Қара металл деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.


Қысқа мерзімді жоспар

Пән: Жаратылыстану

Сынып: 4-сынып

Бөлім: Заттар және олардың қасиеттері. Табиғат ресурстары.

Мектеп:

Модератор: Данабаева М.А.

Қатысқандар саны:

Қатыспаған оқушылар:

Күні:

Тақырыбы:

Қара металл деген не?

Оқу мақсаты:

4.3.4.1 - кейбір пайдалы қазбалардың (бор, тұз, әктас, саз, мұнай, гранит, көмір, табиғи газ) қолданылу саласын анықтау;4.3.4.2 - Қазақстанның негізгі пайдалы қазбалары өндірілетін кен орындарын картадан көрсету;

4.1.2.2 - алынған нәтижелерді білім алушы таңдаған формада ұсыну.

Сабақтың мақсаты:

Қара металмен танысу.

Бағалау критерийі

Қара металды ажыратады;

Темірдің қолдану аясын біледі;

Темірдің таралу аймақтарын біледі.

Тілдік мақсат

Тірек сөздерді пайдаланып қара металдар мен темірдің қалай қолданылатынын айтып бере алады.

Пәндік терминология мен тірек сөздер: Қара металл, шойын, болат.

Құндылықтар

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуін тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, математика, көркем еңбек

АКТ қолдану дағдылары

Таныстырылыммен жұмыс

Алдыңғы меңгерілген білім

Кенді пайдалы қазбаларды біледі.

Сабақ барысы

Жоспарланған уақыт

Сабақта жоспарланғаніс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

2 минут

3 минут

Ұйымдастыру. Өлең сөздеріне қарай қимылдар жасайды және әуенмен айтады:

Біз өнерлі баламыз,

Сурет сала аламыз.

Би де билеп қоямыз,

Ән де шырқап саламыз.

Ойынды да ұмытпай,

Асық ойнап аламыз.

Жедел жауап. «Дартс» ойыны арқылы оқушыларға өткен тақырып бойынша бірнеше сұрақ қою. Жетекші сұрақтар:

  • Табиғатта қандай пайдалы қазбаларды алуға болады?
  • Металды қайдан алады?
  • Метал өнімдерін қандай әдіспен алады?
  • Домна пештері туралы не білесіңдер?
  • Полиметалл кені деген не?

ҚБ. Мұғалімнің ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Көңілді әуен қосып қою.

Слайд №1

Слайд №2

Сабақтың ортасы

4 минут

1 минут

3 минут

1 минут

3 минут

1 минут

3 минут

1 минут

5минут

1 минут

3 минут

2 минут

1 минут

6 минут

Қызықты мамандық.

Мақсаты: Металлург маманының қызметімен танысу. Ол үшін «Поле Чудес» ойыны арқылы бірнеше мамандық иелерінің (мұғалім, дәрігер, ғарышкер, металлург) суреттерін іліп қойып, олардың жұмыстарын талқылау. Сұрақтар:

  • Мұғалімнің қызметі не?
  • Ал дәрігердің ше?
  • Ғарышкер нені зерттейді?
  • Металлург маманы немен айналысады?
  • Ол нені өндіреді?

ҚБ. Мұғалімнің «Бес бармақ» әдісі арқылы ауызша қалыптастырушы бағалауы.

Темір. Оқушылар теміртастан қандай өнім алуға болатынын анықтайды. Оқулықта берілген сызбаны талдайды. Ол үшін оқушыларды шағын топтарға біріктіру керек.

Топтарға біріктіру. «Доллар, рубль, теңге» ойыны арқылы бірнеше топтарға біріктіру ұсынылады. Ол үшін жасанды валюта қағаздарын пайдалану керек.

Әр топқа темірден жасалған өнімдердің суреттері таратылады. Оқушылар темір кенінен темір мен шойынды қалай алатындығын талқылап, өз ойларын ортада жариялайды. «Аяқталмаған сөздер» ойыны арқылы әр топ өз жауаптарын «Біздің ойымызша...» деген сөздерден бастап айтып шығады. Басқа топтардың жауаптарымен салыстырады.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-біріне баға береді.

Темірдің қасиеті. Оқушылар темірдің қасиеті туралы сөз етеді. Ол үшін әр топқа темірдің қасиеті туралы ақпарттар мен суреттер таратылады.

Топ ішінде оқушылар темір туралы білген ақпараттарын топ ішінде талқылап, ортада жариялайды.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-біріне баға береді.

Картаны зертте.

Әр топқа Қазақстан Республикасының пайдалы қазбалары көрсетілген карта таратылады. Оқушылар картадан темірдің қай жерден алынатынын анықтайды. «Кім жылдам?» ойыны арқылы белгілі уақыт ішінде (2-3 минут) темірдің таралу аймақтарын анықтайды.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы әр топ бір-біріне баға береді.

Зерттеу жұмысы.

Мақсаты: Қара металдан жасалған заттарды анықтау..

Ресурстар таратып беру: Сынып ішіндегі қара металдан жасалған заттар немесе олардың суреттері, магнит, зерттеу нәтижесін жазатын парақ.

Жоспар құру:

  • Сынып бөлмесіндегі темірден жасалған заттарды табу;
  • Оларды бақылау арқылы қара металдан жасалғанын анықтау.
  • Заттарға магнитті жақындатып, олардың магнитке тартылуын не тартылмауын анықтау;
  • Қорытынды шығару.

Саралау: Ынтасы жоғары оқушыларға басқа қандай заттар қара металдан жасалуы мүмкін деген сұрақ қойылады

ҚБ. Мұғалімнің «Смайликтер» арқылы қалыптастырушы бағалауы.

Ойлан. Оқушылар жұптасып, кен орындарының қалай ашылатыны туралы әңгімелеседі. Оларды арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізіп барып анықтайтынын айтады.

Сен білесің бе? 1920 жылы Намибияда табылған метеориттің әлемдегі ең үлкен темір екендігі туралы айтып беру. Оның салмағы – 66 тонна, көлемі – 9 м³

Сергіту сәті. Көзге арналған жаттығулар жасау. Сұрақтар:

-Көз шаршағанда не істеу керек?

-Көзге арналған қандай жаттығуларды білесіңдер?

Жеке жұмысқа дәптерде берілген тапсырмаларды орындау ұсынылады.

25-жұмыс парағы. «Қара металл деген не?», 27-б.

Айқыштар мен дөңгелектер. Берілген тұжырымдардың дұрысы мен бұрысын анықтау.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Кенді пайдалы қазбаларды біледі;
  • Жанғыш пайдалы қазбаларды біледі;
  • Полиметалдарды біледі.

26-жұмыс парағы. «Қазақстандағы қара металлургия орталықтары», 28-б.

Картаға түсір. Кескін картаға темір кен орындарының шартты белгілерін қою.

Бағалау. Дескриптор:

Оқушылар:

  • Темірдің шартты белгісін біледі;
  • Картадан тиісті орындарды табады.

Сөйлемдерді толықтыр. Берілген сөйлемдерді тиісті сөздермен толықтыру.

ҚБ. Мұғалімнің жазбаша бағалауы.

Оқулықпен жұмыс

Слайд №3

 

 

Слайд №4,5

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Слайд №6

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Слайд №7

Дәптермен жұмыс

Сабақтың соңы

2 минут

Кері байланыс. Сабақтағы өз жұмысына баға беру.

  • Мен сабақта ________ жұмыс істедім, себебі ________.
  • Сабақтағы өзімнің жұмысыма мен ________ себебі, ________.
  • Сабақтың тақырыбы ________ болды.
  • Менің қосымша ________ жайлы білгім келеді.

Бағалау парағы

Слайд №7

Қосымша ақпарат

Саралау –оқушыларғақалайкөбірекқолдаукөрсетудіжоспарлайсыз? Қабілетіжоғарыоқушыларғақандайміндетқоюдыжоспарлапотырсыз?

Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы

Материалдарды игеру деңгейлерінде оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында ақпаратты қабылдаудың әр түрін ескеру. Оқушылардың ақпаратты қабылдауына байланысты тапсырмалар ұйымдастыру.

Сабақ барысында

-мадақтау, қолдау сөздер айту арқылы бағалау.

-оқушылардың жауаптарын, іс-әрекеттеріне бақылау жүргізіп, түртіп алу арқылы бағалау.

Сергіту жаттығуларын орындағанда, тақтаның алдында топтық жұмыс жасаған кезде оқушылар сынып ішінде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу