Гераклит

 Гераклит

Менiң көруге, естуге және зерттеуге болатын нәрсеге бүйрегiм көбiрек бұрады.

От айналу барысы — аңсау мен тойыну.

Егер рухы жабайы болса, оның көзі мен құлағы жаман хабар береді.

Рух дегеніміз өсіп-өркендеудің өздік ішкі заңы.

Тасаттық қаны арқылы өздерін күнәдан тазатқысы келу бейне лас жерде тұрып ластықпен жуынғанымен бірдей. Егер әлдекім солай істесе, олардың өзі оны жынды дер еді.

Ықылым — асық ойыны секілді, бала асық үйіріп тақта отырады.

Бейне ақша тауарға, тауар ақшаға айналғаны секілді от барлық нәрсеге айналады, барлық нәрсе де отқа айналады.

Ұлы істерді келсін-келмесін долбарлай бермейік.

Әулие қарапайымға, қарапайым адам әулиеге айналады, олар қарсы жағының өлімінде өмір сүреді, қарсы жағының өмірінде өледі.

Оппозиция үндестік туғызады. Сәйкессіздіктерден гармония пайда болады.

Барша болмыс түтінге айналса, онда біз оны тек иіскеу арқылы ғана ажырата алар едік.

Адамның кереметтігі оның бір істі даңққа бөленердей баршадан артық істеуі. Ал, тобыр сиыр секілді тойынғанға ғана құштар.

Ең керемет ғарыш деп жүргеніміз бейберекет үйе салған қоқысқа ұқсайды.

Адам ақылды нәрсе емес. Оның даналығы өзін қоршаған нәрсеге ғана қаратылады.

Егер бір адам керемет болса, мен үшін ол түменге (10 000 адамға) татиды.

Адамға салыстырғанда ең сұлу маймылдың өзі өте қораш болмақ.

Мас адамды бала да жетелейді, рухы дымқылданған ол кедергіге ілеседі және өзінің қайда баратынын білмейді.

Егер бақыт денеде болса, онда сиыр шөп жегенде ең бақытты деп айтуымыз керек.

Этикасы дұрыс емес адамнан парасатты адам шықпайды.

Логосты білгенің — бәрін білгенің.

Найзағай бәріне жол сілтейді.

Мен өзімді іздедім.

Егер күн болмаса, барлық басқа жұлдыздар қараңғылықты жеңе алмас еді.

Бір өзенге екі рет түсе алмайсың, бұл адам да, бұл өзен де өзгеріп кетеді.

Емшілер кеседі, күйдіреді, ауыруды қинайды, сосын осы жұмысы үшін ақы алады.

Ешқашан батпайтын нәрседен қалай жасырына аласыңдар?!

Көз құлаққа қарағанда әділ куәлік етеді.

Ештеңе істемеген кезіңде ұйықтап жүресің.

Көтерілетін жол мен төмен түсетін жол — бір жол.

Садақтың аты өмір, жұмысы өлім. (грек тілінде садақ өмір және өлім деген қос мағынаны білдіреді.)

Кемеңгердің ең басты белгісі — өзгешелігі.

Қарама-қайшы нәрселер біріксе, ұқсамаған дауыстан ең керемет гармония пайда болады.

Өзгерістен өзге мәңгілікті көріп тұрған жоқпын.

Көрінбейтін гармония көрінетінінен әдемі.

Бейне қала қақпасы үшін соғысқандай, ұлт өзінің заңы үшін соғысуы керек.

Тоңмойындық ғажайып ауыру.

Теңіз суы әрі ащы, әрі тәтті. Балық ішсе ол тәтті. Адам ішсе ол ащы.

Тіпті дүние қалауыңа сай өзгерсе де бәрібір бақытты болып жарытпайсың.

Бәрі де ағын, ешкім байыздап қалмайды.

Нағыз парасат — бәрін басқаратын ережені игеру.

Тәрбие адамның екінші күні.

Жақсы мінез бір сәтте емес, ұзақ уақытта қалыптасады.

Табиғат жасырынбақ ойнауға құштар.

Алтын қазушылар көп жерді қазғанда ғана азғантай алтын алады.

Хайуанды қамшымен ғана өріске апарасың!

Дүние соғыстан жаратылады және соғыстан күйреп тынады.

Әділет өтірік пен жалған куәлік көрсетуді жеңетін болады.

Күдік туса қасиеттілік санамыздан қашады.

Көрсем, естісем, білсем қуанамын.

Ақымақ не жесе де тамсана береді.

Әр істің өз сәті болады.

Иттің кімге үргенін ешкім білмейді.

Ақымақ әрбір сөзге сүрінеді.

Ой бәріне ортақ.

Есек алтынға қарағанда сабанды жақсы көреді.

Күн әр күні жаңа.

Мінезің — тағдырың.

Саулықтың қадірін ауырғанда білетініміз сияқты, жақсылықты жамандық арқылы да, дем алуды шаршау арқылы білеміз.

Аңдар адамдармен өмір сүріп қолға үйренді, ал адамдар бір–бірімен араласа жүріп жануарға айналуда.

Өз бетімен кеткен бассыздықты өрттен де тез сөндіру керек.

Ақылсыз адам кез келген ілімге бас ұруға құмар.

Ең керемет маймыл да кейіпсіз болып қала береді.

Бәрі ағып кетеді, бәрі өзгереді.

Рахатпен күресу ашу–ызамен күрескеннен де қиынырақ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі