Дыбыстың шағылуы деген не? Жаратылыстану, 4 сынып, сабақ жоспары.
Қысқа мерзімді жоспар
Пән: Жаратылыстану Сынып: 4 Табиғат физикасы. Жарық | Мектеп: Мұғалімнің аты-жөні: Қатысқандар саны: Қатыспаған оқушылар: | |||||||
Күні | ||||||||
Тақырыбы | Дыбыстың шағылуы деген не? | |||||||
Оқу мақсаты |
| |||||||
Сабақтың мақсаты | Барлық оқушы: Дыбыстың табиғи және жасанды түрін ажырата алады; Дыбыс көзінен алшақтаған сайын дыбыстың бәсеңдейтіндігін біледі; Оқушылардың көбі: Дыбыс қандай орталарда тарала алатындығын біледі; Дыбыстың шағылу құбылысы жаңғырық екендігін біледі; Оқушылардың кейбірі: Дыбыстың шағылу құбылысының қолдану аясына мысалдар келтіре алады; Жасаған зерттеу жұмысына қорытынды жасай алады; | |||||||
Бағалау критерийі | Дыбыстың табиғи және жасанды түрін дұрыс ажыратуы; Дыбыс көзінен алшақтаған сайын дыбыстың бәсеңдейтіндігін білуі; Дыбыс қандай орталарда тарала алатындығын білуі; Дыбыстың шағылу құбылысы жаңғырық екендігін білуі; Дыбыстың шағылу құбылысының қолдану аясына мысалдар келтіре алуы; Жасаған зерттеу жұмысына дұрыс қорытынды жасай алуы; | |||||||
Тілдік мақсат |
| |||||||
Құндылықтар | Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас мәдениеті, тіршілік қауіпсіздігін сақтау | |||||||
Пәнаралық байланыс | Дүниетану, көркем еңбек | |||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Төменгі сыныптарда оқылған «Дыбыс» тақырыптары. | |||||||
Сабақ барысы | ||||||||
Жоспарланған уақыт | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||||
Сабақтың басы 10 минут | Бөлімге кіріспе. Сабақты оқушыларға түрлі дыбыстарды тыңдатудан бастайды. (күннің күркіреуі, сылдырлап аққан судың дыбысы, құстардың шырылы, музыкалық аспаптың үні). Естігін дыбыстарыңды қалай жіктер едіңдер? Балалар дыбыстарды табиғи және жасанды деп жіктейді Дыбыс қалай таралады? (барлық бағытта) Дыбыс қандай агрегаттық күйлерде таралады? (қатты, сұйық, газ) Слайдта берілген суретке назар аудара отырып «көше шуы естілуі үйдің төменгі қабаты мен жоғарғы қабатында қалай естіледі?» – деген сұраққа жауап береді. (Бұл сұраққа жауап беруде өз жеке тәжірибелерін пайдаланып немесе өз ойларын айтып, болжайды. (дыбыс көзі мен қабылдағыш арасындағы қашықтыққа тәуелділігін естеріне түсіріп, дыбыс кез келген ортада таралуы барысында дыбыс көзінен алшақтаған сайын бәсеңдейтінін, осыған орай жоғарғы қабатқа қарағанда төменгі қабатқа көше шуының қаттырақ естілетінін айтады). Егер жауап бере алмай жатса келесі суретті көрсетемін. Кіріспе тапсырма. «Тау сөйлей ме?» Негеш пен Эвриканың табиғат аясына саяхаты бейнеленген сурет бойынша жұмыс жасату. Сен осындай таулы, жартасты жерде болып көрдің бе? Айғайлап дауыс шығарған кезің болды ма? Сонда не естідің? Балалар бұл жерден қандай дыбыс ести алады? Дыбыс қайдан пайда болды деп ойлайсыңдар? Сұрақтарға жауап беру арқылы өз тәжірибелерімен бөліседі. Сонымен осы тапсырма бойынша қорытынды жасалады: дыбыс жарық тәрізді айналадағы денелерге соғылып, кері шағылады. Оның шағылуын «жаңғырық» деп атайды. Сабақтың мақсатын және тақырыбын анықтау. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Дыбыстың шағылуы деген не? Сабақ мақсаттары: Жаңғырықтың қалай пайда болатынын білу; Дыбыстың шағылу құбылысы қалай және қайда қолданылатынын білу; ҚБ. Мұғалімнің ауызша кері байланысы. | Видеоролик (суретін көрсетпей тек тыңдатуға болады) 5-6 слайд | ||||||
Сабақтың ортасы 25 минут | Зерттеу жұмысы «Дыбыстың шағылуын қалай естуге болады?». Зерттеу жұмысын бастамас бұрын сыныпты шағын топтарға бөліп аламын. Бөлінген топтар зерттеу жұмыстарын жасайды және алған нәтижелерін өз араларында қорытындылайды. Зерттеу сұрағы: «Дыбыстың шағылуын берілген құралдар арқылы қалай зерттеуге болады?» 1. Сағатты парта үстіне қой, оның дыбысын тыңда, қалай естіліп тұрғанын бағалап жазыңдар. 2. Екі шеті степлермен бекітіліп жасалынған картон ішіне сағатты орналастырыңдар. 3. Сағаттың дыбысын цилиндрдің жанынан тыңдайды, алдыңғы тыңдаған дыбыспен салыстыра отырып бағалап жазыңдар. 4. Орыныңнан тұрып, сағаттың дыбысын цилиндрдің жоғары жағынан тыңда. Естілген дыбысты бағалап жазыңдар. 5. Тәрелкені цилиндрдің жоғарғы жағына әрі-бері қозғай отырып сағаттың дыбысын тыңда. Естілген дыбысты басқа дыбыстармен салыстыра отырып, бағала. 6. Алған нәтижелеріңді қолдана отырп, қорытынды жасаңдар. (Парта үстіндегі сағат тықылы естіледі, картоннан жасалған цилиндр ішіне қойылған сағат тықылы біраз бәсеңдейді немес естілмей қалады. Тәлеңкені сағат пен құлақ арасына дұрыс орналастырса сағат тықылын шағылу құбылысы арқылы естиді. Зерттеу жұмысы жақсы шығу үшін сағат астына жұмсақ орамал қойған дұрыс.) Ойлан. Суретте не бейнеленген? Орманды жерде жаңғырық бола ма? Орманды жерде адасқан адамның орынын табу қаншалықты қиын? Неліктен? (болады/ себебі дыбыс көзінен шыққан дыбыс толқындары әрбір ағашқа барып шағылып жан жаққа таралады) Сен білесің бе? Жаңғырықтың қандай пайдасы бар? «Эхолот» деген сөзді естіп көріп пе едің? Эхолот қайда қолданылады? (кемелерде су тереңдігін анықтау үшін қолданылатын эхолоттың жұмыс істеу принципі дыбыстың шағылуына негізделген. Құрылғы дыбыс толқындарын су түбіне жіберіп, шағылған дыбыстың құрылғыға қайтып оралған уақытын өлшеу арқылы су тереңдігін анықтайды) Өзіндік жұмыс. 7, 8-жұмыс парағы. ҚБ. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. | Сағат сиятындай етіп бекітілген екі картон ғағаздан жасалынған цилиндр, сағат, тарелка, жұмсақ мата немесе орамал. | ||||||
Сабақтың соңы 5 минут | Рефлексия сәті Есте сақта! Сабақ соңында менің көңіл күйім
тәрізді |
| ||||||
Қосымша ақпарат | ||||||||
Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық пен қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||||
Сабақта саралау сұрақтар қою, тапсырмаларды орындау барысында жүргізіледі. | Мұғалімнің ауызша кері байланысы. Мұғалімнің жазбаша кері байланысы. Мадақтау, қолдау көрсету. | Қауіпсіздік ережелерін сақтау Сабақтағы іс-әрекет түрін жиі ауыстыру |
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар оқу мақсаттарына қол жеткізді ме? Оқу мақсаттарына қол жеткізілмесе себебі неде? Ынтымақтастыққа қол жеткізілді ме? Саралау бойынша жұмыстар дұрыс жүргізілді ме? Уақыт кезеңдері дұрыс сақталды ма? Жоспардан ауытқулар орын алды ма? Неліктен? | |
Қорытындылау Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)? 1: 2: Сабақ барысында сынып немесе жекелеген оқушылар туралы келесі сабағымды жетілдіруге не көмектесетін білдім? |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» Freedom bank-те керемет акция! 1000 ₸ кэшбек сыйлайды
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды