Джон Рескин

 Джон Рескин

Iзгi бiлiмге апарар жол ешқашан құлпырған жазира арқылы өтпейдi; адамға әрқашан жалаңаш жартастарға өрмелеуге тура келедi.

Бақталастықтан жасалған ештеңе ешқашан әдемі болмайды. Сол сияқты түпкі ниет мақтанып, тәкаппарлану болса да, таңғажайып дүние істелінбейді.

Адамдар жұмыста өздерiн бақытты сезiну үшiн үш шарт орындалуы қажет: жұмыс олардың шамасы келетiндей болуы тиiс, ол титықтамайтындай болуы керек және оған мiндеттi түрде табыс серiк болуы шарт.

Қиялдай алмайтын адам өзгелерге құрмет көрсете де, мейірімді бола да алмайды.

Ол аспан парағында жазулы тұр. Ол әр жұлдыздан сығалап қарайды. Ол — біздің жан дүниемізді рахатқа бөлейтін Табиғат поэзиясы.

Өмір үшін істесең де, өлім үшін істесең де, жұмысыңды тиянақты істе.

Талғам дегеніміз — адам руханиятының көрінісі. Сіз маған нені жақсы көретініңізді айтыңыз, мен сізге кім екеніңізді айтамын.

Биліктің бірінші міндеті — халықтың ішер асы, киер киімі және жанармайы бар ма, соны қадағалау. Ал екінші міндеті — рухани байлық және зияткерлік білімге кенелуге мүмкіндігі бар-жоғын көре білу.

Қазіргі заманда саяхаттау шын мәніндегі саяхаттауға жатпайды. Жүкті тасымал көлігіне салып жіберуден айтарлықтай айырмашылығы жоқ.

Нәтижелі еңбектің сыры — ең жақсы нәрсеге ұмтылу емес, жағдайға қарай әрекет етіп, шамаң жететін іспен айналысу.

Жұмыс адамның көңілінен шығуы үшін мына нәрселер керек: ол сол іске лайық болуы қажет; шектен тыс, тым көп жұмыс істемеуі тиіс; жұмысы жемісті болып, жетістікке жетуі керек.

Балаға кішкене мейірім көрсетсеңіз, ол сізге еселеп қайтарады.

Суретшінің қолы, қиялы және жүрегі бірге жұмыс істесе ғана тамаша сурет шығады.

Жаза — қылмыстың алдын алудың әсері ең әлсіз тәсілі.

Төзімділік дене қуатынан гөрі, сабырлылық әдеміліктен гөрі қайырлы.

Қанша ұлы, қанша күшті болса да, әлі күнге дейін ешбір кісі балық секілді еркін болған емес.

Адамның қажырлы еңбегі үшін ең үлкен сый — қол жеткізген табысы емес, оның бойындағы өзгеріс.

Әр таңды өміріңнің басы, ал әр кешті өміріңнің соңы деп есепте.

Шын мәніндегі ұлы адамның бірінші белгісі кішіпейілділік екеніне сенемін. Кішіпейілділік дегенде, адамның өз қабілетіне күмәнмен қарап, өз ойын білдіруге жасқануын емес, қолынан не келетінін, өзінің шама-шарқын білуін айтып отырмын.

Ауа-райы еш уақытта жаман болмайды. Жақсы ауа-райының әрқилы түрлері ғана болады.

Ән есті болса, жүйелі тәртіпке, есер болса, бейберекетсіздікке себепкер.

Негізінде, ең үлкен қателіктердің басында қашан да тәкаппарлық тұрады.

Құлдық сананың белгісі — параға сатылу.

Өнердің кереметтігі — ештеңені ашып айтпасаң да, бәрін астарлап жеткізуде.

Шатақ мінезді болғаннан гөрі қарапайым болу әлдеқайда қиын.

Ең ұлы өнер — барша мақұлықтың жаратылысы, тән мен жан, әсіресе, жан.

Мемлекеттің күштілігі мен қуаттылығы онда өмір сүретін жақсы адамдардың санына байланысты.

Суретшілік не мүсіншілік қабілеті жоқ адамнан сәулетші шықпайды. Суретшілігі де, мүсіншілігі де жоқтар құрылысшы ғана бола алады.

Кемшіліктеріңізді ойлап сары уайымға салынбаңыз. Ал өзгелердің кемшін тұсын мүлде ойға алмаңыз. Жақсы қасиеттерді бойыңызға сіңіруге тырысыңыз. Ал кемшіліктеріңізден, қураған жапырақтың үзіліп түсетіні сияқты, уақыты келгенде арыласыз.

Мемлекеттің бірінші міндеті — онда туған балалар ақыл тоқтатып, есейгенше жақсы баспанамен, киіммен, тамақпен қамтамасыз ету және білім беру.

Білімқұмар бала білім арқылы кемеріне толса, ал білім алғысы келмейтін бала масқара болады.

Сапа ешқашан кездейсоқ келмейді. Ол — саналы түрде талаптанудың жемісі.

Дүниеміз артқан сайын шаршауымыз да көбейеді.

Ұлы халықтар тарихын ісімен, сөзімен және өнерімен жазады.

Ақыл-кеңессіз берілген садақа түкке татымайды.

Балаларыңызды адалдыққа баулу — тәрбиенің басы.

Адамның деңгейі өскен сайын бейәдеп сөздерді айту ақылға сыймайтын нәрсеге айналады.

Әлемдегі ең пайдасыз нәрселер — ең әдемі жаратылыстар. Мәселен, тауысты не лалагүлді айталық.

Егер мектептерімізде реформа жасасақ, түрмелерде де аздаған реформа жасау қажет болады.

Мадам, өмір өте қысқа, бос уақытымыз тіпті аз, сондықтан біз оны саяз кітаптарды оқумен ысырап етпеуіміз керек.

Сіздің істеріңіздің нәтижелерін басқалар бағалайды, тек қана өз жүрегіңіздің таза да әділ болуына тырысыңыз.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі