Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну | Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Геология пәнінен қазақша реферат




  • »

Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну

Жер сілкіну. Жердің даму тарихында апат туғызатын (катастро фалық) табиғи құбылыстардың бірі — жер сілкіну.

Оның жойқын күшін адамзат тарихындағы белгілі басқа қатерлі оқиғалардың еш қайсысымен салыстыруға болмайды. Ерте кезден сақталған тарихи деректер бойынша, бар болғаны бірнеше секунд ішінде үлкен бір қаланың немесе кішігірім мемлекеттің түгелдей дерлік жоқ болып кеткендігі белгілі. Жер шарында тәулік сайын (орта есеппен) 200-де астам, ал бір жылда 100 мьщға жуық жер сілкінісі болып тұрады. Олардың арасында жылына 9 балдық– 10—15, 8 балдық — 50—100, 7 балдық — 300—500-г жуық жер сілкінісі байқалады. Төмендегі суретті (ЮНЕСҚО-ның мәліметтері бойынша) XX ғасырдағы ең күшті жер сілкіністері (географиялық орны, болған жылы, апатқа ұшыраған адамдар саны) көрсетілген

Американ сейсмологы Дж. Милннің санағы бойынша адамзат тарихының соңғы 4 мың жыл ішінде жер сілкіну зардабына ұшырап, апат болған адамдар саны 13 млн-нан кем емес екен. Сондықтан да жер сілкінуді зерттеу әдістерін жетілдіру және оның болу мүмкіндігін алдынала болжау мәселелері қаншалықты маңызды екендігін осыдан-ақ байқауға болады.

XX ғасырда біздің елдің территориясында байқалған жер сілкінуі әсерінен: 1911 ж. — Верный қаласы (қазіргі Длматы), 1927 ж. — Қырымның оңтүстік жағалауы, 1948 ж.— Ашгабад, 1966 ж.— Ташкент қаласының ор-талық бөлігі, 1976 ж. — Газли, 1986 ж. — Кишинев, 1989 ж. — Армения қалалары мен Тәжікстан селолары зардап шекті.

Катастрофалық ірі жер сілкінулер кезінде жер бетінің бедері көп өзгерістерге ұшырайды: кейбір аудандар (мулит деңгейінен санағанда) төмен шөгеді (мысалы, Чили жер сілкінуі, 1960 ж.); кейде құрлықтың немесе теңіз түбінің жоғары көтерілуі (мысалы, 1964 ж. Аляскада болған жер сілкінуі кезінде 16 м-ге дейін жоғары көтерілуі) байқалады; өзендердің жолы бөгеліп, жаңа көлдер пайда болады (мысалы, 1911 ж. пайда болған Памирдегі Сарез көлі); лайлы-тасты тасқындар сел болып ағады (мысалы, 1949 ж. Тәжікстанда Хаит селосының тұрғындары түгелімен селді тасқын астында қалды); мұхит жағалауларына жақын аймақтарда (мысалы, Тынық мұхит жағалауында) алып толқындар (цунамдар) пайда болып, орасан зор апатқа ұшыратады.

Жер сілкіну туралы тағы да көп мағлұмат геология пәніне кіріп таба аласыз.

Санат: KZ портал » Қазақша Рефераттар жинағы | | 2 745
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .