Михаил Литвак

  Михаил Литвак

Егер сіз өзіңіз туралы жақсы зат ойласаңыз, өзгелердің өзіңіз туралы не ойлайтындарына басыңызды қатырмайсыз.

Біз барлық жақсылықты өзіміз оңаша қалғанда жасаймыз. Себебі жалғыз отырғанда көп нәрсені ой елегінен өткізуге мүмкіндік болады.

Бақытты іздеп табамын деп байбалам салмай-ақ қойыңыз. Өйткені бақыт деген – сіз. Тек оған жету үшін барлық қырыңызды танытуыңыз керек.

Ессіз адам көп сөйлейді, бірақ ештеңе тындыра алмайды. Ал есті адам аз сөйлеп, көп нәрсе тындырады. Сол себепті ессіздер әрдайым сынап-мінеп жүреді.

Өзіңіздің басты дұшпаныңызды білгіңіз келе ме? Айнаға қараңыз, соны жеңсеңіз, қалғандарын жеңу қиынға соқпайды.

Егер сіз біреуге бірдене дәлелдегіңіз келсе, демек сол адам үшін өмір сүріп жатырсыз. Ал өзіңіз үшін өмір сүрсеңіз, сіз ешкімге ештеңе дәлелдемес едіңіз.

Мен бақытқа бастайтын жолды білмеймін. Бірақ сәтсіздікке ұшыратын жолды білем. Ол – бәріне бірдей жақсы көріну.

Достарыңызбен қарым-қатынаста болған - күшті, ал дұшпандарыңызбен араласу – пайдалы.

Қуанышыңызды достарыңызбен де, дұшпандарыңызбен де бөлісіңіз. Өйткені достарыңыз бірге қуанады, ал дұшпандарыңыз қайғырады.

Егер адамдар өздері туралы жақсы нәрсе айта алмаса, бөтен біреулер туралы жаман нәрсе айтады.

Ешкім ешкімді тастамайды. Тек мықтылар алға қарай кетіп қалады. Ал артта қалып қойған әлсіздер, өздерін тастап кетті деп ойлайды.

Ақылы жоқ адаммен араласқанша, жақсы кітап оқыған мың артық.

Адамдар өз-өздерін депрессияға ұшыраған кезде ойлайды.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
» қазақ тілі тестілеуде_келген_сұрақтар_зерттеуші
» Наурыз мейрамы Қазақстанда жаңа форматта тойланады