Қазақ тілі және әдебиеті 1 сынып 2 бөлім Менің мектебім Мектеп туралы әңгімелер оқу ң дыбысы және әрпі ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ ЖОСПАР
Сабақ жоспары №43
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: | Мектеп: Назарбаев Зияткерлік мектебі | ||||||
Күні:20.10 | Мұғалімнің аты-жөні :Иманбаева Н.З | ||||||
Сынып: 1А Пән: Қазақ тілі және әдебиеті | Қатысқандар:20 Қатыспағандарсаны: 0 | ||||||
Сабақ тақырыбы | 2-бөлім «Менің мектебім» Әңгіме жазу «ң» дыбысы мен әрпі | ||||||
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу) | 1.3.4.1 Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады 1.3.5.1 Мұғалімнің көмегімен қарапайым мәтіннің мазмұнын белгі, сызба, суреттер қолдана отырып жеткізеді 1.3.1.1 Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады 1.3.3.1 Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды | ||||||
Сабақ мақсаттары | Берілген тақырыпқа мұғалімнің көмегімен жай сөйлемдер құрастырып жазады. Үлгілер, сызбалар, суреттер қолдана отырып, қарапайым мәтіндер мен сөйлемдер жазады. Таныс дыбыстарды қолданып әріп, буын, сөз жазады Мұғалім көмегімен қарапайым мәтінге жоспар құрады, оған ат қояды. Ң дыбысы мен әрпін меңгерту.сөздерге дыбыстық талдау жасау.Ң дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып, дұрыс айтуға үйрету.Ң дыбысының сөздегі орнын анықтау. | ||||||
Жетістік критерилері | Оқушылардың келесі қабілеттерін бағалау: сөздердегі өздеріне таныс әріптерді дұрыс жазу; әңгімедегі басты оқиғаларды баяндау үшін үш сөйлем жазу; сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерінің арасындағы бос орынды тиісті сөзбен толықтыру | ||||||
Сөздік қор | «әңгіме», «мазмұн», «оқиға сөздері арқылы сөздік қорларын молайту. | ||||||
Құндылықтарды дарыту
| Ұжымда топтық ,жұптық жұмыс барысында досының сөзін тыңдауға пікір алмаса білуге үйрету. | ||||||
Пәнаралық байланыстар | Дүниетану, Акт пәнімен байланыстыру. | ||||||
Алдыңғы меңгерілген білім | Әңгіме жазу. Ұ дыбысы мен әрпі | ||||||
Сабақ барысы | |||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақта жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||||
Сабақтың басы | Шаттық шеңбері. Мектебің – мынау класың,Осында он жыл тұрасың.Тарыдай болып кіресің,Таудай болып шығасың Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстыру. | ||||||
Сабақ ортасы | (Ұ)Миға шабуыл. -Сендер оқитын мектеп қалай аталады? -Мектепте не бар? -Мектептің ауласы қандай? -Мектепте кімдер жұмыс істейді? Әңгімемен таныстыру Менің мектебім Мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын.Біздің мектеп үш қабатты. Мектептің ауласы өте кең және таза. Аулада әртүрлі ағаштар мен гүлдер өсіп тұр. Ойын алаңында балалар әр түрлі ойындар ойнайды. Ал мектептің ішінде сынып бөлмелері өте көп. Сондай-ақ кітапхана, асхана, спорт залы, дәрігер бөлмесі бар. Мектепте мұғалімдер білім береді. Тазалықшы апайлар мектептің тазалығын қадағалайды. «Бірлесіп жазу» Мәтін мазмұны туралы үш сөйлем жаз. Мектеп үш қабатты. Мектеп кең және таза. Мектепте мұғалім сабақ береді. (ЖЖ) Өзіңнің басыңнан өткен оқиғаны жұбыңа айтып бер.Осы оқиға ретін білдіретін сурет салу.Салынған сурет бойынша сөйлем жаз. (Қ) Сурет бойынша сөйлем жаз. Сергіту сәті «Тосын сый» ойынын ұйымдастыру Дорбада не бар екенін білгілерің келеді ме? Сұрақ арқылы тауып көрейік («Иә» «Жоқ») Жауаптарды іріктеу арқылы не екенін табамыз. (бір оқушы дорбаның сыртынан ұстап,балаларға затты ауызша сипаттап береді). -Қатты,сопақ,жұмсақ (еменнің жапырағы мен жаңғағы) -Бұл жапырақ пен жаңғақ қайда өседі? -Қандай ағашта? (суретін көрсету) Жаң-ғақ -Қандай жаңа дыбыс естідіңдер? -Бұл дыбыс қандай әріппен белгіленеді? ң дыбысы қандай дыбыс? Ң дыбысы бар қандай сөздер білесіңдер? Сөздерге дыбыстық талдау жасау. (Т)Суреттің аттарын тауып , қатесіз жаз 1-топ-Қоңырау, жаңғақ, 2-топ- ұшақ, қайың, 3-топ арыстан,алма, 4-топ шаңғы, шана 5 топ жаңбыр, моншақ Тіл ширату сәті: Жаңылтпаш айту 1 Шұңғыл шұңқыр, Шұңқыл шұңғыл. 2.Атты таң, Болма таң Дәптермен жұмыс ң әрпін жазу.Сөздерді көшіріп жазу және жалғастырып жазу жұмыстарын ұйымдастыру. Диктант Жаңа таң тоң аң жаңбыр Далада ......жауды. Орманда ..... бар. Ң- дыбысы дауыссыз дыбыс | Плакатпен жұмыс https://www.google.kz/search? | |||||
Сабақтың соңы | «Тізбек» ойынын ойнау, сол сөздерге дыбыстық талдау жасау (Қ) ң әрпі бар 5 сөз ойлап табу Рефлексия Бүгінгі сабақта өзін қалай бағалар едің? Егер өте жақсы деп ойласаң- өзіңді (адамның суреті)күннің астына жапсыр, ал орташа болса-бұлттың астына жапсыр. | ||||||
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |||||
Дифференциация іріктелген тапсырмалар, нақты бір оқушыдан күтілетін нәтижелер, оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу материалдары мен ресурстарын оқушылардың дербес қабілеттерін есепке ала отырып іріктеу (Гарднердің жиындық зият теориясы) түрінде көрінуі мүмкін. Дифференциация уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез келген кезеңінде қолданыла алады Қабілеті жоғары оқушыларға құрмалас сөйлемдер жазғызып тапсырманы күрделендіру. | Бұл бөлімде оқушылардың сабақ барысында үйренгенін бағалау үшін қолданатын әдіс-тәсілдеріңізді жазасыз «Бірлесіп жазу» дағдысын бақылау арқылы бағалау. | Денсаулық сақтау технологиялары. Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері. Осы сабақта Қауіпсіздік техникасының ережелерінен қолданатын тармақтар Сергіту сәттерін ұйымдастыру |
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?