Атмосфера деген не? Жаратылыстану, 1 сынып, сабақ жоспары.


ПӘН: Ғылымға кіріспе3A бөлім: «Ғарыш»ТАҚЫРЫБЫ: «Атмосфера деген не?»

Көкшетау қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі

КҮНІ:

МҰҒАЛІМНІҢ АТЫ-ЖӨНІ: Абдилова Б.М.

СЫНЫП: 1

ҚАТЫСҚАНДАР САНЫ:

ҚАТЫСПАҒАНДАР САНЫ:

ОҚУ МАҚСАТЫ:

1.6.1.3 Жердің атмосфера қабаты бар екендігін білу.

Дағдылар:

Бақылау

1.1.1.2.Бейнеклиптер мен Жердің ғарыштан түсірілген көріністері мен кітаптар неігізінде Жер туралы сұрақтарға жауап табу.

 САБАҚТЫҢ

 МАҚСАТЫ:

Барлық оқушылар жасай алады:

Оқушылар атмосфера Жердің ауа қабаты екенін біледі;

Оқушылардың көбі жасай алады:

Оқушылар бақылау барысында атмосфераның құрамын анықтайды;

Оқушылардың кейбірі жасай алады:

Оқушылар тіршілік иелері үшін атмосфераның маңызды екені туралы қорытындылайды.

 ТІЛДІК МАҚСАТ:

Негізгі терминдер мен сөзтіркестер:

Үлкен-кішкентай, шар тәріздес, Жер атмосферасы

Сабақта диалог/жазылымға қажетті тіркестер:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Атмосфера

Атмосфера

atmosphere

Азот

Азот

azote

Оттегі

Кислород

oxygen

Көмір қышқыл газы

Углекислый газ

carbon dioxide

Талқылау үшін сұрақтар:

  • Біз немен тыныс аламыз?
  • Күннің зиянды сәулелерінен не қорғайды?
  • Күннен қорғану үшін не киеміз?

Жазылымға арналған сөз тіркестері :

Барлығына керек: ауа, су, жылу, атмосфера, көмірқышқыл газ, ауа қабаты

Алдыңғы білімдер

Жер ғаламшары туралы біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Дереккөздер

Кіріспе бөлім

Ұйымдастыру сәті (Ұ)Сәлемдесу. Психологиялық ахуалОтан деген Жер шары.Төбемізде бір аспан.Барлық ұлттың баласыБірлігімен жарасқан.

Негізгі бөлім

Қызығушылықты ояту(Ұ) Ғарышқа саяхатЖердің ғарыштан бейнесін көру үшін ғарышқа ұшамыз. (интерактивті тақтадан видеоматериал көрсетіледі) Глобусқа қайта қарап, Жер мен ғарыш кеңістігінде не бар екенін ойланады. Ғарыштан Жерді түсірген бірнеше фотоларды көрсетіледі және глобусты қайта қарайды.Ғарыштан Жерді түсірген фотолары

(МК) Мұғалімнің түсіндірмесі

Ғалымдар атмосфера бір милионға жуық жылдар бойы пайда болды деп есептейді. 1765 жылы М.Ю.Ломоносов Венераның атмосферасын ашып, ғылыми терминологияға «атмосфера» деген түсінікті еңгізді. Жер атмосферасы грекше: atmos бу, sphaira шар. Атмосфера деп Жермен бірге айналып және оны қоршап, қорғап тұрған газды қабықшаны атайды. Жерден қанша алыстаған сайын ауаның мөлшері де азайып, бос кеңістік басталады.

(Ж) Сұрақтарға жауап іздейді. Оқушылар жұпта сұраққа жауап беріп, ойларымен бөліседі.

-Басқа ғаламшарларда өмір бар деп ойлайсыңдар ма? Неге?

-Біздің ғаламшарымыз басқа ғаламшардан қандай айырмашылығы бар деп ойлайсыңдар? Жер – басқаларына қарағанда ең жақсы білетін планетамыз. Планетамыз-қатты, бірақ қорғаушы жамылғы көрпемен орағандай, ауа қабығы бар онша дөңгелек емес доп.

-Аспан неге көгілдір? Жерді ауа қабаты-атмосфера қоршап тұр. Ол жерді суықтан, зиянды сәулелерден және ғарыштық тастар-метеориттерден қорғайды. Атмосфера ауа мұхиты деп те атауға болады.Ауа қабаты арқылы күн сәулелері өтеді. Сондықтан ауа су сияқты түсін өзгертіп тұрады. Ауа-Жерді қоршап тұрған көзге көрінбейтін газдардың қоспасы. Ол түссіз, иісі жоқ. Күн сәулелері ауа қабаттары арқылы өтіп, өздерінің жарықтығын жоғалтады. Сөйтіп, аспан көгілдір болады. Ауада шаң бөліктері, түтін көп болса, аспан ақшыл, кейде қызылдау болады.(Ұ)Жұмбақты шешу

Көзге ілінбейді,

Жұтсаң білінбейді. (ауа)

(МК) Мұғалімнің түсіндірмесіАуа деген не? Ауа-барлық тіршілік дүниесінің тыныс алатын нәрсесі. Онсыз бәрі тіршілігін жояр еді. Ауа кеңістігі бүкіл Жер бетін алып жатыр. Ол біздің айналамызда, жердің беткі қабатында,суда, барлық бос жерлерде, қатты денелердің құрамында да кездеседі. Біз ауа кеңістігінің ең төменгі қабатында өмір сүреміз. Ол атмосфера деп аталады.

(ОТ) «Зертте!» тәжірибелік жұмыс.

Атмосфера Жерді қалай қорғайды? деген сұраққа жауап алу үшін оқушылар тәжірибелік жұмыс жүргізіледі.

1-тәжірибе: Қант себілген ағаш тақтайшамен (пластинканың ұзындығы стақанның диаметрінен кіші) стақанның бетін жауып, суы бар шыны ыдысқа түсіреді. Қант құрғақ күйінде қалады (cтақан атмосфераның рөлін атқарады). Осылай атмосфераның Жерді қауіпті заттардан қорғаудағы рөлін көреді.(Ж, Т) «Атмосфера Жер ғаламшарын неден қорғайды?» деген сұраққа жауап іздеп, жұпта, топта талқылайды.Атмосфера жерді суықтан, зиянды сәулелерден және ғарыштық тастардан (метеориттерден) қорғайды.

(Т)Ойлан!

Оқушыларға: «Атмосфера болмаса, не болар еді?»деген сұраққа жауап беруді ұсынылады. Оқушылар алдымен жұпта пікір алмасады, содан кейін топпен сынып алдында өз пікірін қорғайды.Тілдік құзіреттілікті қалыптастыру

Тірек сөздермен жұмыс жасау үшін «Кім білгір?» ойынын ұйымдастырылады. Ойынның шарты: жабыстырмасы бар қағаздарға тірек сөздерді біртіндеп жазып, оқушының арқасына жабыстырып қою керек. Олардың араласады. Содан кейін бір сөз үш тілде жазылған жабыстырма қағаз арқылы оқушылар бір-бірін тауып алып, топ құрайды.

(Қ) Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды.

1-тапсырма: Атмосфера Жер ғаламшарын неден қорғайды? Сол суреттердің астын сыз.

http://www.youtube.com/watch?v=1UVA4NzP0P8

Қорытынды бөлім

2-тапсырма: «Ауасыз өмір жоқ». Сумен, ауамен қоректенген және сусыз, ауасыз тіршілік еткен гүлдің суретін сал. Өз ойынды жаз.

Интеллектуалды рефлексия.

1. Атмосфераның қай қабатында тіршілік бар?

А) ең төменгі қабатында

В) ең жоғарғы қабатында

С) ортаңғы қабатында

2. Адамның тіршілігіне не қажет?

А) тамақ, ауа, су

В) ауа, су, күннің жылуы

С) су, жер, киім 3. Ауа қандай?А) иісі, түсі барВ) түссіз, иісі жоқС) жағымсыз иісі бар, көк түсті

Сабақты қорыту. Бекіту. Рефлексия.- «Ауа» деген ұғымды естідіңдер. Ол қайда? Оны қалай сезесіңдер?- Ауаның қандай пайдасы бар?- Ауаның қандай қабаттары бар?

Қосымша тапсырма: «Жердің көрінбейтін киімі» тақырыбында қысқаша әңгіме құрастыру

Тест парақтары

Қосымша ақпарат

Дифференциация - оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалайша күрделендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс:

Өнер

Кейбір оқушылар видеобейне бойынша сұрақтар қоя алады

Тапсырма 1. «Ауасыз өмір жоқ». Сумен, ауамен қоректенген және сусыз, ауасыз тіршілік еткен гүлдің суретін салады.Оқушылар қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы орындайды.

Оқушылар атмосфераның тіршілік иелері үшін маңыздылығын ашатын берілген суреттер мен сөз тіркестерін, бір-бірімен байланыстырады.

Өнер. Атмосфераны бейнелейді

АКТ. Атмосфера туралы бейнематериалдар.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері анық па?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай, қандай деңгейде өтті?

Дифференциялау жоспарым жүзеге асты ма? (тапсырмалары сәйкес болды ма?)

Уақыт дәлдігі қалай болды? Жоспарыма қандай өзгерістер енгіземін?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Берілген сұрақтарға жауап беріңіз?

Сабақты талдау қорытындысын осында жазыңыз. Өткізген сабағыңызға байланысты сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз

Қорытынды баға

Қандай екі әдіс өте сәтті болды (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Қандай екі әдіс-тәсіл толықтырылуы тиіс (оқыту мен үйрену)?

1:

2:

Келесі сабағымда ескеретіндей сынып және жеке оқушы жайында қандай мәлімет алдым?



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Қазақстан пойыздарында үй жануарларын тасымалдау ережелері
» Қазақстандықтар шетелге шығуға жылына қанша жұмсайды?
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
Пікір жазу