Қазақ тілі мен әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Әңгіменің мазмұнын ретімен айту ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР


Қысқамерзімді жоспар

Пән:Қазақ тілі және әдебиеті

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

2 – бөлім «Менің мектебім»

Тақырып: Әңгіменің мазмұнын ретімен айту.

Жж дыбысы мен әрпі

Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі

Тоқсан: 1 Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К.

Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Әңгіменің мазмұнын ретімен айту.

Жж дыбысы мен әрпі

Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме)

2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу

1.7 Тыңдалған материал бойынша өз пікірін айту

 Сабақ мақсаттары

1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру.

1.1.7.1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды)Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру (ұнайды/ ұнамайды).

 Тілдік мақсат

 

Жж әрпіне байланысты сөздер, мәтін, әңгімелеу барысында«бір күні», «кенет», «келесі күні» сөз тіркестерін пайдалану.

 Құндылықтарды дарыту

Сабақ барысында оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру.

 Пәнаралық байланыстар

Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды.

Алдыңғы меңгерілген білім

Мектеп туралы әңгімелер оқыды, постер қорғады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 – 7 минут

Балалар шеңберге жиналады.

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне сәттілік тілейді.

Мектеп туралы мақалды тыңдап, естеріне сақтайды.

Мектеп-кеме, білім-теңіз.

Сабақ мақсаты: әңгімедегі басты кейіпкерді анықтап, мәтін бойынша нақты ақпаратты таба алады.

Тақырыпқа байланысты суреттер.

Сабақ ортасы

25-30 минут

(Ұ) 1.Әңгіме желісіне қарай салынған сюжетті суретті көрсете отырып, оқушыларды әңгімеге тарту.

  • Бұл суреттен не көріп отырсыңдар?
  • Әңгіме не туралы болуы мүмкін?

2. Әңгімені оқып беру.

Алты жасқа толған Алпамыс жаздай мектепке дайындалды. Ол анасымен дүкенге бет алды. Оған анасы дүкеннен мектепке керекті оқу-құралдарын сатып әперді. Қарындаш, қалам, сурет дәптері, бояу тіпті өшіргіш те алыныпты. Анасына риза болған Алпамыс оған рақметін айтты. Ол мектепке барғанда жақсы оқитынын айтып, уәде берді.

Оқушыларға әңгіменің басты оқиғаларының ретін анықтауда көмек беру үшін суреттерді көрсетіп, келесі сұрақтарды қою.

-Әңгіме кім туралы?

-Әңгіменің басы қалай басталды?

-Содан кейін не туралы айтылды?

-Әңгіме қалай аяқталды?

Қабілеттері бірдей оқушыларды топқа немесе жұпқа біріктіру.

Оқу қабілеттеріне сай таныс сөздері бар мәтінді оқуға тапсыру.

Мектептегі оқиғаларды көрініс ретінде қойған кезде оқушыларға көмек ретінде суреттер, қуыршақтар немесе ойыншықтар беріп, өз ойларын айтуға тарту.

Оларға басты оқиғаларды ретпен қоюға пайдалы болатын сөз тіркестерін ұсыну.

 Басты оқиғалар ретін еске түсіре отырып, әңгіменің мазмұнын айтып беру.

Әңгімені ретімен оқушыға оқыту.

Әңгімені мазмұндау.

Оқушыларға Жж дыбысы мен әрпін меңгерту.

Балаларға "Ж" дыбысынан келетін сөздерге байланысты жұмбақтар жасыру.1. Күндіз бәрі қашады,Түнде аспанды басады. (Жұлдыз)2. Төбеден төнеді,Тамшысын төгеді. (Жаңбыр)3. Ағайынды бәрі.Шықса жасыл,Түссе сары. (Жапырақ)4. Күндіз тіпті ұшпайды,Түнде тышқан ұстайды,Көзі шамға ұқсайды. (Жапалақ)(суреттер)- Осы барлық сөздер қандай дыбыстан басталады?- Ж - дыбысынан.- Дұрыс - ақ. Олай болса бүгінгі танысатын жаңа дыбыс - Ж дыбысы мен әрпі.Мынау Ж дыбысының баспа және жазба түрлері.- Ж - дыбысы қандай дыбыс?Қандай текшемен белгілейміз?Әліппе – дәптермен жұмыс.

Сергіту сәті «Көңілді күн»

Гүлдерге қонады

Шырынын сорады.Түр-түсі сары алаБұл не? (Ара)Ара қандай дыбыс шығарады?- ж - ж - ж - ж - ж - жАра, ара, аралар

Орманның бәрін аралар.Гүлдерден сорып бал алар.Топпен жұмыс.1 топ. Әріптер арасына жасырынған - Ж – әрпін тауып сызыңдар.2 топ. "Не артық?" Карточкадағы артық затты тап, ол неге "артық?"(сурет)3 топ. ЖолбарысЖыланЖапырақОсы сөздерге дыбыстық талдау жасау, сөйлем құрастыру.4 топ. Дидактикалық ойын:"Буынға буын қос".Мақсаты: басталған буынға буын қосып, сөз құрастырып, айта білуге, шапшаңдыққа, зейінін дамыту.Жа-ға, жу - ан, жаң - ғақ, жыл - дам, Жас - лан, жаң - быр, жы - лан, жас - тық, жү - зім, жұл - дыз, же - міс, жұм - бақ, жи - һаз.5 топ. Тақтада әртүрлі суреттер ілінген (жүзім, машина, қонжық, түйе, доп, көжек, жылқы). Осы суреттердің ішінен – ж – дыбысы бар суреттерді тауып, атын атап буынға бөлу.

Сабақтың соңы

2 – 3 минут

Рефлексия.

Әр оқушы Ж ж дыбысына байланысты сөздер жазады және қорғайды.

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі.

Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын.

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу