Экономика | Қоғамдық өндіріс

Экономика | Қоғамдық өндіріс

Қазіргі қоғамның экономикалық өмірінің шындығы кәсіпорындарда шығарылған өнімдер жоспарлы түрде тауар формасына айналуында. Қазіргі шынайы өмір фактілері адамзат қоғамының бүгінгі тағдыры экономикалық өмірінде әрі қарайғы даму жолын айқындау үшін теориялық түрғыдан ой елегінен өткізілуі қажет. Саяси жүйеге,мемлекет құрлысына тәуелді емес әр түрлі қоғамдық өндіріс формалары бар екенін көрсетіп отыр. Оқулықтарда және ғылыми әдебиеттерде адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі ғана формасы натуралдық және тауарлы өндіріс болған және солай болуда деген пікір терең тамыр жайған. Қоғамдық өндірістің жалпыға танылған формаларымен қатар әдебиеттерде тікелей қоғамдық өндіріс, сондай-ақ жоспарлы шаруашылықтар туралы да айтылады. Натуралдық шаруашылық түсінігіне жеке тұтынуға қажетті өнімді өз қолымен жасау жатады. Ол өндіргіш күштердің әлсіз дамуымен, өндірілген өнімді қосымша еңбек үлесінің жоғары еместігімен сипатталады. Еңбектің қандай түріне болсын жеке меншік немесе қоғамдық, жеке немесе бірлескен еңбекке негізделсе, натуралдық шаруашылық артық өніммен өзара айырбас жүргізбейді. Натуралдық өндірістің айқын сипатына оның бөлшек түрдегі, шаруашылық өмірдің тұйықталушылығы жатады. Осыған байланысты еңбек өнімі тек қауым шеңберіде, құл иеленушінің немесе феодалдық шаруашылығында ғана кәдеге асты. Осының салдарынан, қоғамдық байланыс қатаң түрдегі сипатта болады-өнім қауым мүшелері,құл иеленуші, феодал, олардың отбасы мен бала-шағасы тұтыну үшін ғана өндіріледі. Еңбек нәтижесі шаруашылық ауқымынан аспайды,ал сыртқы байланыс болған жағдайда ол тұрақты емес, кездейсоқ сипатта болады. Еңбекті ұйымдастыру принципі оның негізінде бола тұра қоғамдық шаруашылық жүргізуді айқындауда шешуші рөлге ие емес. Өндіріс түрі байланыс түрімен, яғни шаруашылық жүргізудің қайсібір типінің бейімдік түрін айқындайтын қатынастармен сипатталады.
Натуралдық шаруашылықты жүргізуді өнім жеке адамның немесе көптің біріккен еңбегімен де өндіріле береді. Соңғысының негізіне дара бастың, оның еңбек жағдайының қожасы алдындағы міндеткерлігі жатады, осылайша олар өнім арқылы бір-бірімен қарама-қарсы тұрады, бір жағында-дара еңбек, екінші жақта-еңбек жағдайын меншіктеуші. Бірақ дара еңбек тұйықталған шаруашылық шеңберінде, көп ретте, жалпылар еңбегінің бір болігін құрай отырып, қоғамдық еңбек бөлінісінің алғашқы табиғи мәйегіне негізделеді.Соңғысы мануфактуралық еңбек бөлінісінің осыған сәйкес кейін ірі өнеркәсіптің мәрелік пункті болып табылады. Сөйтіп, бірлескен еңбек дами отырып, өзгеріске ұшырайды, басқа жағдайға өтіп,шаруашылық жүргізудің жаңа түрінің пайда болуына себін тигізеді. Натуралдық формадағы еңбек әр қилы түрлері және шаруашылық жүргізудің натуралдық типі бір ұғым емес. Біріншісі қандайда болсын өндірістің табиғи элементі болып табылады. Екіншісі болса тарихи сипатта ие, өйткені ол адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып, өзінің өрлеуінде басымдық жағдайға жетті, кейін, анағұрлым жетілген формаларға орын беріп, құлдырауға түсті. Натуралдық шаруашылықтағы бөліс, айырбас пен тұтыну жеке жұмыскердің сіңірген еңбегіне байланысты емес.
Әсіресе өндірістің осындай типі қалыптасуының ерте кездегі
сатыларында бұл қатты байқалады. Натуралдық өзгерудегі қайта өндіру өндірілген өнімнің жалпы санына байланысты. Натуралдық өндірістегі еңбек өнімдерімен алмасу тікелей натуралды, заттық өлшем бірлігі бойынша қауым мүшелерінің тірлік етуіне, қажеттілігіне қарай жасалды. Мұнда бөліс теңдестіру сипатында жүреді, ал топтар арасындағы өнім алмасу болмады. Алғашқы қауымдық қоғамның басты кезеңінде жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі дегенді білмеді, ал өнімді өздері тұтынды. Әрі қарай, натуралдық өндіріс заңдылықтары өз-өзінше қайшы келді де қауымдық шаруашылық заңдылықтары емес, еңбек құралдары мен жерді меншіктеу заңдылықтарына тәуелді болды. Көп жағдайда еңбекшілер экономикалық заңдылықтарға емес құл иеленушінің, яки феодалдың еркі мен көңіліне тәуелді болып отырды.
Осылайша натуралдық өндірісте шаруашылық жүргізудің өктемшіл формасының алғашқы жұқанасы пайда болды. Тарихи жағынан шаруашылық жүргізудің келесі дамыған формасы ретінде тауарлы өндіріс пайда болды. Тауарлық қарым-қатынастың негізі ретіндегі қоғамдық еңбек бөлінісінің дамыуы аралығындағы байланыс айналым арқылы сату, сатып алу ретінде орнығып, өз ерекшеліктері бойынша оқшауланған өндірісшілердің пайда болуына алып келді. Тауарлы қарым-қатынастардың дамыуы тауар өндіруші қауымдар арасындағы байланыстан, жеке тауар өндірушіге, ал олардан әрі қарай қарапайым тауар өндірісі заңдылығы өзіне-өзі қайшы келген капиталистік кәсіпорындарға қарай жылысады. Яғни, капиталистік тауар өндірісі заңдылықтары өзінің дамуымен қарапайым тауар өндірісін қайта түлетті. Өндіріс күштерінің дамуы, өндірістік қатынастардағы болмай қоймайтын өзгерістерге жетелей отырып, экономикалық заңдылықтар формасын да өзгеріссіз қалдыра алмайды. Заңдылықтардың формалық айқындық модификациясы өндіріс қатынастары арасындағы байланыстарды түлетеді. Бұл натуралдық та,таурлық та шаруашылық жүргізу. Формаларында айқындала түседі. Бәрі де сол, бірақ алғашқы қауымдық, құл иеленушілік,феодалдық және капиталистік өндіріс әдістеріндегі көріністері ғана әр қилы.Сондықтан, оларды пайдалану, қолдану немесе оларды заңдылық әрекеттерін біріктіру туралы сөз болғанда өндірістің әрбір жаңа түріндегі заңдылық өзгеріске ұшырайды, сондықтан оларды бастапқы түрінде қабылдауға болмайтынын да баса көрсету керек. Қарапайым тауар өндірісі жағдайындағы құн заңының әрекеті айырбас эквиваленттілігімен сипатталады. Тауарлық қарым-қатынастарының дамып, шаруашылық жүргізудің капиталистік жүйесіне өтумен қатар тауарлық қатынастардың маңызды принципі эквивалеттілік өзгеріске ұшырайды және өз қарама-қайшылығы пайда болады. Және де бұл өзгеріске ұшырау жаңа тауарлық қатынастың әлпетін айқындайтын тауар-жұмыс күші алмасуы негізінде пайда болады. Бұл алмасу басым қатынастың жаңа түрін айқындайтын эквиваленттік негізде жүрмейді.
Өндіріс саласындағы өзгерістерге байланысты айналым,бөліс және тұтыну саласында да өзгерістер жүріп жатады. Тұтыным құны өндіріс және айырбас мақсатынан өз бойында құн сақтап жүрушіге, ал соңғысы-мақсатқа айналады, осыдан барып ең соңғы толассыздық қасиетіне ие болады. Сөйтіп адамзат қоғамы байлық арқылы билікке қол жеткізуге және керісінше болатын қозғалыстың жаңа сапалы түріне ие болады.
Осы мақсаттарды жүзеге асырудың негізін өндіріс құралдарына меншік құрайды. Тауарлық қатнастардың дамуы үдей түседі. Соңғысының өндірісі және оны иелену бәсекелік күрес механизмі арқылы жүреді, бұл өндіріс күштерінің дамуын тездетеді. Бұл процесс әрі қарайғы еңбек бөлінісін тудыруы өндіріс құралдарын қоғамдастыруды жеделдетеді. Осының бәрі жаңа қатнастардың тарихи алғы шарттарының пайда болуына алып келеді.
Адамзат тарихы алғашқы қауымдық құрылыста өндірістің түрлі типінің пайда болыуы мен қалыптасуының белгілі бола бастағанын көрсетеді. Көп жағдайда олар бір-бірімен тым тығыз түйіскені соншалық, мыңдаған жылдар өткен соң зерттеушілер олардың ара жігін ажыратпайтын да болды. Экономикалық оқулықта алғашқы қауымдық құрылыстың бастапқы кезеңі шаруашылық жүргізудің натуралдық және ұжымдық формалары ретінде сипатталады. Оларда жеке меншік, қоғамдық еңбек бөлінісі болмады, ал өндірілген өнім шаруашылықтың өз ауқымында тұтынуға жұмсалды. Шаруашылы топтары арасындағы байланыс болмаған. Аталған ұқсас сипаттар зерттеушілерді бұл да шаруашылықтың сол түрі болар деген ойға жетеледі. Бірақ осылай бола тұрғанымен олар айырмашылықтарын байқамаған. Негізгі және басқа айырмашылық жеке және бірлескен еңбек нәтижесінде қалыптасқан еңбек ету тәсілдерінде жатыр. Еңбек ету тәсілдерінің дамуы табиғи және қоғамдық еңбек бөлінісіне алып келеді,сондай-ақ адамның еңбек құралын жасау және онымен еңбекке қажетті заттарды өңдеуді үйрену қабілетінің өсуіне әсер етті. Осы процестердің барлығы бастапқы кезеңдердің өзінде-ақ олардың арасындағы айырмашылықтың артуына қарай бастады. Шаруашылық жүргізудің қарастырылып отырған типі бұлтартпастық сипатына ие, өйткені онда олар өмір сүруге қажетті нәрселерді өздерінің еңбек әдістерімен тапқан жағдайда неге қол жеткізгендерін алдын ала сезді.
Қоғамдық және ұжымдық өндірістегі тікелей қоғамдық сипаттың өз айырмашылығы бар, біріншіден адамдар нені жасай алатын, қанша керек екенін өздері білді. Екінші жағдайда ұжымның мүмкін болар тұтынымы, тауарлар өндірісінің технологиясымен анықталады. Ортақ сипаттармен қатар бұл екі жағдайдың айырмашылық ерекшеліктері, яғни арнайы бейімдік формасы ретінде көрініс берер қарама-қайшылығы бар. Натуралдық шаруашылықтың мұндай сипатына тұйықтық, түрлі топтар, аймақтар арасындағы алмасудың, айырбастың жоқтығы жатады. Адамзат қоғамының дамуымен бірге натуралдық және ұжымдық өндіріс арасындағы айырмашылық та айқын көрініс бере бастады. Бұлар пайда бола бастаған өндіріс әдістерінің негіздерін байытты. Бұл процестер қоғамдық өндірістің бір түрі екіншісіне бағынып, оның дамуына әсер еткен қоғам дамуының өне бойында жалғасып отырды. Құл иеленуші және феодалдық өндіріс әдістері ұжымдық еңбектің артықшылығын барынша пайдаланды және оны реттеу әдістерін жақсы игерді. Бірақ натулалдық шаруашылық ұжымдық өндірісті емес, тауарлы өндірісті ығыстырып шығарды.
Тауарлы және ұжымдық өндірістің арасындағы ортақ жәйт еңбек бөлінісі мен істелген шаруа нәтижесін қажетке айырбастау. Осы бір сипаттар арқылы олардың арасындағы айырмашылық байқалады, өйткені еңбек бөлінісі де айырбас секілді түрлі формаларға ие. Осы түрлі формаларды өзіндік өндіргіш күштерге сәйкес шаруашылық жүргізудің түрлі типтері қалыптаса бастады. Тауарлы және ұжымдық өндірістің пайда болу негізіне қызмет ететін еңбек бөлінісіндегі айырмашылық өндіріс құралдарына деген меншіктің түрлі формаларын қалыптастырады. Мұнымен қоса, тауарлы өндіріс құралдарына деген меншік базасында болып, өзінің үрдісімен жаңа түр-мануфактуралық еңбек бөлінісінің пайда болу негізін жасады. Соңғысы толымды мөлшерде тауарлы қатынастардың заңдылықтарына сай болды, бірақ оның дамуы қоғамдық шаруашылық жүргізу типі ретінде тауарлы өндірістің рөлін шектеуге алып келді. Мануфактуралық еңбек бөлінісі, жекеменшік қатынастардың құлашын жайғызумен бір мезгілде жинақтау процесін де дамытты. Қоғамдық өндірісте еңбек процесін негізінен өндірістің жоғалып кетердей болған типіне жаңа серпін берерлік сипатта дами алатын еді.
Ұжымдық өндіріс ғайыптан қайта пайда болғандай көрінгенімен оның болмысы оған құндық қатынастардың әсер етуінен мүлдем басқа түрге айналған формада жүзеге асты. Осылайша, тауарлы өндіріске түбірлі себеп болған қоғамдық еңбек бөлінісі келесі формаға көше отырып, шаруашылық жүргізудің мүлдем қарама-қайшы түрі ұжымдық өндіріске ұйытқы бола бастайды.
Ұжымдық өндіріс қоғамдық өндіріс формасы ретінде тауарлы
өндіріспен жай орын алмасып қана қоймайды, мұнда диолектикалық өту процесі де жүреді. Бұл процесс өз дамуының белгілі бір кезеңінде қоғамдық дамудың тұңғиық процестерінің ықпалымен жаңа сапалы секіресті бастан өткеру мүмкін. Сапалы секіріске дейін және одан кейін де шаруашылық жүргізудің екі формасының да өмір сүруі сол тұстағы бар өндіріс типінің ене бастау процесінен хабардар етеді.
Қоғамдық өндіріс мәселесі экономикалық теорияның бастапқы негізін құрайды. Адамзат баласының тіршілігінің негізін қалайтын да қоғамдық өндіріс. Ол материялдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбас және түтыну процесін қамтиды. Өндіріс процесінің қоғамдық формасы қандай болса да, ол әйтеуір үздіксіз процес болуға, яғни оқтын-оқтын сол бір сатылардан қайта-қайта өтіп отыруға тиіс. Қоғамның тұтынбай отыра алмайтын сияқты, ол өндірмей де отыра алмайды. Қоғамдық өндіріс, жоғарыда атап өткеніміздей өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың бірлігі.Ал оның орын алуы, дамуы белгілі бір факторларға байланысты.
Ол факторларға мыналар жатады:
а) субъективті факторлар немесе жұмыс күші;
ә) объективті, заттық факторлар немесе өндіріс құрал-жабдықтар.

Осы арада ең алдымен еңбек туралы түсінік бере кетейік. Еңбек-дегеніміз мақсатқа сай атқарылған қызмет, адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас процес. Мұнда адам өз қызметі арқылы өзі мен табиғат арасында заттардың өзгеруіне себепкер болады, бұл алмасуды реттеп, бақылап отырады. Еңбек-бұл адамның саналы әрекеті. Оның басты ерекшелігі-алдын ала ойланып істелінеді, мақсатты іс-қимыл, белгілі бір нәтижеге жету көзделеді. Мысалы, хайуанаттар табиғатта бармен ғана қоректенеді. Ал адамның еңбек етудегі басты ерекшелігі-табиғаттан ала да біледі, оны өзгерте де, сақтап, қорғай да біледі. Осыған байланысты адамдардың тәжірибесі жинақталады. Белгілі бір білімді, мамандықты игереді, оны жетілдіре түседі. Адамды адам еткен еңбек деген даналық ой осыдан туған, еңбек адамның дамуының және жетілуінің басты факторы. Еңбек ете отырып адам жұмыс күшін жұмсайды. Ал жұмыс күші-адамның еңбекке деген қабілеттілігі. Жұмыс күшін тұтынудың өзі де еңбек.
Еңбек заты дегеніміз бұл өңделетін материялдар, яғни адамның күш-қуаты, еңбек құралы арқылы өңделетін зат.
Олардың екі түрі бар:
а)табиғи-руда, көмір, мұнай, балық т.б.;
ә)белгілі бір табиғи процестен, өңдеуден өткен-шикізат, материал т.б.
Еңбек құралдары дегеніміз адамның өзі мен еңбек затының арасында тұратын және оның осы затқа ететін ықпалын іске асырушы ретінде пайдаланатын зат немесе заттар жиынтығы, яғни адамның сол арқылы табиғатқа әсер ететін, ықпал жасайтын зат.
Еңбек құралдары бірнеше түрге бөлінеді:
а) еңбек құралдары, аспаптар, машина, механизімдер. Еңбек
құралдарының бұл түрін классикалық экономикалық
теория өндірістің сүйек және бұлшық ет жүйесі деп атайды;
ә) өндірістің ыдыс жүйесі (құбырлар, бөшкелер, сауыттар т.б.);
б) өндірістік объектілер (өндірістік үйлер, құрылыстар, жолдар
т.б.);
в) жер де еңбек құралы болып табылады;
г) еңбек құралдарына электор қуаты, бу, химиялық ядролық
реакциалар да жатады.....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!