Қазақ тілі мен әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Қысқамерзімді жоспар
Пән:Қазақ тілі және әдебиет Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 – бөлім «Менің мектебім» Тақырып: Мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау. Шш дыбысы мен әрпі | Мектеп: Талдықорған қаласы Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||
Тоқсан: Мұғалімнің аты-жөні: Кудабаева А.К. | |||||
Сынып: 1 | Қатысқандар: Қатыспағандар саны: | ||||
Сабақтың тақырыбы | Мектеп туралы әңгімелерді мазмұндау. Шш дыбысы мен әрпі | ||||
Осы сабақта қол жеткізілетін ОБ сілтеме) |
2.5 Мәтін бойынша сұрақ қоя білу және жауап бере білу | ||||
Сабақ мақсаттары | 1.1.1.1 Тыңдау барысында тілдік бірліктерді (сөйлеу, сөз, сөйлем, мәтін) ажырату, тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну. 1.2.5.1 Мәтін иллюстрациясы бойынша сұрақтар қоя білу немесе оқығаны бойынша қойылған сұраққа жауап беру (мұғалім көмегімен). | ||||
Тілдік мақсат
| Шш әрпіне байланысты сөздер, мектепке байланысты сөздер: оқушы, мұғалім, кітапхана, сынып, асхана, сабақ, тақта, парта | ||||
Құндылықтарды дарыту | оқушылардың бір – бірін тыңдау, көмектесу, жұптасып тапсырма орындау, диалогтық сөйлесу мәдениеті қалыптасады. Татулық, достық, сезімдерін қалыптастыру. | ||||
Пәнаралық байланыстар | Берілген тақырыпқа байланыст танысытырылым және өздік жұмыстарын орындау арқылы АКТ пәнімен байланыс орнайды. | ||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Оқушылар сурет бойынша сөйлем құрып, шағын мәтін жазады. Ойын жеткізуде сөйлемді дұрыс құруға қалыптасады. | ||||
Сабақ барысы | |||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы 5 – 7 минут | Көңілді шеңберге жиналу. Оқушылар мектеп тақырыбына байланысты сөздерді айтады. Шаттық шеңбері. «Көңілді күн» Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі. – Балалар, «Қазақ тілі әлеміне» саяхатымызды жалғастырып, бүгінгі сабақта сендер мектеп туралы, О о дыбысы мен әрпі туралы өте қызықты мәліметтер аласыңдар. Слайд №1. Аралық тақырып «Менің мектебім» бойынша балалардың ойын, тілін дамыту. Балаларға мектептің суреті көрсетіледі. (Б) Сұрақ қою. – Балалар, сендер 1 қыркүйек күні қайда келдіңдер? – Сендер қай мектепте оқисыңдар? – Сен қай сыныпта оқисың? – Мектепте кімдер жұмыс істейді? /Суреттер көрсету: мұғалімдер, дәрігер, аспаз, күзетші/ – Мектептегі қандай орындарды білесіңдер? /Суреттер көрсету: сынып бөлмесі, кітапхана, мәжіліс залы, асхана/ | watch?v=TwD0jZdUuC8 YK7RNTxCvac Тақырыпқа байланысты суреттер. | |||
Сабақ ортасы 25-30 минут |
Мектебім - айтар әнім Сан рет қайталадым Сан рет қайталадым Өзіңнен алғанымды Өзіңе қайтарамын. Мақалды дұрыс құрастырып оқы. «Шашылған сөздерді орнына қой» -Оқу - білім азығы, Білім – ырыс қазығы. -Білімдіге дүние жарық. Білімсіздің күні кәріп. -Мектеп – кеме, білім – теңіз. Топтық тапсырма 1 топ. -Сендер осы мәтінді қалай аяқтар едіңдер? Адам өміріндегі қызықты сәттердің бірі мектепте өткізген уақыт болып табылады. Мектеп-білім теңізіндегі үлкен кеме. Осы кемеде он екі жыл уақытты әр бала өткізеді. Мектеп табалдырығын тарыдай болып аттаймыз. Білім алып, таудай болып шығамыз... 2 топ. Сурет бойынша мәтін құрастырады. Оқушыларға Оо дыбысы мен әрпін меңгерту. Оқушылар Оо дыбысына байланысты сөздер ойлап табады, сөйлемдер құрайды. Жазу үлгісіне Оо әрпін жазады. Сөздердің ішінен о әрпі бар сөздерді тауып, астын сызады. Суреттерді сөздермен сәйкестендіреді. Жұмбақ шешу. Бұл жұмбақтың жауабын мен мына суретке жасырып қойдым. Үрлесең жеп-жеңіл Елпілдеп кетеді Ұшырсаң көк теңбіл Бұлтқа да жетеді. Ақ шар бар, Көк шар бар. Көп шар бар, Бес шар бар. Бұл жұмбақтың жауабы шар екенін тапқан соң, шар сөзінің басқы дыбысын бөліп айтқызу. Қатаң дауыссыз дыбыс екенін байқату. «Ш» әрпімен танысқан соң ш дыбысының баспа және жазба түрін көрсетеді. - «Ш» дыбысын ауада жазып көрейікші. Алдымен мен жазайын, содан сендер ауада жазып қайталасындар. Буындарды оқыту. Ш дыбысының айтылуына мән бергізу. «Сөз ойла, тез ойла» ойыны. Ш дыбысына сөз ойлату. Мысалы: шана, шар, шие, машина, ағаш, шымшық.. Деңгейлік тапсырмалар: Сурет бойынша заттардың аттарын жазу. Берілген сөздерді көшіреді: қасық, қант, қаймақ, қонжық. Сөздік диктант жазады: қалам, қарындаш, қар. | ||||
Сабақтың соңы 2 – 3 минут | Рефлексия. (Ұ) Кері байланыс. Ш әрпіне баланысты суреттер көрсету, оқушылар суреттегі заттардың атын атау. | ||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||
Жазылым қабілеті жоғары оқушылардан сөйлемдерді жазып, тыныс белгілерін дұрыс қоя білуі күтіледі. | Оқушыларға берілген тапсырмалар арқылы әр баланың сабақты қаншалықты қабылдағанын бақылаймын. | Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақталу сергіту сәтін орындау барысында қарастырылады. |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?