Зерттеу сұрағы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.
Cабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 6.1А Ғылым әлемі | Мектеп: | |||||||||||||||||||||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: | |||||||||||||||||||||||||||
Сынып: 6 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ тақырыбы | Зерттеу сұрағы | |||||||||||||||||||||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау | |||||||||||||||||||||||||||
Сабақ мақсаттары | Оқушылар: -Зерттеу жұмысы барысында тәуелді, тәуелсіз айнымалыларды анықтай алады; -Алынған нәтижелерге сәйкес бақыланатын айнымалының тұрақты екендігін дәлелдей алады. | |||||||||||||||||||||||||||
Бағалау критерийлері | Оқушылар: -Зерттеу жұмысы барысында тәуелді, тәуелсіз айнымалыларды анықтайды; -Алынған нәтижелерге сәйкес бақыланатын айнымалының тұрақты екендігін дәлелдейді. -Қол жеткізілген мәліметтердің тәуелділігі мен өзара байланысын анықтап, ғылыми негізде қорытынды жасайды. | |||||||||||||||||||||||||||
Тілдік мақсаттар
| Оқушылар: - Жұмыс барысында тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыны анықтап ауызша және жазбаша түрде талқылай алады. - Тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалының рөлін ауызша түсіндіре алады. -Бақылау барысында өз ойын айтады және ары қарай жоспарлау үшін зерттеу нысандарын анықтауға ой қоса алады. Пәнге тән лексика мен терминология: тәуелді айнымалы, тәуелсіз айнымалы, бақыланатын айнымалы, тығыздық Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер: •Мен ойлаймын, зерттеу дегеніміз…………………. •Менің ойымша ол…………… Глоссарий
| |||||||||||||||||||||||||||
Құндылықтарды дамыту
| Оқушылар топта, жұпта жұмыс жасау арқылы бір-біріне көмек көрсетуге, сенімді, әділетті, шыншыл болуға үйренеді. Тақырып бойынша тірек сөздерді үш тілде қабылдау арқылы көптілді орта қалыптастыру. Оқушыларды еліміздің тарихын қастерлеуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылардың әдеби дүниетанымдарын кеңейту, мәнерлеп оқу дағдыларын дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. | |||||||||||||||||||||||||||
Пәнаралық байланыстар | Оқушылар топпен эксперименттік тапсырма орындау барысында физика, химия және биология пәніне байланысты тапсырмаларды орындайды. Өлшеу жұмыстарын жүргізу, есептеу жұмыстары кезінде математикалық білімдерін қолданады. | |||||||||||||||||||||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Сабақтан тыс уақытта, үйде тақырыпқа қажетті ақпаратты ғаламтор арқылы таба алу, өз бетінше ізденіс | |||||||||||||||||||||||||||
Бастапқы білім | 5-сынып, Жаратылыстану, «Ғылым әлемі» бөлімі 5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау 5 сынып, Зерттеу жұмыстарын жоспарлау негізінде ғылымың негізігі қызметтерін біледі 5 сынып, Зерттеу жұмысының мақсатын, болжамын, қажетті құрал-жабдықтарды таңдау және оларды қауіпсіз қолдануды жоспарлайды. | |||||||||||||||||||||||||||
ЖОСПАР | ||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 0-5 мин 6-10 мин | 1.Миға шабуыл Миға шабуыл арқылы оқушылардың өткен сабақтағы білімдерін пысықтай отырып, жаңа тақырыпқа бейімдеу. Үлгі сұрақтар: 1.Жаратылыстанушы деген сөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? 2.Барлық денелер неден тұрады? (Тірі денелердің құрамындағы – органикалық заттар: ақуыз( белок), май, көміртегі (крахмал), ақуыз (жұмыртқа, бұршақ, саңырауқұлақ). Крахмал (бидай, картоп).) 3.Өлі және тірі табиғат арасындағы байланыс қандай? Олар жеке өмір сүре ала ма? Оқушылар ойланып жауап беріп, бір-бірін толықтырады. 2. Экспериментті талдау (видеоролик көру, 1-2 мин, талдау)
Зерттеу обектісі туралы түсінікті қалыптастыру үшін мектеп ауласындағы нысандарға көңіл бөледі, сыныпта талдайды, кесте толтырады. Кестеге зерттеу объектілері бола алатын тұрмыстық заттардың тізімін толтыру қажет. Қалыптастырушы бағалау:
| Презентация Қосымша 1 Видеоролик мектеп ауласы https://www.youtube.com/watch?v=R1R1g6oj0ho . | ||||||||||||||||||||||||||
|
| Презентация 6-10 слайд Оқушыларды топқа бөлу үшін http://www.aschool.us/random/random-pair.php ресурсын қолдануға болады. Қағаздар, маркер су, сынауық, элодея жапырағы, таған, үстел шамы, сызғыш, калий перманганат, фильтр қағаз. Химия және физикаға байланысты қызықты тәжірибелер http://simplescience.ru/video/ | ||||||||||||||||||||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||||||||||||||||||||||
Барлық оқушылар Зерттеу барысында тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтайды; Оқушылардың көпшілігі Алынған мәліметтерді жинақтап, өз сөзімен қорытынды жасайды Кейбір оқушылар Қол жеткізілген мәліметтердің тәуелділігі мен өзара байланысын анықтап, ғылыми негізде қорытынды жасайды. |
| Денсаулық сақтау технологиялары. Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау Эксперименттік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін есте сақтау | ||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? |
| |||||||||||||||||||||||||||
Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?