Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкінудің географиялық таралуы | Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкінудің географиялық таралуы Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Геология пәнінен қазақша реферат




  • »

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкінудің географиялық таралуы

Жер сілкінудің географиялық таралуы барлық жерде бірдей емес екендігі бұрыннанақ мәлім.

XX ғасырдың 60 жылдарының аяғына қарай жер сілкінуді зерттеу әдістері жетілдіріліп, оның эпицентрін дәлірек анықтауға мүмкіндік туды. Жердің сейсмикалық картасына жасалған талдау жұмыстарының нәтижесі, яғни ең басты сейсмикалық белдеулердің Тынық мұхиттық және Жерорта теңіздік (Альпі—Гималай) белдеулер екендігін көрсетеді.

Тынық мұхиттық белдеу Оңтүстік және Солтүстік Америка, Антиль, Алеут, Аляска, Камчатка, Куриль, Гавая аралдары, Жапон, Филиппин, Малайя, Жаңа Гвинея, Жаңа Зеландия және т. б. жерлерді, жалпы алғанда Тынық мұхит жағаларын түгел қамтиды. Бүкіл жер шарында болатын күшті жер сілкінулердін, алтыдан бес бөлігі немесе барлық жер сілкіністерінің 68%-і осы белдеуде байқалып тұрады. Олардың кепшілігі терең фокустық сілкіністер болып келеді.

Жерорта теңіздік (Альпі—Гималай) белдеу Жерорта теңізінің батыс жағалауларынан басталып, ендік бойымен Шығыс Азияға дейінгі аралықта созылып жатады,атап айтқанда Пиреней,Апеннин,Балқан Альпі,Карпат, Қырым, Кавказ, Памир, Иран, Ауғанстан, Орта Азия, Бирма, Индонезия және т. б. жерлерді қамтиды Жалпы жер сілкіністерінің 21%-і осы белдеуде болып тұрады. Олардың көпшілігі сығылысу, ал кейбірі тектоникалық жарықтар бойымен ығысу әрекеттерімен тығыз байланысты. Жер сілкіну әрекеттері жоғарыда аталған сейсмикалық қос белдеуден басқа да жеке аймақтарда, яғни Тянь-Шаньда, Монголия мен Қытайдың таулы ай- мақтарында, Байкал маңайында, Африкалық Ұлы көлідер маңайын-да және т. б. аудандарда кездесіп тұрады.

ТМД территориясында жер сілкіну ошақтары негізінен оңтүстік-те, шығыста, солтүстік-шығыста орналасқан Атап айтқанда Карпат маңын, Оңтүстік Қырымды, Кавказды, Оңтүстік Түрікменстанды, Орта Азияның таулі бөлігін (шығыс бөлігі), Алтайдан Саянға дейінгі таулы аудандарды, Байкал маңын, Верхоянды, Чукотканы, Қиыр Шығысты, Сахалинды, Камчатканы және Куриль аралдарын қамтиды.

Орта Азия мен Қазақстан жерінде Солтүстік Тянь- Шань таулары, оның ішінде Іле Алатауы мен Күнгей Алатауы және Жоңғар Алатауы ертеректен-ақ белгілі жер сілкіну зардабына көп ұшыраған аймақтар болып табылады.

Сейсмикалық қауіпті (дүмпу күші VII балл) зонада орналасқан ірі қалалардың ішінде Кишинев, Ялта, Тбилиси, Ереван, Ашгабад, Душанбе, Ташкент, Фрунзе, Алматы, Иркутск, Оңтүстік Сахалинск, Камчаткалық Петропавлск қалаларын ерекше атап өтуге болады. Олардың жалпы аумағы бүкіл ТМД территориясының бестен бір бөлігін қамтиды.

Жер сілкінудің географиялық таралуы Жер бетінде біркелкі болмайтындығы кездейсоқ оқиға емес. Оның себебі, жер қыртысының жеке аудандарының геологиялық даму тарихының өзіндік ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жалпы алғанда, жер сілкіну әрекеттері қозғалмалы аймақтарда жиі байқалады. Мұндай аймақтардың қатарына ең жас қатпарлы тау жоталарың мұ-хиторталық жоталар мен рифттік зоналарды, материктер мен мұхиттардың шекарасын қамтитын аудандарды жатқызуға болады. Сонымен бірге, жер сілкіну аймақтарының вулкандардың таралу аймақтарымен де сәйкес келетіндігін айта кету керек. Кейбір жағдайда, күшті жер сілкіну әрекеттерінің вулкандық әрекеттерді жандандыратындығы байқалады. Мысалы, 1952 ж. Перу мен Чилиде болған күшті жер сілкінуден соң іле-шала оянған вулкандардың саны 25-ке жеткені мәлім. Мұның барлығы жер сілкіну және вулканизм әрекеттерінің пайда болу себептерінің бірлігін немесе ұқсастығын және олардың Жер қойнауында тоқтаусыз жүріп жатқан жалпы геодинамикалық әрекеттермен тығыз байланыстылығын көрсетеді.

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 2 640
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:

. .