Зерттеу сұрағы. Жаратылыстану, 6 сынып, сабақ жоспары.


Сабақ жоспары

  • Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
  • 6.1 А. Ғылым әлемі
  • Мектеп:
  • Күні:
  • Мұғалімнің аты-жөні:
  • Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

  • Сабақ тақырыбы

Зерттеу сұрағы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.1.2.1 тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтау

Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

-зерттеу жұмысы барысында тәуелді, тәуелсіз айнымалыларды анықтай алады;

-зерттеу жұмысы барысында бақыланатын айнымалы ретінде ермексаздың тығыздығын анықтай алады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар:

-зерттеу жұмысы барысында тәуелді, тәуелсіз айнымалыларды анықтайды;

-зерттеу жұмысы барысында бағыланатын айнымалы ретінде ермексаздың тығыздығын анықтай алады.

 Тілдік мақсаттар

 

Оқушылар:

- Жұмыс барысында тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыны анықтап ауызша және жазбаша түрде талқылай алады.

- Тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалының рөлін ауызша түсіндіре алады.

-Бақылау барысында өз ойын айтады және ары қарай жоспарлау үшін зерттеу нысандарын анықтауға ой қоса алады.

Пәнге тән лексика мен терминология:

тәуелді айнымалы, тәуелсіз айнымалы, бақыланатын айнымалы

Айтылымға қажетті сөздер мен сөз тіркестер:

Менің ойымша, ...тәуелді айнымалы болып табылады.

Мұны ... түсіндіруге болады.

Мен ... түсіндіре аламын.

Глоссарий

Қазақша

На русском

In English

Айнымалы

Переменная

Variable

Тәуелді

Зависимый

Dependent

Тәуелсіз

Независимый

Independent

Тұрақты

Постоянная

Constant

Шама

Величина

Value

Құндылықтарды дарыту

  Өмір бойы оқуға құштарлық, қоршаған ортаны танып-білуге құштарлық.

 Оқушылардың бірін-бірі сыйлауы, мұғалімді сыйлауы.

 Оқушылардың айтқан пікірлері мен ойына сыйластықпен қарау.

Сабақ сыйластықты, ынтымақтастықты, академиялық шындықты дарытуға бағытталған.

 Құндылықтарды дарыту жұптық жұмыстарды ұйымдастыру, жеке жұмыстарды орындау барысында жүзеге асады.

 Пәнаралық байланыстар

Оқушылар эксперименттік тапсырма барысында ермексаздың тығыздығын анықтауы физика пәнімен байланыстырылады.

Өлшеу жұмыстарын жүргізу, көлемді формуламен анықтау, есептеу жұмыстары кезінде математикалық білімдерін қолданады.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор арқылы қажетті ақпараттарды таба алу, өз бетінше ізденіс

Бастапқы білім

5-сынып, Жаратылыстану, «Ғылым әлемі» бөлімі

5.1.2.1 зерттеу сұрағы мен болжамды тұжырымдау

Жоспар

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-5 мин

1.Миға шабуыл

Бүгін сендер зерттеушілер рөлінде боласыңдар.

Миға шабуыл сұрақтары арқылы оқушылардың өткен сабақтағы үйренген білімдерін еске түсіру және жаңа сабаққа икемдеу.

Үлгі сұрақтар:

Зерттеу дегеннің не екенін білесіңдер ме? (Зерттеу дегеніміз қандай да бір құбылысты ғылыми тұрғыдан қарастыру).

Болжам деген не? (Болжам— бұл ғылыми ұсыныс).

Зерттеушілерге қандай қасиеттер тән болуы тиіс? (Зерттеушілер байқағыш, жауапты, зейінді, қызығушылығы мол, сауатты болады)

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • зерттеу/болжау ұғымдарын түсіндіре алады;
  • зертеушілерге тән негізгі қасиеттерді ажыратып көрсете алады.

презентация

Сабақ ортасы

6-10 мин

11-25 мин

26-35 мин

36-37 мин

2. Жаңа тақырыпты игеру

Зерттеудің сұрағы дәл, қысқаша тұжырымдалады және оған жұмыс барысында қол жетеді. Зерттеудің сұрағын тұжырымдағанда «дәлелдеу», «негіздеу», «жасау» етістіктері қолданылады. Зерттеудің сұрағын тұжырымдағанда «талдау», «сипаттау», «анықтау», етістіктері қолданылады.

Оқушыларға жаңа ақпарат жазылған парақтар үлестіріледі.

Тәуелсіз физикалық шаманы эксперимент жасаушының өзі өзгертеді.

 Тәуелді физикалық шама тәуелсіз шаманың өзгерісіне тәуелді өзгереді.

