Өлі табиғаттағы үдерістер. Жаратылыстану, 5 сынып, сабақ жоспары.
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Тірі және өлі табиғаттағы үдерістер | Мектеп: ХББ НЗМ Атырау | |||||||||
Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Есенгалиева Г.С. | |||||||||
Сынып: 5 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||||||
Сабақтың тақырыбы | 5.3А Өлі табиғаттағы үдерістер | |||||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары |
| |||||||||
Сабақ мақсаттары |
| |||||||||
Бағалау критерийлері |
| |||||||||
Тілдік мақсаттар
| Пәндік лексика және терминология: «Өлі табиғат», « үдерістер», «табиғатта заттардың айналымы», «тау түзілу», «үгілу», «климаттық үдерістер», «себеп-салдарлар» Оқытудың тілдік мақсаты: Өлі табиғатта болатын заттардың айналымы мен тау түзілу, үгілу, климаттық үдерістерді атайды. Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын (айтылым, тыңдалым және жазылым дағдылары) түсіндіреді Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы: Өлі табиғатта болатын үдерістерге жатады..... Тау түзілу үдерісі ....... Үгілу үдерісі..... Климаттық үдерістерге ...жатады. Өлі табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарлары:.... | |||||||||
Құндылықтарды дарыту | Өзіне және айналадағыларға құрметпен қарау; табиғаттағы үдерістерді жан-жақты оқып, білу арқылы оны қорғауды үйрену | |||||||||
Пәнаралық байланыстар | Қысқа мәтіндермен жұмыс. Графиктер құру арқылы физикалық, математикалық білімдерін пайдаланады. | |||||||||
АКТ қолдану дағдылары | Интерактивті тақта, презентация | |||||||||
Бастапқы білім | Бұл бөлім бастауыш мектепте енгізілген: Жердің табиғаты мен табиғаттағы тірі және өлі үдерістер туралы білімдердің жалғасы болып табылады. Оқушылардың «табиғат үдерістері», «таудың түзілуі», «ауа райы» туралы түсініктері қалыптасқан. Оқушылар кейбір табиғат үдерістеріне сипаттама бере алады. | |||||||||
Сабақ барысы | ||||||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекеттер | Ресурстар | ||||||||
Сабақтың басы 0-3 мин |
«Қол шапалақтап» сабаққа жұмылдыру;
(С) «Ой қозғау» әдісі Оқушылар табиғатта болатын үдерістер туралы білімдерін ортаға салады. Ол үшін «Түрткі сұрақтар» қойылады:
(Т) Оқушылар табиғатта заттардың айналымы туралы бейнеақпаратпен танысып, олардың бір-бірімен байланысын ашады: 1) топ -тау түзілу, 2) топ -тау үгілу, 3) топ - климаттық үдерістер. | Презентация 1-2 слайд | ||||||||
Сабақтың ортасы 4-5 мин 6-10 мин 11-14мин 15-17мин 18-22мин 23-26мин 26-30мин 31-37мин | (Т) Оқушылар табиғатта заттардың айналымы туралы бейнеақпаратпен танысып, олардың бір-бірімен байланысын ашады: 1) топ -тау түзілу, 2) топ -тау үгілу, 3) топ - климаттық үдерістер. Тапсырма 1: 3 топ жоғарыда аталған үдерістердің қандай табиғат заңдылықтарымен байланысты екенін айтып, не болмаса графиктік әдіспен сызып көрсетуі қажет. Мысалы: (Ж) Тапсырманы аяқтаған соң, оқушылар табиғаттағы үдерістердің өзара байланысы туралы ой қорытындылайды. (М) Мұғалім оқушыларға түрлі табиғат үдерістерін бейнелейтін суреттер таратып береді .
Оқушылар табиғат көріністері жайлы әңгімелейді (М) Презентация арқылы түсіндіру Өлі табиғат – табиғаттың жансыз бөлігі, мысалы, жер қыртысын құрайтын ауа, су және тау жыныстары. Өлі табиғат өзгеріссіз тұрғандай көрінеді. Алайда, зер салып қарасаңыз, онда үнемі өзгерістер болып тұратынын байқай аласыз. Мәселен, су мен ауа қозғалады, қыста су мұзға айналады, тастар түйіршіктеліп үгітіліп жатады. Видео және суреттер бойынша оқушылардың табиғат үдерістерінің себептері мен салдарын дұрыс түсінетіндігін анықтау. Тапсырма 2: (Жж) 1) Оқушылар табиғаттағы болып жатқан үдерістердің себеп-салдарларын түрлі суреттер арқылы анықтайды: 1.Жердің орбитасы 2. Күн мен түн/жыл маусымдары 3. Климаттық құбылыстар(жауын-шашын, дауыл мен құмды желдер, қар, мұз) 4. Жер бедерлерінің суреттері(таулар, каньондар, жанартаулар,жазықтықтар, шөлдер) Тапсырма 3: Ж Кесте толтыру:
Тапсырманы орындау критерийлері:
(М) Оқушылардың кесте толтыруын бақылап кері байланыс жасайды | https://twig-bilim.kz/film/fold-mountains-formation-6015/ Тау түзілу https://twig-bilim.kz/film/weathering-5405/ Тау үгілу https://twig-bilim.kz/film/glossary/climate-5248/ Климаттық үдерістер Слайд 4 Слайд 5-8 Слайд 9-10 Слайд 11 Жердің орбитасы мен маусымдар: https://www.youtube.com/watch?v=9zW6c_hfZ4c Слайд 13 Слайд 14 | ||||||||
Сабақтың соңы 38-40мин | Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді: - Бүгін нені түсіндің? -Сен үшін тақырып қаншалықты маңызды? -Сабақта неден қиналдың? | Слайд 15 | ||||||||
Саралау–оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасыныңсақталуы | ||||||||
Қабілеті жоғары оқушылар:
Қабілеті орта оқушылар:
Қабілеті төмен оқушылар:
|
|
| ||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары / оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қолжеткіздіме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта саралау дұрысжүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен? | Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз. | |||||||||
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?