Тауарлық өндіріс

Тауарлық өндіріс

Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық шаруашылықтың (өндірістің) екі түрі бар:
1) натуралды шаруашылық;
2) тауарлы шаруашылық;
3. Тауар өндірісі бірден пайда болған жоқ. Ол тарихи дамудың ұзақ мерзімінің нәтижесі. Шамамен біздің дәуірімізге дейінгі 5–6 мың жыл бұрын пайда болды. Осыған қарамастан бүгінгі күннің өзінде тауар айналысын білмейтін тайпалар қалдығы бар.
Сонда тауар өндірісіне дейін дамудың жалпы экономикалық формасы ретінде қандай өндіріс түрі орын алды? Натуралды шаруашылық өндірісі. Ол не? Өндірушілер шығаратын өнімін рынокқа сату үшін емес, өздерінің мұқтаж–қажетін өтеу үшін ұйымдастырған өндірісті—натуралды шаруашылық деп атаймыз. Осындай шаруашылық формасы алғашқы қауымдық, құл иеленушілік және феодалдық өндіріс әдістерінде басым болды. Осы күнге дейін экономикасы әлсіз, сондай-ақ жоғары дамыған кейбір елдерде сөз болып отырған шаруашылықтың қалдықтары бар.
Сонымен, зат-бұйымдар өзінен-өзі тауар болмай адамдардың қызмет әрекетіне байланысты тауарға айналғаны ма? Иә, құптап жауап береміз. Қазақ өмірінен бір ғана мысал алайық. Жанұя жылқы өсірумен шұғылданады делік. Жылқыны жанұя мүшелерінің қажетіне өсіріп, сатуға шығармаса тауар болмайды. Тауар болу үшін жылқысын басқа адамға беруі тиіс, демек басқа адаммен қатынасқа түседі. Бұл жеткіліксіз. Өйткені сайгүлігін сыйға тартып мінгізсе, ол тауар болмайды. Араларында қарым-қатынас болғаны рас, бірақта тауар айырбасы қатынасы емес. Өйткені иесі сайгүлікті сатпады, сыйға тартты, тегін берді, орнына ештеме де алған жоқ. Егер сатса, айырбас қатынасына түссе тауар болар еді. Демек, тауар – арнайы сатылу үшін өндірілген қандай да бір нақтылы еңбек нәтижесі. Тауар арқылы адамдар бір-бірімен экономикалық қатынасқа түседі. Міне, осыны айырбас қатынастары деп атаймыз. Оның мәні мен мазмұны мынада: «Буржуазиялық экономистердің заттардың арасындағы қатынас деп тапқандарын (тауарды тауарға айырбастау), Маркс адамдардың арасындағы қатынасын ашты. Тауар айырбасы рынок арқылы болатын жеке өндірушілердің арасындағы байланысты көрсетеді». Тауар айырбасы биологиялық құбылысқа жатпайды, экономикалық процесс. Олай болса оның түпкі тамырын адам табиғатынан инстинктінен емес, олардың өмірінің экономикалық жағдайынан іздеген жөн.
Сонымен қатар өндіріс дегеніміз не, қашан пайда болды? «Тауар өндірісі деп» өнімді оқшауланған, жеке өндірушілер өндіретін, оның үстіне бұлардың әрқайсысы қайсыбір өнімді өндіруге маманданатын, сөйтіп қоғамдық мұқтаждықтарды қанағаттандыру үшін өнімді рынокта сату және сатып алу (сол себептен де ол тауарға айналады) қажет болатын» қоғамдық шаруашылықтың ұйымдасуын айтады.
Өнімін тек сату үшін шығаратын өндірісті тауар өндірісі дейміз. Өндірістің осындай формасы алғашқы қауымдық қоғамның ыдырауы мен құл иеленушілік өндіріс әдісінің қалыптасуы кезеңінде пайда болды және дамыды.
Тауар өндірісін құрайтын және қалыптастыратын экономикалық жағдайлар алуан түрлі. Негізгілері: қоғамдық еңбек бөлінісі және құрал-жабдықтарға меншік. Шартты нәрсе осы екі жағдайдың бірдей болуы. Мәселе, қоғамдық еңбек бөлісінің орын алуы жеткіліксіз. К. Маркс ертедегі Индияда қоғамдық еңбек бөлінісі жақсы дәрежеде орын алған қауымның бір түрін әңгімелейді. Онда еңбек бөлінісінің іріленген 9 түрі болған. Өнімдер сауда-саттықсыз қауым мүшелеріне тегін бөлініп, ортақ меншікте болған. Кейінірек өндірілген өнім, құрал-жабдықтар нақтылығы біреудің жеке меншігіне айналғанда жағдай мүлдем өзгерген. Енді ешкім бір-біріне ештемені тегін бермеген. Мүлік иелерінен тегін беруді талап ету мүмкін болмаған. Өйткені әсіресе әркімнің жеке меншігіне өтті ғой. Бұлар бір-бірінің ризашылығымен өздерінің қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында тауар–айырбас қатынасына түседі. Басқаша жолы жоқ болғандықтан, бөтен ештеме істей алмайды. Сөйтіп, өндіріс құралдарына жеке меншік тауар өндірісін біржолата қалыптастырады және даму процесін жеделдетеді.
Натуралды шаруашылықтың жай тауар, ал оның капиталистік тауарлы шаруашылыққа ауысуы тарихи мерзімді қамтыған аса күрделі процесс. Жай тауар шаруашылығының капиталистік шаруашылыққа айналуының мәні жөнінде В.И. Ленин: «Капитализм деп тауар өндірісінің дамуында адам еңбегінің өнімдері ғана емес сонымен қатар адамның жұмыс күші де товарға айналатын сатысын айтады», деп тұжырымдаған еді. (астын сызған біз – Т.Қ.). Осы түсінік тұрғысынан алып қарағанда, капиталистік шаруашылық күн сайын миллиард мәрте қайталанатын тауар өндірісінің ең жоғарғы түрі.
Тауар өндірісі экономикалық дамудың жалпы формасы ретінде барлық таптық қоғамда орын алады. Алайда олардың мазмұны мен мәні, сипаты қоғамдық формаларға тікелей байланысты. Бұл жерде басты шешуші күш өндіріс құрал–жабдықтарына деген меншік формасында. Алайда тауар өндірісі мәңгілік емес. Коммунистік қоғамның әдепке сатысындағы социалистік тауар өндірісінің орнына экономикалық дамудың неғұрлым жетілген сапалық жаңа формасы өмірге келеді.
Тауар өндірісінің түрі екеу. Жай және капиталистік тауар өндірісі. Бұлардың ортақ белгілерімен бірге өздеріне тән айрмашылықтары бар
(1 схема). Оны бірінші схемадан көруге болады.
Жай тауар өндірісі – капитализімнің күре тамыры және даму тірегі, қозғаушы күш. Сайып келгенде «Ұсақ өндіріс капитализм мен буржуазияны үнемі, күн сайын, сағат сайын, стихиялы түрде және кең көлемде туғызып отырады».
4. Тауар – өндірісінің дамуында ақша капиталға, жай тауар шаруашылығы жалдамалы еңбекті қанауға негізделген капиталистік шаруашылыққа ұласады. Карл Маркс капитализм қоғамына талдау жасауды тауардан бастайды. Неге олай, мәні неде? Қандай да болсын құбылысты және затты білу үшін оның ең қарапайым және мазмұны мен мәнін жете түсіндіре
1 - схема
ЖАЙ ЖӘНЕ КАПИТАЛИСТІК ТАУАР ӨНДІРІСІНІҢ ОРТАҚ БЕЛГІЛЕРІ МЕН АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ.
алатын, бейнелеп беретін, табиғатын танытатын ең кішкене өмір клеткасын зерттеуден басталады. Буржуазиялық қоғам әрдайым өзгерісте болатын тірі организімге ұқсас. Оның экономикалық тіршілік клеткасы – тауар. Олай болса клетканы (тауарды) жан-жақты терең зерттеу және экономикалық қасиеттерін анықтай отырып капитализімнің пайда болуын және даму заңдылықтарын түсінуге болады. Тауарды зерттеу капитализімнің табиғатын ашу деген сөз. Тауар осы қоғамның айнасы. Сондықтан да К. Маркстің: «Капиталистік өндіріс әдісі үстемдік ететін қоғамның байлығы «аса көп тауар жиынтығы» түрінде, ал жеке тауар осы байлықтың қарапайым жай формасы түрінде көрінеді. Сондықтан біздің зерттеуміз тауар анализінен басталады», - деуі тегін емес.
5. Енді, тауарға ықылас қойып, мұқият назар аударайықшы. Адамның белгілі бір қажетін қанағаттандыратын, сату және сатып алу арқылы айырбастау үшін өндірілетін еңбек өнімін – тауар деп атаймыз. Ол – айырбастау, сату және тұтыну үшін өндірілетін еңбек өнімі. Осыдан заттың қандай да бір қажетті өтейтіндігін аңғаруға болады. Адам қажеті алуан түрлі. Жеке тұтыну заттарының да, құрал-жабдықтардың да түрлері аз емес.
Жеке зат (бұйым) адамның бір ғана қажетін қанағаттандырады. Мысалы, ет біздің тағам жөніндегі, кітап рухани, балға өндірістік қажеттілікті өтейді. Сонымен заттың адамның нақтылы бір ғана қажетін қанағаттандыру қасиеті оның тұтыну құны деп аталады. Демек, ол тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір нақтылы қажетін қанағаттандыру қасиеті. Заттың бойында осындай қасиеттің болуы жеткіліксіз. Тұтыну құны іс жүзінде пайдаланылуға тиіс, шын мәнінде тұтынылу шарт, өз ролін нақтылы атқару қажет. Демек, тұтыну құны тауарға айналу үшін көптеген шарттарды міндетті түрде орындауы қажет. Олардың негізгілері: ол адам еңбегімен жасалған өнім болуы; өндірушіден басқа адамдардың қажетін етуге, яғни қоғамдық тұтыну құнына айналуы; сондай-ақ тұтыну құны өндірушінің қолынан тек басқа бір затқа айырбасталып берілуі. Осы шарттарға сай келгенде ғана тұтыну құны тауар бола алады. Тұтыну құнына иелік ететін заттардың бәрі бірдей тауар емес. Өздеріңіз ауаны және жерді немесе табиғаттың адамға берген басқа сыйларын мысалға алыңызшы. Бұлардың тұтыну құны бар. Бірақ та тауар емес. Өйткені жоғарыда сөз болған тауар болуға үш шартты орындай алмайды.
Тұтыну құнының ерекшеліктері бар. Тұтыну құны сол заттың табиғи қасиетіне байланысты, өндіруге шығындалған еңбек мөлшеріне байланыссыз, қоғам дамуының барлық сатысына тән экономикалық категория. Тұтыну құны қоғам дамуына сәйкес түрленеді және кеңейе түседі.
Өнімнің (заттың) тауарға айналуы үшін тұтыну құны болуы жетімсіз. Осыған қоса бойында екінші қасиеті болуға тиіс. Айырбас құны, немесе құн. Тауардың бұл қасиетін айырбас құны деп атайды. Осының негізінде бір тауар екінші бір басқа тауарға айырбасталады.
Айырбас процесінде қандай да бір тектес тұтыну құны, басқа тектес тұтыну құнына теңгеріледі. Ең алдымен сан қатынасымен белгіленеді. Сөз болып отырған айырбас қатынасы өзгермелі болады. Бұл жерде әртүрлі заттардың бір-біріне теңгерілуінде көзге көрінбейтін құпия, ортақ бір нәрсе бар. Сонда құдіретті бұл нәрсе не? Ол тұтыну құны емес, өнімдердің барлығы да адам еңбегінің жемісі екендігінде. Демек, тұтыну құндарының біріне-бірі теңгерілуі, оны жасауға сіңген еңбек мөлшерінің бірдей болуы, тепе-теңдігі. Тауарға сіңген еңбек оның құнын құрайтын болғандықтан, айырбасталған тауарлардың құны да бірдей мөлшерде (шамада) деген сөз. Осының бәрін жай көзбен көріп, қолмен ұстауға болмайтын жасырын құбылыстар.
Тауардың тұтыну құны – табиғи, ал құны – қоғамдық қасиеттері. Құн – тауарға сіңген, зат формасына айналған қоғамдық еңбек мөлшері. Ол адамдардың дән қауызымен бүркемеленген өндірістік қатынасын білдіреді. Қорыта айтқанда кез-келген тауардың екі қасиеті, екі жағы: тұтыну құны және құны болады. Осы жағдайда ғана тауарға айналады.
Тауардың екі жақтылық қасиетінің болуы, тауардың сіңген еңбектің екі жақты сипатына байланысты. Өйткені тауар өңдіруге екі жақты еңбек – нақты және абстракты еңбек жұмсалады.
Нақты еңбек жеке мамандардың тауар өндіргенде тұтыну құнын жасауға шығындаған еңбегі. Тұтыну құнының қайнар бұлағы осы еңбек. Нақты еңбектің жеке түрі өз мақсатымен, өндіріс құралдарын, шикізат, қосалқы материалдарды пайдаланумен, қызметкердің кәсіби шеберлігі, олардың өнімді өндіру кезінде атқаратын айрықша істерімен және әдістерімен, өзінің өндірістік қызметінің түпкі нақтылы нәтижесімен ерекшеленеді және бейнеленеді.
Тауар құны абстракты еңбекпен жасалады. Тек тауар өндірісіне тән құбылыс. Адамдар рынокта түрлі тауарларды айырбастағанда нақты еңбектің әр түріне ортақ бір нәрсені – дене және ақыл-ой энергияларын шығындағандығын байқатады. Өзінің абстракты еңбек сіңіргенін көрсетеді. Бұл әртүрлі еңбекті сапалық бір тектес еңбекке жинақтап теңгеру, түрлі жұмыстардың нақты ерекшеліктерінен ақыл-ой энергиясын жұмсауы, осының көмегімен тауарларды айырбастау процесінде адам еңбегінің қоғамдық сипатқа ие болуы – абстракты еңбек деп аталады.
Тауарға сіңген еңбектің екі жақтылығын тұңғыш ашқан Карл Маркс. Осы еңбектердің көлеңкесінде жеке және қоғамдық еңбектің арасындағы қайшылық бүркемеленеді. Абстракты еңбек тауар өндірушілердің өндірістік қатынастарын бейнелейді.
Тауар өндірушілердің еңбегі жеке басының ісі. Әр кезде нар тәуекелмен еңбек етеді. Сөйтіп еңбегі жеке сипатта болады. Дегенмен, жеке тауар өндірушілер біріне-бірі тәуелді, бір-біріне жұмыс істейтіндіктен олардың еңбегі қоғамдық еңбектің құрамдас бір бөлігі болып табылады. Демек, еңбегі қоғамдық сипатқа ие болады. Жеке еңбектің қоғамдық сипаты тауарды тек рынокта сатып өткізген мерзімде ғана анықталады. Жеке еңбектің қоғамдық формаға ие болатын алаңы да осы. Сөз болып отырған процестер әр кезде бүркемеленіп тұрады.
Жоғарыда айтылғандарды схема жүзінде көрсетелік (2 схема).
Тауар құнының мөлшері немен анықталады? Ол шығындалған қоғамдық қажетті жұмыс уақытының мөлшерімен өлшенеді. Нақтылы бір тауарды өндіруге өндірістің қоғамдық қалыпты жағдайында және сол қоғамда еңбектің шеберлігі мен интенсивтілігінің орта дәрежесі жағдайында жұмсалатын уақытты – қоғамдық қажетті уақыт деп атайды.
Тауар құнының мөлшері еңбектің өндіргіш күшіне кері, жұмсалған еңбектің мөлшеріне тікелей пропорциялы байланыста болады.
Тауар өндіруге шығындалған еңбектің өндіргіш күшіне кері, жұмсалған еңбектің мөлшеріне тікелей пропорциялы байланыста болады.
Тауар өндіруге шығындалған еңбекті жай және күрделі еңбек деп те бөледі. Жай еңбек дегеніміз – арнайы оқып-үйренуді, қандай да бір дайындықты қажет етпейтін еңбек. Күрделі еңбек – арнайы даярлықты, оқып-үйренуді, кәсіби білімді қажет етеді. Күрделі еңбек – еселенген жай еңбек. Өйткені белгілі бір мерзім мөлшерінде күрделі маманданған еңбек жай еңбекке қарағанда көп мөлшерде құн жасайды. ....


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?