 Өзгермейтін шамалардың тұрақтылығын экспериментатор өзі қадағалап, бақылап отырады, сондықтан оны бақыланатын шама деп атайды.

Оқушылар зерттеу нәтижелерін жазатын кестелер дайындайды. Кестедегі сол жақтағы бағанға тәуелсіз айнымалыны (оқушылардың өздері шамасын өзгертіп отыратын айнымалыны), ал оң жақтағы бағанға тәуелді айнымалыны жазады.

 

3. Эксперименттік тапсырма

Ермексаздың тығыздығын анықтау

Жұппен жұмыс

Оқушылар мысалы, ермексаздың (пластилиннің) көлемі артқан сайын оның массасы да артатынын зерттейді (эксперимент барысында көлемдері әр түрлі ермексаз кесектері қолданылады). Бұл зерттеуде көлем тәуелсіз шама. Ал көлемге тәуелді масса өзгереді, ал есептеулер нәтижесі дәлірек болу үшін экспериментатор тығыздықтың тұрақты болуын қадағалайды, барлық тәжірибелерде бір ермексаз кесегінің бөліктері зерттелетінін бақылайды. Ермексаздан текше (кубик) жасалады. Оның өлшемдері сызғышпен өлшенеді де, V=a3 формуласымен немесе V=a·b·c формуласымен есептеледі. Масса мектептегі зертханалық таразымен өлшенеді.

Оқушылар тәжірибені жасап жатқанда, мұғалім әр топтың жұмысын бақылайды. Содан кейін оқушылардан олардың неліктен осылай жасап жатқандықтарын түсіндіруін сұрайды. Тәжірибені жақсарту жолдары туралы ұсыныстары болса тыңдайды.

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • критерий бойынша жұптардың бағалауы
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • тәуелді айнымалыны өлшеп кестеге толтырады;(масса)
  • тәуелсіз айнымалыны өлшеп кестеге толтырады;(көлем)
  • бақыланатын тұрақтыны есептеп табады. (тығыздық)

Жұптар өз жұмыстарын бағалайды

Қорытынды: көлемді өзгерткенде масса өзгереді. Бұлар бір-біріне тәуелді/тәуелсіз айнымалылар болады. Олардың қатынасы бақыланатын айнымалы тұрақты болады. Тығыздық деп аталады.

4. Өздік жұмыс

Оқушылар «Тәуелді, тәуелсіз айнымалылар және тұрақты » кестесін толтырады.

Тәуелсіз айнымалы

Тәуелді айнымалы

Тұрақты

көлем

масса

тығыздық

Қалыптастырушы бағалау:

  • мұғалім бақылауы және комментарийі;
  • критерий бойынша өзін-өзі бағалауы
  • мұғалімнің кері байланысы.

Дескрипторлар

Оқушылар

  • айнымалылар мен тұрақтыларды анықтайды;
  • айнымалылар мен тұрақтылардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын анықтайды.

5. Сабақты қорытындылау

Сонымен, эксперимент жасау дегеніміз – өзгермейтін шамалардың тұрақты болған жағдайларында тәуелсіз шаманың тәуелді шамаға әсерін практикада зерттеу.

Оқушылардың оқу жетістіктеріне түсініктемелер беру.

презентация

Үлестірме 1

Қосымша 1

Шағын ермексаз бөлшектері

Таразы

Сызғыш

Қосымша 2

Сабақтың соңы

38-40 мин

6. Кері байланыс

Сабақ соңында оқушылар кері байланыс жүргізеді:

«Күн-бұлт» әдісімен кері байланыс жасау.

«Зерттеуші» ретіндегі өз жұмыстарын бағалауға мүмкіндік жасалған.

Қаншалықты ... білімді, сауатты бола алды?

Өзімнің көңіл күйімді .... бағалаймын, себебі...

Кері байланыс

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар

Зерттеу жұмысы барысында тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыларды анықтай алады;

Оқушылардың көпшілігі

Тәуелді, тәуелсіз және бақыланатын айнымалыны өлшеп кестеге толтырады.

Кейбір оқушылар

Практикалық жұмысқа қорытынды жасайды және тығыздықты анықтайды.

  • Сабақ барысындағы мұғалімнің қолпаштау сөздері; «жарайсың», «тамаша», «осылай жалғастыр» тб
  • Эксперименттік жұмысты мұғалімнің бағалауы, қорытынды жасау
  • Өздік жұмысты-өзіндік бағалау
  • Жұптық жұмысты бағалау
  • Эксперименттік жұмыс барысында сыни ойлау дағдыларын қолдану арқылы жұптық бағалау орындалады

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақ барысындағы қауіпсіздік техникасының ережелерін еске сақтау

Эксперименттік жұмыс барысында қауіпсіздік ережесін есте сақтау

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу