Геология пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жер сілкіну кезінде не істеу керек?


Жер сілкіну кезінде не істеу керек?. Қазіргі кезде сейсмологтардың алдында тұрған зор міндет жер сілкінуді болдырмау немесе халықты алдын ала сақтандыра білу болып табылады.

Жер сілкіну апатына қарсы тұруда қолдан келетін шаралардың бірі, жоғарыда айтылғандай, сейсмикалық аудан-дастыру карталарын жасау. Мұндай карталарды жасау — жер сілкінну әрекеттерін алдын ала болжау мақсатында жүргізілетін зерттеу жұмыстарының алғашқы кезеңі деуге болады Аудандастыру карталарын жасау жұмыстары біздің елімізде 1968—1978 ж. ж. жүргізіліп, соның нәтижесінде дүмпу күші VII балдан жоғары (М5К-62 жүйесі бойынша) қауіпті аймақтар айқын-далды. “Жер сілкінулер атласы” басылып шықты (1961).

Жер сілкінуде не істеу керек? Сейсмикалық болжам жасау — ерекше маңызды іс. Әсіресе, қысқа мерзімді болжаулар апат мөлшерін азайтуға, адамдарды күні бұрын ескі үйлерден көшіруге, құрылыс конструкциясын жетілдіруге, құрылыс материалдарын, техника, азық-түлік, дәрі-дәрмек қорын әзірлеуге мүмкіндік берген болар еді. Әрине қысқа мерзімді шұғыл болжамдар жасау — өте жауапты іс, өйткені, өн- діріс орындарының жұмыстарын тоқтату, адамдарға тұрған ү-лерін тастап кету және т. б. толып жатқан талаптар қойылады. Сондықтан, қысқа мерзімді болжам жасаушы мамандардың жауап-кершілігін арттыру қажет. Ал жергілікті үкімет орындары сенімді информация негізінде жақындап келе жатқан апаттан адамдарды қорғап қалу мақсатында шұғыл шешім қабылдап, ұй ымдастыру шараларын жүзеге асыруға тиіс. Бізде қысқа мерзімді болжамдар жасау ісінде азды-көпті жиналған тәжірибе бар. Мысалы, Тәжікстанда болған (1989)1 жер сілкінісі алдында, жақындап келе жатқан апат жайында дер кезінде алдын ала ескертілді. Бірақ, өкі- нішке орай, жергілікті үкімет орындары сақтану шараларын дер кезінде ұйымдастыра алмағандықтан, ғалымдардың бұл болжамы аяқсыз қалды деуге болады. Соның салдарынан көптеген адам зардап шегіп, құрылыс орындары қирады. Бұл секілді өкінішті жағдайларды

болдырмас үшін, жалпы жер сілкінуден сақтану шараларын дер кезінде жүзеге асыруға бағытталған арнаулы зан қабылданып, осы мақсатта жұмсалатын қаржы жөніндегі және т. б. толып жатқан (финанстық және экономикалық) мәселелерді шешу қажет. Алайда бұл мәселелер әзірше шешілмей отыр. Өйткені, қысқа мерзімді болжам жасау проблемасы әлі де болса сейсмикалық зерттеу әдістерін жетілдіруді қажет етеді.

Ал енді жер сілкінуге дейінгі сақтану шаралары,жер сілкіну кезіндегі тәртіп және жер сілкінуден кейін не істеу керек екендігі туралы қысқаша нұсқаулар беруді жөн көрдік. Өйткені көп адамдар жер сілкіну кезінде орынсыз әбіржіп-сасу немесе үрейлену салдарынан көп зардап шегеді.

Жер сілкінуге дейін не істеу керек

Үйде батареямен жұмыс істейтін радиоқабылдағыш, калта шам (электрлік фонарь), от сөндіргіш баллон және дәрі-дәрмектер сауыты (аптечка) болуға тиісті. Жарақаттанған кісілерге алғашқы көмек беру ережелерін алдын ала үйреніп, қажетті жағдайда көмек бере білу керек (дәрігерлік жедел көмек келгенше); электр энергиясынын, көзін және су мен газ крандарын қауіпті жағдайда жауып тастау үшін, олардың орналасқан нүктелерін алдын ала білу қажет; шкафтар мен этажеркаларды және стеллаждарды үй қабырғасына жақсылап бекітіп, жоғарғы полкаларда орналасқан ауыр заттар болса, оларды төмен түсіру керек. Осы тәрізді сақтану шараларын қызмет орындарында, мектептерде және т. б. мекемелерде де жүзеге асыру қажет.

Жер сілкіну кезінде не істеу керек

Ең жақсысы орынсыз әбіржіп-саспау керек; өзіңнен басқа адамдарға үрей туғызбай, оларды тыныштандыруға тырысу керек. Егер үйде болсаңыз үй ішінде, көшеде болсаңыз көшеде қала беру керек. Өйткені, көп кісілер жер сілкіну кезінде үрейленіп, сасқанынан не істеп, не қойғанын білмейді; паникаға беріліп, үйден Қашып шығу кезінде зардап шегеді. Үй ішінде болғанда есіктің қуысында немесе екі тіреу аралығында тұру керек, егер үлгерсеңіз стол астына тығылыңыз. Ал егер көщеде болсаңыз электр жүйесінен аулақ болып, мүмкіндігінше тар көшеде қалып қоймаңыз. Егер автомобиль рулінде болсаңыз ашық алаңда тоқтатып, автомобиль шықпаңыз.

Егер сіз аласа үйде (бірінші-үшінші қабатта) болсаңыз сыртқа шығып кетіңіз, ал көп этажды биік үйлерде болсаңыз үйде қалған жөн. Сіріңке тұтату немесе май шам жағу өте қауіпті. Өйткені газ аралас ауа тез тұтанып, өрт шығуы немесе қопарылыс болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, үйден сыртқа қашып шығуға мәжбүр болсаңыз, лифт арқылы емес кәдімгі баспалдақтарды пайдалану керек.

Жер сілкінуден кейін не істеу керек

Ең алдымен электр жүйесін, су мен газ крандарын қайта тексеріп, жауып тастау керек. Үй ішінде газдың исі болса есік пен терезелерді ашып желдету керек. Мүмкіндік болса, авариялық қызмет орындарына хабар беріп, үйден тез кету керек. Құлап жатқан үйге қайта кіруге болмайды. Өйткені, жер сілкінуден кейінгі алғашқы сағаттар өте қауіпті, себебі қайталай сілкінуі әрекеттері (афтершоктар) көпке дейін (2—3 тәулік) сақталады. Барлық жағдайда аспай-саспай, басқаларға үлгі бола білу керек. Көбінесе паникаға бой берген адамдар көп зардап шегеді немесе апатқа ұшырайды
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу