәлардың кешірілгендігі туралы грамоталарды сату ісі де папа билігінде болды. Ал мұндай индульгенциялардың бағасы адамның жасаған қылмысының ауыр-жеңілдігіне байланысты болды.
Орта ғасырлық Еуропа қоғамы - діни қоғам болды, міне сондықтан да орта ғасырлық еуропалықтар ағыз діндар адамдар болды. С. Аверинцевтің пікірі бойынша, біздер күнделікті өмірде жаңадан шыққан газеттерді қалай үзбей оқитын болсақ, оларды Библияны сондай құштарлықпен , үлкен үміт-сеніммен оқитын болған. Демек, орта ғасырлық рухани мәдениетте христиан діні орасан зор роль атқарды. Осы дәірдегі христиан идеологиясының адамгершілік бағыты – «Сенім» , «Үміт» және «Махаббат» үштігінің бірлігіне тікелей байланысты болды. Бұл «Үштіктің» ішінде «Сенімге» үлкен мән беріліп, ол құдай жолына апарар «рухтың» ерекше бір жағдайы деп қарастырылды. Ал «Үміт» болатын болса, ол құдайдың көмегімен күнәдан арылуға тікелей байланысты. Бұл жолда қасиетті шіркеудің қағидалары мүлтіксіз орындалуы және тағдырға бой ұсынушылық басты шарттар болып саналады. «Махаббат» болса, ол ең бірінші кезекте құдай тағалаға деген махаббат, бұл адам баласының құдай жолына деген талпынысы болып табылады.
Шіркеу ілімі қоғамдық ой-сананың басты ұйтқысына айналды және философия, логика , жаратылыстану сияқты ғылым салалары христиан дінінің негізгі қағидаларымен сәйкестендірілді. Дін басылары ең білімді тап болғандықтан, христиан шіркеуі білім беру жолындағы саясатты өздерінің қалауы бойынша жүргізіп отырды. Міне, сондықтан да болар , V – VI ғ. Батыс Еуропаның бүкіл мектептері шіркеу билігінде болды. Мектепке оқушыларды қабылданудан бастап, оқу бағдарламаларын жасауға дейінгі жүргізілетін жұмыстардың барлығын шіркеу өзі жүргізді. Мұндағы басты мақсат – шіркеу қызметкерлерін дайындап, тәрбиелеп шығару болды. Осы орайда діни білім берумен қатар, христиан шіркеуінің ежелгі заманның білім беру жүйесінен мұра болып қалған ақсүйектік мәдениеттің элементтерін кеңінен қолданғанын да ерекше атап өткен жөн сияқты, яғни «Жеті еркін өнер» - грамматика, риторика, арифметика, астрономия және музыка оқытыла бастады. Монахтық мектептерден басқа «сыртқы мектептер» деп аталатын жастарға арналған арнайы мектептер болды. ІХ ғ. бастап Англияда ақсүйектердің балалары үшін арнайы «бекзадалар мектептері» ашылы, онда сабақ беретін еуропалық білімпаз ұстаздар ежелгі авторлардың шығармаларын ағылшын тіліне аударуды қолға ала бастады. Бұл мектептердегі сабақ сапасы әрқилы болғандықтан, олардың түлектерінің білім дәрежесі де әр түрлі болды.
ХІ – ХІІ ғ. бастап Еуропада ашыла бастаған алғашқы университеттер ғылыми – зерттеу жұмыстарының орталығына айнала бастады. ХІ ғ. Италияда Балон құқық мектебінің негізінде Балон университеті (1038ж. ) ашылды. Жаңа оқу орнының ашылуы рим заңының жандануына, оны тереңдетіп оқуға мүмкііндік туғызды. Міне, сондықтан да болар Еуропаның түпкір – түпкірінен келген тыңдаушылар саны жыл сайын өсе бастады. ХІІ ғ. Батыс Еуропаның басқа елдерінде де университеттер ашыла бастады.
Англияда Оксфорд университеті (1167 ж.) , ал одан кейін іле-шала Кембридж университеті (1209 ж.) – ортағасырлық білім ордаларына айналды. Мұндай жоғары оқу орындарында дарынды ғалымдар, білікті мамандар еңбек етті. Солардың бірі – белгілі университет ғалымы , ағылшын Роджер Бэкон (1214 – 1292) болды. Ол дүниені танып-білудің әдісі – адамның ақыл-ойы мен тәжірибесі деген ғылыми қорытынды жасап, бұл мәселедегі шіркеу беделіне күмән келтірді.
Бұл оқу орындары қалаларда орналасқандықтан қала мәдениеті кеңінен даму алды. Мұны біз қала мәдениетінің даму процесінің тереңдей түскені қалаларда шіркеулік емес мектептердің ашыла бастағандығынан аңғаруға болады. Бұл әрі игілікті, әрі мәнді мәдени құбылыс болып саналады, өйткені бұл мектептер материалдық жағынан шіркеуден тәуелсіз болды. Мектеп мұғалімдері оқушылардан түскен қаржының есебінен жалақы алып тұрды. Ең бастысы – дәл осындай мектептердің көбеюі қала халқының сауаттылығын арттыру мәселесін шешуге айтарлықтай ықпал жасады. ....

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
kz | Рефераттар
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?